Етістіктермен қарым-қатынасқа түсіп, сөз тіркесінде бағыныңқы мүше құрамында сөз таптарының барлығы да жұмсала береді. Олардың ішінде атау тұлғада тұрып, орын тәртібі арқылы қабыса байланысатындары — үстеулер (кеш келу, жоғары көтерілу т.б.), еліктеуіштер (шақ-шақ күлу), сын есімдер (жақсы оқу), есімдіктер ( кім айтты), көсемше етістіктер (сүріне-қабына кіру), кейде зат есімдер де (хат жазу). Зат есімдер негізінен, етістік сөздерге бағынып, сөз тіркесін құрағанда, оларға меңгеріле бағынады; барыс,табыс, жатыс,шығыс, көмектес септіктерінің бірін қабылдайды (әрине етістік сөздің лексикалық семантикасына қарай, соның талғауына сәйкес).
Бағыныңқы сыңары барыс септігіндегі етістік сөз тіркестері
Барыс септігі – көлемдік септіктер қатарына жатады. Сондықтан оның негізгі қызметі — іс-әрекеттің жанама объектісін білдіру, оның бағытын көрсету. Бұл септіктің осы мағыналары көне түркі дәуірінен белгілі. Дегенмен мына бір жайды ескеру қажет. Көне түркі тіліндегі барыс септік қазіргі тілмен салыстырғанда көп мағыналы. Қазіргі тілде басқа септік жалғаулары қолданылатын орындардың бір сыпырасында ескі түркі тілінде көбіне барыс жалғауы жұмсалу фактілері жиі ұшырайды. Істе, байла, көр, бұз, құй, таңбала, тіле, қыл етістіктері қазіргі тілде тек табыс септігіндегі сөздерді меңгерсе, Ү-ҮІІІ ғасыр жазбаларында олар барыс жалғауы сөзді де меңгере алатын. Бүгінгі тілде көбінесе жатыс, шығыс, көмектес жалғауы сөздерді меңгеретін кейбір етістіктер де Ү-ҮІІІ ғасыр жазбаларында көбінесе барыс жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылуы байқалады. Мысалы, айыр, тығы, босан, өтін, өз етістіктері шығыс септігіндегі сөзді меңгеретіні мәлім, ал Ү-ҮІІІ ғасыр жазбалар тілінде осы етістіктерменбарыс жалғалу сөз тіркесіп келе береді. Сондай-ақ тапыш (табыс), йапын (жамыл), қабыш (қауыш, кездес) тәрізді қазіргі тілде көмектес жалғауын керек ететін етістіктер да барыс жалғаулы сөздерді меңгерген.
Ү-ҮІІІ ғасыр ескеткіштер тілінде байқалатын мына бір жайды да ескеру орныды: оыс жазбалар тілінде барыс жалғауы – ғару және –ға түрінде шырасатыны мәлім. Осы екі түрлі қосымшаның қолданылуында кейбір шектелу байқалады –ғару қосымшасы көбінесе мекен мәнді тіркестер құрамында кездеседі де, -ға объектілік қатынасты білдіретін сөз тікестері құрамында жиірек ұшырасады.Осы ерекшелік негізінде болса керек, тілдің кейінгі даму барысында –ғару (немес –ру) – тұлғалы сөздердің көпішілігі үстеуге айналып кеткен. Бұл тұлғаның көне жазбалар тілінде үстеу сөздер функциясын атқаруы ол кезде үстеулердің әлі делексика-грамматикалық топ құрып қалыптаспағандығынан болса керек. Қазіргі тілде де барыс септігіндегі сөздер мезгілдік, мекендік мағыналарды білдіріп, қызметі жағынан үстеулерге жақындайды, ал үстеу сөздер сөз табы ретінде қалыптаспаған кезде, олардың қызметін барыс жалғауындағы сөздің атқаруы заңды.
Көне жазбалар тіліндегі тағы бір ерекшелік – барыс септікті етістік сөз тіркестерінде бағыныңқы компоненттен септік қосымшасының түсіріліп қолданылуы. М.Қашғари сөздігінен мына сықылды конструкциялар жиі ұшырасады: Атасы, анасы йарунғу болар – атасы мен анасына жағымда болар, ол йағұқ ұлады – ол жауға жақындады. Бірақ бұл жүйелі құбылыс сықылды емес. Мысалы, йатғұқ бу иатса – бұл төсекке жатса (Қашғари) тіркесіндегі йатғұқ сөзінің қай септікте екені белгісіз. Өйткені «жат» етістігі барыс жалғаулы сөзді де, жатыс жалңаулы сөзді де меңгере береді.
Бағыныңқы сыңары табыс септігіндегі етістік сөз тіркестері тарихынан
Қазақ тілінде ( басқа да түркі тілдерінде) табыс сепітіг арқылы байланысқан сөз тіркесііс-әрекеттің тура объектіге көшуін білдіреді. Сондықтан да мұндай тіркестің бағыныңқы компоненті өзінің бастапқы лесикалық мағынасының әртүрлі болуына қарамай табыс жалғауының қабылдағанан кейін тура тоықтауыш қызметін атқарады. Табыс септігін грамматикалық септіктер қатарына жатқызудың өзі осыдан. Сөйтіп бұл үлгідегі бағыныңқы сыңар қызметін атқарып тұрғансөз міндетті түрде грамматикализацияланады, осыдан оның лексикалық мағныасы екінші қатарға ысырылады. Мұндай сөздердің меңгеретін етістік – сабақты етістік. Мысалы, «кітапты оқыдым», «қаланы араладым» деген тіркестегі лексикалық мағынасістің объектісі болуға бейім сөз – «кітап» сөзі. Ал «қала» сөзі бұдан басқашарақ. Ол кеңістікті, іс-әрекеттің мекенін білдіруге ыңғайлы, мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалуға бейім тұрады. Атау, ілік септіктерден басқа септіктер басқа септітер формасында сол қызметті атқардады да. Осыған қармастан бұл сөзге табыс жалғау жалғанғанда, тек ғана тура объектіні білдіреді. Осындай сөз тіркестеріндегі табыс септікті сөздің бұл мәні және қызметі тілдің тарихи даму барсында өзгерместен келе жатқан құбылыс деп қарауға болады.
Көне тілдің құрлымындағы бұл үлгінің қазіргі тілдегі осындай құрлыммен ұқсастығы айтылады. Сонымен бірге мұндай конструкцияларда кейбір айырмашылықтар да байқалады. Ескі түркі тіліндегі табыс септікті сөздерді сабақты етістіктерменқабат салт етістіктер де меңгерген, сөйтіп бұл тұлға басқа септіктер мағынасында да жұмсалған. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінде мына етістіктер мына етістіктер жасаған: кел, де (ти), бол, айырыл, тарқа, көрін, елсіз қал, отыр т.б. Соған лайық, табыс жалғаулы етістік сөз тіркестері тек қана ттура объектінің іс-әректке қатысын білдіріп қоймай, істің орны-мекенін, бағытын білдірген.
Етістік сөз тіркесінің құрамында табыс жалғауының ашық не жасырын келуі- тюркологияда қашаннан талас туғызып келе жатқан мәселелердің бірі. Көне түркі тілдеріндемұның екі түрі де қолданылады. Дегенмен қазіргі тілдегі қолданыспен салыстырғанда көне тілде бірқатар ерекшеліктер байқалады. ХІ ғасыр ескерткіштерін зертеушілер «Құдаткү білік» пен «Дван луғат ат түрк» тілдерінде мынандай» орындарда табыс септік жалғауларының түсіріліп қолданылатынын айтады: егер табыс жалғауды қабылдайтын сөздің семантикасы мен функциясы айқын болса: Мунун шүкри сен қыл Мұның алғысын сен ал, Ол еккі ер кікчүрді Ол екі ерді кектестірді. Өйткені жоғарыда келтірілген мысалдар табыс жалғауының сөз мағынасының айқын жағдайында да түсіріп айту мүмкін емес.
Қазақ тілі бүгінгі қалыпқа талай дәуірдібасынан өткізіп жетті. Олай болса көне дәуірқұпиясын елестететін кейбір құбылстардың тіліміздесақталып қалуы заңды да . Осындай табыс септікті етістік сөз тіркестерінің бір кезде полифукциялы болғандығынан хабар беретін кейбір реликтілер қазіргі тілімізден де ұшырасады: бұрышты айналды – бұрыштан айналды- бұрышпен айналды, өзенді өтті — өзеннен өтті — өзенмен өтті тіркестердің синонимдес екеніне ешкім дау айтпайды.Осындай табыс септіктің шығыс, көмектес септіктермен мәндес айтылуы олардың өздерінің қызметінің сараланбаған кезеңінен хабар беріп қана қоймайды, сонымен бірге, осы сөздеі меңгеретін етістіктер семантикасының да бір кезде диффузды болғанын көрсетеді. Айта кететін бір жай қазіріг тілдімізде мұндай құранды сөз тіркестеріндегі табыс жалғаулы сөздің бір ерекшелігі мынадай: табыс жалғаулы сөз тура объектілік қызметте жұмсағанмен, ол сөз бастапқы мекендік – орындық семантикасынан мүлде ажырап қалмайды: өзенді өтті тіркесінің мағынасы мен мұнараны көрді тіркесінің семантикасы олардың объектілік қатынасты білдіруі бірдей емес.
Сонымен, құрамында табыс септігіндегі сөздері бар етістік сөз тіркесінің қалыптасу тарихында негізгі екі мәселе айқындалады; етістік семантикасының салттық және сабақтылық мәндерінің ажырауы, саралануы; 2) осының негізінде табыс сепітгінің тек қана іс — әрекеттің тура объектісін білдіретін болып қалыптасуы.