а) Көсемше. Көне түркі тілінде көсемшелік тұлғалар қазіргіден сан жағынан көп болған.Олардың кейбірі сақтаолмағаны, бірен-сараны жеке сөздер құрамында «өлі» элементтер түрінле ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімнің құрамыдағы –ты 5-8 ғ. көсемшелік форман және осы шақты білдірген: қатығды –қатды-қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол яиқұты, сайын, тағы, дейін, шейін, тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (5-8ғ.) қолданылған -ы,-и көсемше форматтарының ізін көруге болады.
5-8ғ. ескерткіштерінле көсемшенің мына тәрізді форматары қолданылған:
1) –а, -е, -уча, -тута, -й, -ы, -ти, -алы, -п,-пан, -пен: Орта ғасыр ескекрткіштерінде де кейбір өзгерістермен осы тұлғалар қайталанады. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде бұлардан басқа -ған, -ген , -мадын, -мазын, -майын. Алтын орда ескерткіштерінде -ғанча, гінче тұлғалары да ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше тұлғасы дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндаушы қызметінде содай-ақ әртүрлі көмекшісөздермен форматтармен біртіркес құрамында қолданылған. Көрсетілген көсемше форматтарын шақтық мән білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері: -а, -е, және –ы, й, -ч, -ты өткен шақ көсемшелері –п, -пан және мақсат көсемшесі -ғалы деп топтастыруға болады.
Қазіргі қазақ тіліндегі мпақсат көсемше деп аталып жүрген -ғалы тұлғасы ескерткеіштер тілінде екі түрлі мәнде — мақсат және істің басталар моментін білдірген. Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сақталған. –ғалы қосымшасы құранды –ғалы көсемшесінің екі түрлі қызметі екі түрлі қызметі екі түрлі морфологиялықтұлғадан құралуына байланысты –ғалы қосымшасының алғашқы элементібарыс септік жалғауы да соңғы –лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. –ғалы тұлғасы әдеттеістің басталуына мен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді.
Орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын –матын, -мадын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде сақталмаған. Тарихи жағынан бұл күрделі –ма етістіктің болымсыздық афиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын, көсемшелері.Бұл афикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін қанай жағдайда істелгендігін білдірген. Қазіргі қазақ тілінде –май,-мей тұлғасы бертін келе қолданылған. Орта ғасыр ескерткіштер тілінде де бұл афикс бірде толық түрінде (-майын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қаза тілінде толық түрі – майынша күрделі афикісінің құрамында ғана ұшырайды.Соңғы мезгіл мәніндегі –ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде ұшырасады. Соңғы ша қосымшасының ықпалы мен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.
а)Есімшелер. Көне түркі тілінде есімшелік тұлғаларда сан жағынан әлде қайда көп.Кейде морфологиялық тұлғалар бір қызметте қолднылған. Бұған қарағанда тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасында шоғырлануы себеп болған болу керек. Қазіргі тілімздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи дамуы барысында болғаносындай процеспен байланысып жатады.
Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форматтар қазіргі түркі тілдерніде сол күйінше қолданыс тапса, бір тобы жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған. Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форматтарының кейбір басты ерекшеліктері мынандай: -мыш. Орхон-Енесей жазбалары тілінде сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен) қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффикісінің қызметін атқарған.
Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін -ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді. Бірақ, ХІ ғ. Қашқари сөздігінен бастап өте жиі қолданылған формант.Қашқари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін форманттың бірі деп пайымдайды. Алайда оның түсіндіруінше –ған тұлғасы істің дүркінділігімен байлансыты ұғынатын формант.
б) Қимыл есімі –ғу, гу Қашқари еңбегінде бұл форматтың екі түрлі қолданылуы көрсетілген: бір жағынан, ал-ғу форматын есім орнына қолданылатын етістік деп түсіндіреді. Екінші жағынанесімдермен изафет құрайтындығын көрсетеді.
Орхон-Енесей жазбаларында, сол сияқты кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілдерінде –ш (-ыш, -іш) –я ( ын,ч, -інч) қимыл есім форматтары жиі кездеседі.Алайда бұл екеуінің арасындағы лексика-грамматикалық шек айқын емес. Морфологиялық ерекшелігі – алдыңғы аффикс етістіктің таза, қосымшасыз түбіріне тікелей жалғанады да, соңғысы –н тұлғалы, яғни ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып жалғанады. Қазіргі қазақ тілінде бұлардың екеуі де фонетикалық өзгеріске ұшыраған: ш-с, я-ш, алыс, барыс, жатыс, шығыс, қалыс, келіс, өкініш, сағыныш, сүйініш тәрізді сөздер осы екі тұлғалық негізнде қалыптасқандар.