СИНТАКСИС СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ

СИНТАКСИС- грамматиканың морфология сияқты негізгі саласының бірі. Морфологияның қарастыратыны сөздердің грамматиткалық құрылысы, сөз таптарының мағынасы мен тұлғасы болса, синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді және оның түрлерін тексереді.

СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ

Қазақ тілінде өзара байланысқан сөздер мағынасы мен байланысу тәсілдеріне қарай

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу болып 5 түрге бөлінеді:

Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі . Мыс: Мен жаза-мын . Біз жаза-мыз, ол жаза-ды т.б.

Матасу- ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы. менің кітабым, Сеніңағаң , оныңтәтесі

Меңгеру- бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен атау, ілік септіктерінен басқа септік жалғауларының бірінде байланысуы

Малды күту, мақта теру, жолмен жүру, сырттан оқу.

Табыс, барыс септіктерінде келіп меңгерілген сөздердің жалғаулары кейде айтылмайды. Мыс: шөп шабу, көлік айдау, Мәскеу бару.

  1. Жанасу – орны жағынан басыңқы сөзбен қатар тұратын атау тұлғадағы бағыныңқы сөздің алшақ тұрып –ақ еркін байланысуы.

Мыс.Қар жапалақтап жауды. Малшылар жайлаудан кеше келді.

Бұл сөйлемдерде жапалақтап жауды, кеше келді деген жанаса байланысқан сөздер . Алдыңғы сөйлемдегі жапалақтап деген сөзді бір інші орынға қойып, жапалақтап қар жауды десек те, екі сөздің өзара байланысы бұзылмайды. Осы сияқты , 2- ші сөйлемдегі кеше деген сөзді өз орнынан алып, сөйлемде әр орынға қоюға болады.

Мыс: Кеше малшылар жайлаудан кеді; Малшылар кеше жайлаудан кеді; Жайлаудан малшылар кеше келді.

Жанасудың бағыыныңқы сыңары көбінесе үстеу (әсіресе мезгіл үстеуі), көсемше кейде басқа сөз таптарынан да болуы мүмкін.

Қабысу- бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен атау тұлғада тұрып байланысуы.

Қабыса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе есім сөздерден , кейде етістіктерден де бола береді.Мыс: желсіз түнде жарық Ай, еңбекші халық, алтын салат, мына кітап, күткен күн, екі ешкі.