Салт және сабақты етістіктердің қазіргі дифференциялық белгілері тарихи ежелгі құбылыс пас дейтін сұраққа жауап беруде мынадай екі ерекшелікті ескеру керек: біріншіден қазіргі тілімізде қолданылатын бір сыпыра етсітік түбір күйінде әрі салт, әрі сабақтылық мән береді. Ондай етсітіктердің қай ыңғайда айтылғандығы тек сол контекс құрамында ғана айқындалады. Екіншіден салт және сабақты етістіктер (лексикалық тұрғыдан) бірінен екіншісіне ауысып жатады. Ал мұндай ауысулар етіс қосымшалары арқылы іске асады. Мұның бәрі бір жағынан салт, сабақтылық категориясы мен етіс категориясыныңтығыз байланыстылығын танытса, екінші жағынан сабақты және салт етсітіктердің өздеріне ғана тән арайы морфологиялық фарманттары жоқ топтар екеніні көрсетеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі: оқы, жаз, ұрыс, жүр, айнал, өт, ойна, қақ, жүз, т.б. етістіктер әрі салт, әрі сабақты қызметінде қолданыла алады: оқы-кітапты оқы, кітаптан оқы; жаз – қағазды жаз, қағазға жаз, т.б. Сөйтіп бір ғана етістік әрі табыс жалғауын, әрі контекстікқоршауға қарай барыс, шығыс т.б. септік жалғауын керек ететін болып шығады. Егер осы тәрізді фактілерді жалпы түркі тілдері аясынан іздестірсек немесе көне түркілік ескерткіштері фактілерімен салыстырсақ молая түседі.
Қашқари да бір ғана етістіктің бірде салт, бірде сабақты мәніде жұмсалуына едәуір фатілер келтіреді: үстерді – ол меңе үстерді – ол мені жеңуге тырысты… Ічтүрді – ішкізді-ол меңе сув ічтүрді- ол маған су ішкізді. Бұл фактілер бір жағынан ХІ ғасырда сабақты және салт етістікжітелген категориялар болғандығын көрсетсе, екінші жағынан қазіргі тілдегі тәрізді бір ғана етістіктіңбірде салт, бірде сабақты мәнінде қолданылуы да едәуір кең етек алған құбылыс болғанығын дәлелдейді. Қазақ тіліндегі кейбір етістіктерді басқа түркі тілдеріндегі немесе ескерткіштер тіліндегі етістіктерді басқа түркі тілдеріндегі немесе ескерткіштер тіліндегі сондай сөздермен салыстырып қарағанда, олардың біздің тілімізде сабақты болып жұмсалуы қосымшалар арқылы болғандығын байқауға болады. Қазақ тіліндегі қана сөзі (қан-а) тек қана салт етістік, ал оның сабақты түрі қанат. М. Қашқари сөздігінде — қана осы тұлғасында әрі салт, әрі сабақтылық мәнде ұшырасады: ер бурны қанады – салт етістік, ол атын қанады — сабақты етістік. Еркеле – қазақ тілінде осы тұлғасында тек қана салт етістік, ал сабақталақ мән – еркелет тұлғасы арқылы беріледі. Бірақ бірсыпыра түркі тілдерінде еркеле (-тқосымшасыз) тұлғасы да сабақтылық мән беретін көрінеді (телеуіт, алтай, ескі шағатай тілдерінде).
Етіс формаларының дамуы. Өзіндік етіс қосымшасы ескерткіштердің қайсысында да –н түрінде немесе тұбір сөз дауыссыз дыбысқа аяқталса, қысаң дауыстылармен (-ын,-ін, -ун, -үн) қолданылған. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткішиер тілінде -н аффиксі мынандай орындарда жұмсалған: өзінің тура мәнініде, яғни, іс-әрекет иесін сөйлеушінің өзі екендігін білдіреді; өзім сақынтым… анча сақынтым (өзім қайғаландым…. қатты уайымдадаым). Кейде ырықсых етіс мәнінде берген: не басыналым, тегелім тідім.Несі бар, басып аламыз, шабамыз-деді. М.Қашқари –н аффиксінің мынандай мағыналық қолданысын айырып көрсететді: «бірінші басқалардың жәрдемісіз істеушінің бір өзі істегеніін аңғартады… ол евге барыңды –ол үйге барды және ол асы татынды – ол астан татты. Екінші істі істеуіші ешкімнің жәрдемінісіз імті өзі істегенін білдіреді: ер алымын алынды –қарыз берген адам қарызын бір өзі өндіріп алды. Ол тарығ тарынды – ол өзі үшін жалғыз өзі егін екіт. Етістік бұл мағынада өзіңе, өзі сөздерімен бірге қолданылу керек… Бұл ретте л мен н әріптерінің орнына бірі алмасуы да кездеседі. Мысалы, бітік бітілді яки бітінді дегендегі екі варианттың екеуі де бірдей. Мазмұны да бір — кітап жазылар деген. Бұл етістіктердегі л де, н де ырықсыз етіс белгісі. Төртінші, жоғары мағыналарды бермей, өзінің тура мәніндегі етістік сипатында қолданылады: теңріге тапынды- құдайға құлшылық етті, теңірге сығындым – құдайға сиындым».Қашқари көрсетіп отырған бірінше қолданыс қазақ тілі говорларында да ұшырасып отырады.
Ү-ҮІІІ ғасыр жазбалар тілінде сирек, ал Қашқари сөздігінде қалыптасқан тәсіл ретінде -қ, -к (-сық, -ық) аффикстері ұшырасады. Ұйғыр жазуының ескерткіштерінде: оқын урсуқмыш «оқпен ұрылған».
Ескі, жаңа түркі тілдерінде ұшырасатын бұл фактілер ырықсыз етіс қосымшасының етіс мәнін туғызатын арнайы грамматикалық формант болып, кейін тілдің өсу, даму дәуірлері бойында қалыптасқанын дәлелдесе керек.
Етістік жасайтын аффикстер
Көне ескерткіштерін тілін қазіргі тіл материалдарымен салыстырып қарасақ, қазіргі сөз жасау тәсілдері түгелімен дерлік ескерткіштер тілі құрамында да ұшырасады. Өзгеріс көбінесе тек аффиксітің мәніне, оның басқа бір күрделі аффикске негез болуна немес бір аффикстің варианттары қолданыла келе әр түрлі мән-мағынаға ие болуына, кейде керсінше шығу тегі жағынан әртүрлі аффикстердің мағыналас болып тұрақталуына әкеп соғады. Кейде бір ғана аффикстің әрі есім түбірге, әрі етістік түбірге жалғанып, туынды етістік жасағандығы да байқалады. Сөйтіп бұрын сөз болған есім мен етістіктердің синкретизміне негізделетін аффикстердің омонимиясы белгілі бер тарихи кезеңнің куәсі көзге түседі.
Қазіргі қазақ тілінде -сы, -сі аффиксі есім түбірге де, етістік түбірге де алғанатын қосымша. Бірақ есімге жалғануы мен етістікке жалғануы бір дәрежеде емес. Есімге жалғанатын –сы аффиксі туынды етістік жасайды және одай етістікұқсастыру мәнінде қолданылады. Ал етістік түбірге жалғанып жаңа сөз жасамайды, бірақ модальдік мән туғызады.
-сы аффиксі шығу, қалыптасу негізі жағынан да, мағынасы жағынан да орайлас жататын аффикс –сыра. Орхон – Енисей жазбалары тілінде қағансыра т.б. етістіктер ұшырасады. Қаіргі біздің тілімізде де қансыра, жалғызсыра тәрізді есім туынды етістіктер жасайды. – сыра афффиксін туынды сын есім жасайтын –сыз аффиксімен жақындастыруға да негіз бар. –сыра аффиксі үш түрлі элементтен: -сы,-р, -з, -а құралған. Соңғы –а кейін жамалған, етістік жасайтын аффикс. Екінші элементке келсек, қаіргі түркі тілдері арсында да, тарихи тұрғыдан да р-з сәйкестігі бар екенін еске алу керек болады.
Есім түбірден етістік жасайтын ежелгі аффикстердің бірі –қар, -гер. Ү-ІХ ғасыр жазбаларыда башғар, ішкер (басқару, ішкерілету) тәрізді туынды етістіктер ұшырасады. М.қашқари сөздігінде суМ.қашқари сөздігінде суғар, отғар (жайылу, оттау), түзгер (түзелту), т.б. еістіктер келтіріллген. Қазақ тілінде кейде бұл аффикс — ар түрінде де айтылады: -суғар –суар, теңер-теңгер.Мұндай фактілер етістік жасайтын –ар аффиксі мен – ғар аффиксі о баста бір тұлға екендігін көресетді. –қар және –ар аффикстерінің этиаологиялық бірлігін түркі тілдері арасында ұшырасатын мынадай фактілер де қостайды: сарар – сарғар –сарғай, тазар-тазғар. Мұнда бір ғана аффикстің үш түрлі вариантын көруге болады. Екі түрлі фонетикалық құбылыс байқалады: ғ-ның түсіп қалуы және р-з-й. Қашқарида «тон қарады, ер евін кеңірді» және «мен оны тозғұртым» тәрізді фактілер кездеседі.
Сөйтіп қазақ тіліндегі -ар (-ер, -ыр, -ір) аффиксі барлық жағайда да –ғар (-ғыр) аффиксінің тарихи варинанты деп қарауға келе бермейді. –ғар қосымшасының қазақ тіліндегі тарихи варианты бірде -ар (ер,-ыр) болса, -а (-е, -ы, -і) болуы да мүмкін. Екінші жағынан, кейбір сөздер –ар аффиксінің әбден қалыптсақан. Осы күйге түсікен кезеңінде жасалуы мүмкін.