Сөздердің өзгеру, бірімен – бірінің байланысу жолдарын, сөйлем жасау тәсілдері мен сөйлем түрлерін тарихи тұрғыдан қарастырудың мәні зор.
Орхон – енисей жазба нұсқаларында қазіргі түркі тілдерінде бар сөйлемдердің барлық түрлері де кездеседі. Олар мағынасына және айтылу ерекшеліктеріне қарай хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем. Сұрау не бұйыру мағынасында болмай, бір нйрсе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: артқы күчліг қырқ аз қаған йағымыз болты (Артқы күшті қырқ аз ханы біздің жауымыз болды).
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Мағыалық және тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес хабарлы сөйлемдер болысды және болымсыз боып екіге бөлінеді. Көне түркі тілдерінде болымсыздық мағынасы -ма,-ме және түгіл (емес) сөздері арқылы жасалады. Мысалы: Қапаған қаған түн… удыматы (қапаған қаған түн ұыйқтамады). Күнтүз олурматы (Күндіз отырмады). Бу түрк будунқа йарықлығ йағығ келтүрмедім (Бұл түрк халқына жарақты жауды келтірмедім). Он оқ беглері будунны коп келті (Он оқ бектері, халқы көп келді). Түргес қағанта көрүг келті (Түргеш қағаннан хабаршы келді). Бұл келтірілген сөйлемдердің алдыңғы үшеуі болымсыз, соңғы екеуі болымды.
Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлем текстерде сұрау ескмдіктері мен кейбір сұраулық шылаулар арқылы жасалады.
Не буың бар? (Не мұңы бар?). Неке тезербіз? (біз неге қашамыз?). Бен саңа не айайын? (Мен саған не айтайын?).Қаған му? (Қағанда ма?).
Мұнда алдыңғы үш сөйлем сұраулық есімдіктер арқылы, соңғы сөйлем му сұраулық шылау арқылы жасалып тұр.
Лепті сөйлем. Текстен кісінің әр түрлі сезімін, көңіл күйін білдіретін лепті сөйлемдер де кездеседі. Бірақ бұлардың саны сөйлемдердің өзге түрерімен салыстырғанда аз. Мысалы: Көңлұңче удыз! (Көңілше жүргіз).Аны біл! (Оы біл!). Атлат! (Аттандыр!).
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Ескерткіштерлегі бір-бірімен мағына жағыанан байланысқа түскен өз ара екі түрі жолмен (салаласа және сабақтаса) тіркеседі.
Салаласа тіркесу. Сөздепрдің бір-бірімен салаласа тіркесу өте ерте пайда болған. Бұған ескерткіштерден бірсыпары мысалдар келтіруге болады. табгач оғуз, қытан бу үчегу қабысыр (табгач, оғыз, қытан – бұл үшеуі бірігер).
Сабақтаса тіркесу. Текстерде ерекше ден қойып, мән берелік тіркестің бірі — сөздердің өз ара сабақтаса тірукесу. Сабақтаса байлансықан тіркестің құрамындағы сөздердің байланысы қазіргі кездегі түркі тектес тілдерден көп ерекшеленбейді. Көне түркі тілдерінде де сөздерқиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу жолдарымен тіркеседі.
- Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың арасында болатын байланыс. Қиысуда бастауыш қандай тұлғада т ұрса, баяндауыш сол тұлғада тұрады. Қиысу әр тұлғада әр түрді болғанымен , ескерткіште кездесетіңн бұл байланыс қазақ тіліндеші қиысу тәсілінен көп ерекшеленбейді. Мысалы: мен ертім (Мен едім). Өзүм қылынтым (өзім тәрбиелендім).
- Меңгеру – сөз тіркесінің өте ертеден келе жатқан және жиі қолданылатын түрі. Сөйлем мүшесі жағынан меңгеруші сөз баяндауыш болда да, мңгеруші сөз тура не жанама толықтауыш болады. Бұдан меңгерудің баяндауыш пен толықтауыштардың арасында болатын байланыс екені анық аңғарылады.
Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай төмендегіше жасалады.
а) Табыс жалғаулы сөз тіркестері. Табыс жалғаулы сөз сбақты етістікпен тығыз байланысты болды.
ә) Барыс жалғаулы сөз тіркестері: Табгачка йана ічікді (Табғашқа және бағынды)
б) Жатыс жалғаулы сөз тіркестері: Йантуқ йолта йеме өлті күк (Қиын жлды және көп өлуі мүмкін)
в) Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: Шығыс септіктегі сөздер басқа септіктегші сөздерге қарағанда ескерткіштерде сирек кездеседі. Біздің байқауымызша шығыс септік сол дәуірде жаңа қалыптаса бастаса керек. Өйткені, шығыс септіктің орнынам көп жерде жатыс септіктің жұмсалатынын байқалады. Мысалы: Қырқ азда йантымыз (Қырық аздан қайттық)
г) Көмектес жалғаулы сөз тіркестері: Баға тарқан бірле ілтеріс қаған болайын (Уәзірмен біргше Ітеріс қаған болайын).
- Матасу — Мұндай тіркеске енетін сөзде бірімен – бірі матастырушы граммтикалық тұлғалар – ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысады.
- Қабысу. Ескерткіште сөздер кейде бірімен –бірі ешбір жалғаусыз тұрып та байланысады. Сөздердің мұндай тек орын тәртібі арқылы байланысуын қабысу дейміз.
- Жанасу. Кейбір пысықтауыштар етістіктен болған баяндауыштармен ешбір орын талғамай байланысады. Мысалы: Ебірү түсейін (Айнала түсейін), қоды бардымыз (Төмен бардық), күнтүз олурматы (Күндіз отырмады).
Қабысудағыдай емес, жанасуда кей кездері тіркеске сөздер бір-бірінен қашықтап, арағар сөз салып та тұра береді.
Атрқты қырқ аз күчлүг қаған йағымыз болты. (Артқы қырқ аз күшті қаған жауымыз болды) деген сөйлемдегі қаған – бастауыш, жауымыз – баяндауыш, артқы күшті қырқ аз – күрделі анықтауыш. Ол сөзддердің бәрі де белгілі бір сұрауға жауап біріп, сөйлем мүшесі болып тұр.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бастауыш. Бастауыш болатын сөздер, негізінде, атау тұлғада тұрады.
Баяндауыш. Баяндауыш іс-әрекеттің иесін көрсетіп, жіктік жалғаулырдың жекеше, көпше түрлерінде тұрады.
Толықтауыш. Барсы, табыс, жатыс, шығыс және құралды септікте тұрған кейбір сөздер толықтауыш болады.
Анықтауыш. Анықтауыш зат еімнен жасалады: Темір қапығ (Темір қақпа). Түрк будун (Түрік халық).
Пысықтауыш. Текстердегі кейбір мекен, мезгіл мағынасында келетін үстеуле сөйлемнің пысықтуыш мүшесі болады.
Құрмалас сөйлем.
Ескерткіштерде де жай сөйлемдер мағыналық және тұлғалық жағынан бірімен – бірі байланысып, аяқталған күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлем жасайды.
Құрмалас сөйлемдердің шығу, қалыптасу тарихы, олардың жасалу тәсілдері күрделі де қиын мәселе. Мұның өзі алдында арнайы зертеуді керек етеді. Өйткені ол замандағы құрмалас сөйлемдердің мағына жақтарынан, тұлға жақтарынан байланысу тәсілдері де қазіргі кездегіден өзгешелеу болған. Тіл де дамып отыратын категория болғандықтан құрмалас сөйлем жүйелері де тілмен бірге дамып өзгеріп отырады. Солай бола тұрса да, орхрн ескерткіштері орнатылғалы мың жылдан аса уаықт өткеніне қарамай, ескерткіштерден қазақ тіліне жақын я ұқсас келетін көптеген құрмалас сөйлемдерді кездестіреміз. Екі үлүгі атлығ ерті, бір үлүгі йадағ ерті (Екі бөлегі атты еді, бір бөлегі жаяу еді).