Сөз және оның морфологиялық құрылымы

Сөз – белгілі бір ұғымның атауы. Сөздер белгілі бір дыбыстардың жиынтығынан тұрып, ол дыбыстар буын құрайды. Демек, сөздің ең кішкентай бөлігі – дыбыс, одан кейін буын.

Сөздің қағаз, тақта беттеріне түсірілуін сөздің тұлғасы сырт көрінісі дейміз.

Сөздер жеке-жеке ұғымдарды білдіргенімен, тиісті грамматикалық амал-тәсілдерсіз,олардың көмегінсіз адам ойын жарыққа шығара алмайды. Бұлар (сөздер) грамматиканың қарамағына берілгенде ғана қарым-қатынас құралына айналады.

Тілдің грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы тексереді. Грамматика деген терминнің өзі екі түрлі мағынада қолданылады: біріншіден – тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылым, екіншіден – сөз тіркесі, сөйлем туралы ғылым деген мағыналар береді.

ГРАММАТИКА

Зерттейтін объектісі:

Сөз, сөз тіркесі, сөйлем

МОРФОЛОГИЯ

Сөз тұлғасы

Сөз таптары

Негізгі түбір

Туынды түбірЗат есім

Сын есім

Сан есім

Біріккен сөздер Есімдік

Қос сөздер

Қысқарған сөздерЕтістіктер

Үстеу

Шылаулар

СИНТАКСИС

Одағайлар

Сөз тіркесінің

синтаксисіЕліктеуіш сөздер

Қиысу Жай сөйлемнің Құрмалас сөйлем

синтаксисісинтаксисі

Меңгеру

МатасуСөйлем мүшелері Салалас

Қабысу Сабақтас

Жай сөйлемнің

ЖанасутүрлеріАралас

Жұрнақ

Жұрнақ – түбір сөзге жалғанып, оған түрлі мағына беретін қосымша. Жұрнақ екі түрлі болады: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ.

Сөз таптарына қатысты әр сөз табының өз жұрнағы болады.

Сөз тудырушы жұрнақтар

Сөз тудырушы жұранқтар сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, сөзге басқа лексикалық мағына береді, сөзді басқа сөзтабына айналдырады. Мыс: Экономикалық мәдениеттің мұнше өркендеуі ауылдың қоғамдық өмірін мүлде өзгертіп жіберді Бұл мысалдағы мұнша (-ша), өркендеуі (-кен, -де) , қоғамдық (-дық), өзгертіп (-р, -т) деген сөздердің құрамында сөз тудырушы жұрнақтар қолданылған. Осындағы –ша жұрнағы – үстеу, -кен – зат есім, —де – етістік, -дық – сын есім, және –т жұранқтары етістік жасап, сөз мағынасын өзгертіп, жалғанған сөздерін басқа сөзтаптрына көшірген. Осындай сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, басқа бір лексикалық мағына беріп, басқа сөз жасайтын жұрнақтар – сөз түрлендіруші жұрнақтар деп аталады. Сөз тудырушы жұрнақ түбіргебасқа қосымшаладран бұрын жалғанады, өзі де туынды түбір жасайды.

Орыс тілінде сөз тудырушы жұрнақтардан басқа сөз алдынан келетін префикстер бар: выход, переход т.б.

Қазақ тілінде сөз алдынан келетін байырғы жұрнақтар жоқ, тек аздаған кірме қосымшалар ғана бар: -на, -бей, -би: намарқұм, наразы, бейшара, бисаясат, беймәлім т.б.

Сөз түрлендіруші жұрнақтар

Сөз теүрлендіруші жұрнақтаржаңа сөз жасамайды. Олар түрлі грамматикалықкатегориялардыңмағынасын беріп, сол категориялардыңсөзтұлғасынжасайды. Мысалы, Қазақ арасында алғашқыжазбашежіреніекі топадамдар ғана таратты.Саба “ киелі” ыдыс саналған.Ішінде қымызы тұрса да, немесе бос болса да, оған аяқ тигізбеген. Осы мысалдардағы –ты жұрнағы өткен шақтың, -ған/-ген бұрынғы өткен шақтың -са шартты райдың жұрнақтары. Олардың бәрі сөзге грамматикалық мағына беріп, сол категориялардың формаларын, сөз тұлғаларын жасап тұр. Сондықтан олар сөз түрлендіруші жұрнақтарға жатады. Сөз түрлендіруші жұрнақтар сөздің соңына қарай орналасады, олардан соң жіктік жалғау ғана келеді.

Сөз түрлендіруші жұрнақтар орыс тілінде де бар олардан есімше, көсемше, инфинитиф, шақ жұрнақтарын атауға болады.