1.Осыған дейін де айтылғанда, «Диван» — ХІ ғасырдағы түркі тілдері лексикасының жиынтығы, соны топтастырып берген еңбек. Бүгінгі түркі халықтарының қайсысы да өз тілінің сол заманғы көрінісін «Диван» тілінен ұшырата алады. Сондықтан да бұл еңбектің лексикасын зерттеу, ең алдымен, бүгінгі бізге белгілі түркі тілдерінің тарихи – салыстырмалы лексикологиясын зерттеумен тығыз байланысты. Бұл жерде оның лексикалық құрамына жалпы шолу, оның кейбір басты – басты ерекшеліктерімен ғана таныстыру мақсат етілді. М. Қашқаридің жеке сөздерін түсіндіру тәсілдеріне қарап, мына бір жайды байқауға болады. Түсіндіріп отырған сол сөз, сол заманғы түркі тілдерінің барлығына ортақ болса, онда әлгі сөздің қай тілге тән екендігі турасында сөз болып жатпайды. Сондай сөздердің шамалап қарағанда «Диван» лексиксын ең көбі, қомақтысы сол жалпы түркілік лексика болып шығады. Егер түсіндірі отырған сөз сол заманғы түркі тілдерінің барлығына бірдей болмай, тек бір ғана халық тілінің ерекшелігі, көрініс болса онда оның қай халыққа тәндігі айтылып, ескертіліп отырады. Мысалы, оғла – жас жігіт (арғуша), етті теңірі менің шым етті (тәңірім менің ісімді ондады, жөндеді).
Қашқаридің бұл ескертпелерінің сол заманғы түркі тілдеріне ортақ лексиканы сондай –ақ әр бір жеке тілге ғана тән сөздердің ұзіын ырғасын байқаумен қатар сөздік қор жағынан бір – біріне жақын ыңғайлас тілдер тобын да анықтауға мүмкіндік бар. М. Қашқари сөздігіндегі мұндай материалды ХІ ғасырдағы түркі тайпалары тілдерін топтастырып олардың әр қайсысына тән белгілерді айқындауда зерттеушілерге үлкен жәрдем болары дәлелдеуді қажет етпейді.
М. Қашқари сөздігі жайлы сөз қозғалғанда оның ішіндегі «Оғызша», «Қыпшақша» т.б. тәрізді ескертпелерге қарап, «Оғызша» деп белгі қойылған сөздер тек қана қазіргі түрікмен тіліне қатысты, ал «қыпшақша» деп ескертілген сөздер қазақ, қарақалпақ тілдеріне ғана қатысты деп қарап, солай есептейтін пікір-байымдаулар Қашқари сөздігі жайлы жазылып, жарияланған зерттеулерде шаң беріп қалады. Мұндай байлам пікір иелері Қашқари сөздігі тарихи еңбек екендігін, оның жазылған уақыты мен осы заман арасында талай ғасырлар жатқандығын ескермейді. Әрине, бүгінгі түркмендер бір кезгі оғыздарды заңды жалғасы екендігі немесе бүгінгі қазақтар тарихы тұрғыдан қыпшақтармен ұласатындығы соның салдарынан бүгінгі түрікмен тілі бір заманғы оғыз тілінің ал қазақ тілі бір уақыттағы қыпшақ тілінің негізгі заңдылықтарын бойларында сақтағандығы ешбір дау көтермейтін мәселе.
2.«Диванның» сөздік қоырн жалпылай алып, шамамен үш түрлі топқа бөліп жіктеуге болатын тәрізді. Сөздердің едәуір бөлігінің біздің тілімізге кейбір фонетикалық, морфологиялық өзгерістер арқылы жеткені байқалады. Қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда байқалатын фонетикалық не морфологиялық ондай айырмашалықтар түркі тілдерінің даму тұрғысынан барлағанда түсінуге болатын өзгерістер, тілдің даму барысында оры алған процесстермен ұштасып жататын жайлар.
Үшінші бір топ сөздер қазіргі қазақ тілінде нақ сол күйде, сол мән мен сол тұлғада әсте ұшыраспайды. Алайда, «Диван» авторының түсініктемелеріне сүйене отырып, қазақ тілі фактілерімен салыстырып, қараса, олардың біздің тіліміздегі едәуір сөздерге, кейде сөз тіркестеріне ұйытқы болғанын байқауға болады. Мұндай фактілер тілміздегі жекелеген сөздердің тарихи құрамын ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар байырғы түбірлердің буын құрамы жайлы да ойлана түсінуге себепкер болатыны сөзсіз. Солардың кейбіріне жеке-жеке тоқталған жөн.
Қашқари тү сөзін түк,қыл, шаш деп түсіндіреді. Сонда қазақ тіліндегі түк, түбіт сөздері түбірлес сөздер, екеуіне ортақ түбір тү болып шығады. Қазіргі қазақ тіліндегі түгін қоймайды, түгін қалдырмады тұрақты тіркестерінің құрамындағы да осы түк сөзі екені айқын. ХІ ғасыр сөздігінде тү (түк) сөзі шаша, қыл мәнінде қолданылғаныны ескерсек, қазақ тіліндегі шашын жұлды, түгін қалдырмады тіркестері тарихи жағынан синонимдік параллельдер екенін байқауға болады.
«Диванда» ыш түкеді тәрізді сөйлемдер кездеседі. Баяндауыш қызметіндегі түке (ді) етістіг біздің тіліміздегі түгел сөзі байырғы (мағынасы көмескілеген) түбір (түге // түке, екі дауысты арасындағы қатаң қ дыбысының ұяңдануы) мен қосымшадан (-л) құралған болып шығады. Сөз соңындағы л кейбір сын есімдер құрамындағы (қызыл, жасыл) ұшырасатын қосымша. Сонымен қосымша рақылы есімге айналып кеткен сөзден қазақ тілі арнаулы аффикс арқылы туынды етістік жасайды ( түгелде). Түгел сөзі, осы айтылғандарды ескерсек, түгесу етістігімен түбірлес болып шығады (түге-л, түге-с).
3.Қазақ тіліндегі кісі арыды (жүдеді) дегендегі ары етістігі «Диванда» ар түрінде ұшыраса, күнадан арылды сөйлемі құрамындағы арылетістігі арытүрінде берілген. Мысалы: Алымлықығ көрү армады (алымшыны көруден арымады). Осы түбірдің етіс түрі арғуртты (шаршатты), арғуртуды (шаршаттырды) түрінде тұлғаланңан. Сөйтіп қазақ тіліндегі ары түбір мен қосымшадан не басқа бір өлементтен құралса керек. Арыды нең – нәрсе, зат тазаланды; Ер арынды – кісі тазаланды. Арын сөзінің құрамындағы-ын етіс қосымшасы екені, бастапқы түбір ары екені алдыңғы мысалдан көрінп тұр. Сыртай ұқсас осы екі түбірден ескі түркі тілінде арығ (таза), арық (арық, жүдеу, шаршаған) есімдері жасалған. Қазақ тілінде жүдеу мәніндегі арық сөзі ғана сақталған да, таза мәніндегі арығ есімі сөзі жоқ. Бұл, сірә, қазақ тілінде ғ дыбысна сөз аяқталмау заңдылығына байлансыты болса керек.
Қазіргі қазақ тілінде қарашық (көздің қарашығы), қарағым сөздері бары мәлім. Жай көздің өзіне екеуіне ортақ түбір қара екені дау туғызбайды. Алайда қарағым «қара» сын есімнің тәуелденген түрі деп ойлауға болмайды. Соңғы -ым тәуелдік қосымшасы десек, сөздің негізі қарақ екені айқындалады. «Диванда» қарақ сөздің қарашығы, қара көз мәнінде түсіндірілген: Қара қарақ (көздің қарасы, қарашығы); Оғрағым кендү йырақ, булнады мені қарақ — Барар жерім жырақ, арбады мені қарақ (қара көз қыз). Қарақ туынды етістіктен жасалған қимыл есім тұлғасы (-қ) болуы керек. Үйткені, «Диванда» қарар (қарайту) етістігі де бар, бұл әрине туынды сөз. Осы етістіктің қимыл есім тұлғасы қарарығ редукцияның нәтижесінде қарағ// қараққа айналса керек. Осыларды ескерсек, қазіргі қазақ тіліндегі қарашық, қарағым сөздері тек қана түбірлес емес, тарихи жағынан келгенде, бір-біріне синоним, мәндес, мағыналы сөздер болып шығады. Ал, бір кезгі қарар туынды етістігініңфонетикалық өзгеріске түсен түрі қарай . Сөйтіп қарай етістігінің құрамындағы аффикс ай емес-р (-ыр, ір).
Морфологиялық жағынан қарай сөзі кемір, семір етістіктерімен тұлғалас екенін көруге болады.
Ал – ала болды, алаяқ болды, алдамшы болды, дұшпан болды. Қазақ тіліндегі алдау етістігінің бастапқы түбірі олай болса, -ал, -да аффикс, байырғы түбір мен аффиксінің бірігуі арқылы жасалған туынды сөз. Қазақ тіліндегі ала көңіл, ала ауыз болды, ала қол тіркестері құрамындағы ала сөзі де осы түбірден тараған болуы керек. Сол сияқты, алалық (жасады), алалама етістіктерінің де алғашқа түбірі ала емес, ал.
Қазақ тіліндегі қа, қап, қапшық сөзі де түбір мен қосымшадан құралған деп қарауға болады: қа-п, қа-п-шық. Соңғы сөз екінші дәрежелі түбір екені күмән туғызбайды.
Қазақ тілінде таң болды сөз тіркесі, таң қалу етістігі бар. Алайда таң жеке, дербес қолданылмайды. Қашқари сөздігінде бұл түбір дербес қолданылатын сөз ретінде кездеседі.
Қашқари сөздігінде сонымен бірге то, оғул, тон қыз тіркестерін кездестіруге болады. Автор оларды тұңғыш ұл, тұңғыш қыз деп түсіндіреді. Бұған қарағнада қазақ тіліндегі тұңғыш сөзі түбір мен қосымшадан(тұң+ғыш) құралған деп қарауға толық негіз бар. Екінші жағынан, тұңғыш сөзі тың (тың жар, тың кісі) сөзімен түбірлес деп те ойлауға болар еді. Ескі түркілік еріндіктердің (сөз соңындағы) қазақ тілінде езулік қысаңдарға айналуы мәлім жай. Тоз-шаң. Қазақ тілінде бұл сөз тозаң (тоз+аң) түрінде ғана ұшырасады. Бұл сөздің о бастағы түрі тоз-тоз қос сөзінде сақталған деп қарауға болады.
Біздің тіліміздегі шыбық сөзі «Диванда» чып түрінде жазылған. Сонда бұдан байырғы түбірдің (чып+ық) соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысының ықпалымен ұяңдағанын көруге болады.
Қазақ тілінде жарамсақтану етістігі «Диванда» йарану түрінде берілген. Қылну білсе қызыл кизер, йарану білсе йашыл кизер (Қылыми білсе қызыл киер, жарамсақтана білсе жасл киер) Сонда жарамсақ сөзінің бастапқы түбірі жара (йара) деп қарауға тура келеді. –н өздік етіс қосымшасы, ал –у көсемше тұлғасы екені мәлім. Қазақ тіліндегі осы сөздің баламасы күрделіліеу. Мұнда әуелі жаңағы айтылған түбір, одан соң етіс қосымшасының кейінгі ықпалмен өзгерген түрі (н — м), содан соң –сақ қосымшасы бар. –сақ «Диванда» икемділікті, тілекті білдіретін қосымша. Қазақ тілінде сусақ (су құмар) тәрізді бірен – саран сөздер құрамында ғана кездеседі.
«Диван» тілі фактілерінің кейбірі қазақ тіліндегі қос сөздердің мағынасыз сыңарларының мәнін, кейбір тұрақты тіркестер компоненттерін түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазақ тіліндегі жылап-сықтау қос сөзінің соңғы сыңары «Диванда» дербес қолданылып, жылау мәнін берген (сығта). Немесе бұл дүниеден бас кешті тұрақты тіркесін алайық. Бас сөзі қазақ тілінде дербес айтылмайды да, қолданылмайды да. «Диванда» бас – жат, жат елдік деп түсіндіріледі. Қазақ тіліндегі бас кешу тұрақты тіркесінің мәні мен «Диван» түсіндірмесінің арасында байланыс бары айқын. Бұл дүниеден бас кешу, айналып келгенде, бұл дүниеге жат болу, жатпын деп санау айқын.
«Диван» тілінің фактілері мұндай тарихи салыстырма ізденістерге көп материал бере алады.
4.Қандай да тілдер болсын басқа тілмен ортақ болғанда, оладың лексикалық құрылымы емесе түбір сөздері, сонай – ақ грамматикалық құрылысының үйлесуінің өзі кездейсоқ нәрес емес.
Тілдің лексикалық қоры көптеген дәуірлердің нәтижесі екендігі белгілі. Көне дәуірде ортақ түркі тілі өз дамуының барсында біршеше тілег сараланды. Түркі халықтарының тілі алғашқы кезде бірнеше ірі топқа бөлініп соңынан әрбір ірі топ бірнеше бөлшекке бөлінсе, сол бөлшекетрің өзі бірнеше туыс тілдерге ыдыраған болу керек.
Сонымен түркі тідерінің ұқсастығын негізінде бұл халықтардың генетикалық тығыз байланысты болуының нәтижесі деп қарауға болады. Сол себепті қазіргі қазақ тілінің негізгі лексикалылқ қорына жататын сөздер басқа түрік тілдеріне де кездеседі. Бұл — олардың туыстық көреткштерін айқындайын факт.
Қазақ пен монғол тілдерінің қарым-қатынасты үлкен екі дәуірге бөліп қарауға болады: 1-ші көне дәуірде, 2-ші ХІІ ғасырдан кейінгі, яғни Шығысхан бастаған монғол шапқыншыларының Қазақстан менОрта Азия жерін жаулап алу дәуірі. Аталған дәуірде бұл тілдер бір – бірінің сөздік қрамына әсер етіп оны байытып отырды.
Осы тұрғыда мәселелердің бірі түркі тілдерінгдегі соның ішінде қазақ тілінде де монғол және түрік тілдеріне ортақ тұсында сөздерге негіз болған жалаң түбірлі морфемалар.
5.Түркі тілдерімен орыс тілінің арасындағы қарым-қатынастарды ғалымдар бес кезеңге бөіп қарайды. 1) кезең (І-ҮІІІ ғ.) орыс тілімен бұлғар – хазар тілдері, 2) кезең (ІХ-ХІІ ғ.) половец тілдері 3) кезең (ХІІІ-ХҮ ғ.). Ал енді орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы қатынасқа келсек дәуірленуі жағынан жалпы түркі-словян тіл аралық қатынастарының кезеңдері мен бірдей емес. Қазақ пен орыстілдерінің тарихи қарым-қатынасын кейбір қазақ ғалымдары4 кезеңге бөліп қарайды.
Словян тілдері мен түркі тілдерінің арасындағы ертеден келе жатқан алыс-беріс, ауыс-түйістерді зертеушілердің күні бүгінге дейін назарына ілінбей жүрген құбылыс – бұл тілдегі кейбір түбірлес — тұлғалас мағынасы жақын лексемалар. Мәселен: орыс тіліндегі он ест, еда, едок т.б. сөздердің элементін бөліп алып оны шартты түбір деп танып түркі тілдерінің бәрінде кездесетнін салыстырып қарасақ, бұлардың белгі бір жақындықтың барлығын байқаймыз. Мысалы, орысша: цапать, қазақша: шап беру, шап ету; орысша: тоскать, қазақша тасы; орысша толоч, толчише, қазақша талқанда, т.б. Словян халықтарының ең көне (ХІ ғ.) жазба ескерткіші «Игбрь полкы жайында сөзінен» де көптеген тіркеулрді табуға болады. Қазіргі қазақ тіліндегі бала – шаға деген қос сөз құрамында ғана кезесетін шаға сөзінің осы ескерткіште қолданылуы сол бір тығыз қарым – қатынасының айғағы болса керек.