бастауышқа берілген анықтамадан, оның жасалуынан мәлімет алу.
- Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Бастауышқа да түрлі-түрлі анықтама беріліп жүр.
1953 ж. «Қазіргі қазақ тілі» (А., 1954,413-бет) оқулығында бастауышқа мынандай анықтама берліген: «Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимлдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені – бастауыш дейміз».
- Мектеп оқулығында былай берілген: «Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» (С.Аманжолов, А.Әбілқаев Қазақ тілі. Синтаксис, А., 1989ж).
Берілген анықтамалар бастауыштың негізгі белгілерін дұрыс көрсеткен. Ол белгілер:
- Бастауыш сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін білдіреді, ол – субъектіні білдіретін мүше. Субъектіні атау, соны білдіру бастауыш мүшенің ең бастапқы әрі қазіргі негізгі қызметі.
- Бастауыш баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсіп, предикативтік қатынасқа негіз болатын мүшенің бірі.
- Бастауыш – грамматикалық бітімі жағынан басқа сөйлем мүшелерінен тәуелсіз мүше.
- Бастауыш мүшенің негізінен атау септіктегі зат есімнен жасалады. Бұлай болуы бастауыштың басты қызметі – субъектінің атауы болуына байланысты. Бастауышқа берілген анықтамалар ілгеріде аталған белгілерді қамтуына қарай түрлі еңбектерде әрқалай сипат алып жүр.
Дегенмен басты белгілерін ескергенде, бұл сөйлем мүшесіне мынандай анықтама берген дұрыс: Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз (Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. А., 1998,115)
3. Бастауыш құрамы жағынан дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар: кім? не? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай жоғарыдағы сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды. Сөйлемде бастауыштың негізгі қызмет атқаратын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер