Қазіргі қазақ тілінде жіктеу есімдіктері деген атпен бес түрлі сөз біріктірілетіні мәлім: мен, сен, ол, біз, сіз. Үшінші жақ жіктеу есімді жекешеде де, көпшеге де ортақ. І-ІІ жақтық жіктік есімдіктерді салыстыруп байқағанжда жалпы түркі тілдерінде ортақ –м // б дыбыс сәйкестігі деуге болады. соған қоса жіктеу ечсімдіктерінің жеке жіне көпше түпрлірінің арсаныдағы айырмашылық тек қана соңғы –н (жекеше), -з (көпше) элементтері екенін көреміз. Бұдан шығатын алғашқы қорытынды –мен, мен есімдіктерімен құрамындағы –н о баста түбірдің құрамында болмаған пікір.
Мен, сен есімдіктерінің құрамындағы –н, қорыта келгенде, түркі тілдерінің басым көпшілігінде айтылады, түркі тілдерінің ішінде бұл құбылыстан жырақ қалған – чуваш тілі. Ал монғал тілдерінде сондай-ақ алтай тілдерінің басқа да тоатарында осы –н элементі кейде айтылмау фактісі кездеседі екен. Мұны өзі зерттеушілердің арасында –н элементі тарихи өте көне дәуірде монғол тілде түсін қалған дейтін пікірдің туына себеп болды. Алайда түркі тілдерінің материалдарын салычстыра қарастыру мен, сен сөздірінің құрамында –н элементінің пайда болыуын тарихи тұрғыдан жаңа құбылыс деп қарауға да тиянақ болады. Н.А.Баскаков бұл элементті қазіргі тіліміздегі ілік септік жалғауымен байлансытырады. Оның айтуында, ілік септік тұлғасының алғашқы негізі нен (зат, нәрсе, негіз) сөзі қолдданыста әр түрлі фонетикалық сипатталған, соның әбден қысқарған түрі, яғни –н осы есімдіктер құрамында сақталған. Ілік септік тұлғасы мен, сен есімдіктерінің соңғы – н элементі алайда жақын формалар екенін көрсететін тағы бір факт: мен, сен есімдіктері ілік септікте қазіргі тілде менің, сенің түрінде айтылады. Мұндағы ілік септік тұлғасы – ның. Сонда септелетін ме-, се- болып шығады.
Жіктеу есімдіктерінің ІІІ жағы болып табылатын ол сөзіде алдыңғы ізбен ол — л тәрізді құрамы бөлшектерге бөліп қарауға болар еді. Соңғы –л элементі осы есімдіктің септелетін негізінде кездеспейді. О – ның, о – ны т.б. ал көмектес тұлғасы онымен түрінде айтылғаныамен, -ны морфемасын ілік септіктің қысқарған түрі деп қарау керек. Оның бер жағынад сілтеу есімдік мәнінде жұмсалғанда ол сөзі тек о түрінде айтылуы да кездеседі: О жақта, о үйде, о не т.б. түркі тілдерінің бір сыпырасында мысалы азербайжан, түрк, өзбек тілдерінде ІІІ жақ жіктеу есімдігінде –лы айтылмайды. Сонымен ол есімдігінің арғы бастапқы түбірі –о деп қарауға толық негіз бар.
Біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы –з элементі жайлы айтылып жүрген пікірлдерді екі топқа бөлуге болады. зерттеушілердің біразы бұлардың алғашқы түбірі –бі, сі деп қарайды да соңғы –з бір кезгі екілікті білдірген қөосымша деп есептейді. Мүұнда біз сөзі бір кезде мен жжәне сен дейті мағынада қолданылған болып шығады. осы тұрғыдан келіп –з ауыз, көз, егіз тәрізді сһөздер құрамындағы –з мен салыстырылады. Бірсыпыра зерттеушілер біз сөзінің осы тұлғасының қалыптасуын мынадай схемамен түсіндіреді бі-с, біз, сі –сіз. Бұл пікірді ұсынушыларда екілік идеясын берумен байланыстырады. Алдыңғы пікірден айырмашылығы: алдыңғылар –з екілікті білдірген қосымша деп қараса, соңғылар екі сөздің бірігуінен, соның салдарына ілгері ықпал заңдылығына сәйкес –с ның-з-ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп қалып бүкіл сөздің ықшамдалуы деп есептейді. Соңғы пікір сөз құрасында болуыға мүмкін өзгерістерге негізделгендіктен жіне сөздің лексикалық мағынасымен үйлесіп жататындықтың дәлеледі, тәрізді. Тек бұл жағдйда біз, сіз сөздерінің сөз құрасмындағы –з элементімен бірдей деп тануға ешқандай негіз болмай қалады.
Сөздердің семантикалық орайлас, ұялас болуы көбінесе олардың генезистік салдары болып отырады. Сондықтанда жіктік есімдіктері мен сілтеу есімдіктері пайда болу, қалыптасу негізі жағынан бір – біріне байланысты болу керек дейтін пікір үстем. Н.К.Дмитреев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктері екі түрлі мағыналық топқва жіктейді. Оның айтуында, сілтеу есімдіктері алыстық пен жақындықты білдіруде көлемдік және мезгілдік мәнде екі топқа: бұл және ол болып жіктеліп отырады. әрине, қазіргі түркі тілдерінің актілері мынаны дәлелдейді: ең алдымен заттың көлемдік орналасуына қатысты болып келетін мағына – сілтеу есімдіктерінің алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде, сол мағыналық қолданыстың дамуынан барып, мезгілдік мән, заттың мезгілдік мерзімде орналасуы шықса керек. Дмириевтің бұл пікірін қазақ тілінің мынадай фактілермен түсіндіруге болар еді: бұл – қасында, жанында тұрған, орналасқан зат, көрініп тұрған зат, ол – алыста, көрінбейтін, бірақ бар екендігі анық зат. Осы екі түрлі сөз арқылы берілетін, екі түрлі мағыналық топ одан әрі дамығанда мына тәріздес болса керек: бұл, мынау, осы, осынау және ол, сол, сонау, анау, ана (жақта). Мағыналық қолданысы жағынан осы екі топтың әрқайсысы өз ішінде бір – бірімен орайласып жататыны рас. Бұл кісі, мына бала, осы адам, осынау төбе тәрізді қолданыста, мына, бұл, осы, осынау есімдіктері бір – біріне жақын, жалға орналасқан адамды білідіретінін тәрізді, бұл уақыт, мына кез, осы уақыт тәрізді құрамында да олар бір – біріненалшақ кетпейтін уақыт кезеңдерін білдіреді. Мұның бәрі сілтеу есімдіктерінің екі қолданысы да орайлас, бірі екіншісінен туып жататын салдар деп қарауға мүмкіндік береді. Сонымен, сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о баста екі сөздің негізінде пайда болған. Ол сөздер: бұл және ол. Н.К.Дмитреев теориясын еске алсақ, бұл сөздер о баста заттардың көлемдік орналасуына байланысты қалыптасқан. Ал сілтеу есімдіктерінің басқалары бұл және ол сөздерімен семантикалық орайластығын, көлем мәнінде де, мезгіл мәнінде де бір – біріне мағыналастығын ескерсек, оларды сол екі сөздің әр түрлі фонетикалық және грамматикалық өзгеріске түскен тұлғалары деп олардың сыртқы пішіндерінің ұқасатығы да дәлел бола алады. Мына сөздерді өзара салыстырып көрейік: бұл, мына және ол, ана; бұлардан түрлі тілдерінде кездесетін кейбір дыбыс сәйкестіктерін көруге болады.: б-м, ұ-ы, о-а. Әрине, бүгінгі тіліміздің фактілері негізінде сілтеу есімдіктерінің бойынан кездесетін тұлғалық ерекшеліктердің барлығын бірдей түсіндіріп беруге мүмкіндік бола бермейді. Олардың өзара ұялас, тұлғаластығын біршама болса да толық түсіну үшін басқа түркі тілдерінің материалдарымен және тарихи фактілермен салыстыра қарастыру керек болады.
Бұл есімдігінің арғы түрі қандай болған, яғни, соның құрамындағы –л о баста түбір құрамында болған ба, әлде кейін қосылған қосымша ма дейтін мәселе түркологтарды көптен ойландырып келеді. Оған себеп болатын осы сөздің сөз тіркестері құрамында кейде соңғы –л-сыз айтылуы. Қазіргі қазақ тілінде бұл жақ, бұл кез, бұл кісі деп, — л-сіз айтылу норма екені белгілі. Ал қазіргі түркі тілдерінде осы сөздің айтылу пішінін мынандай: қырғыз – бұл, башқұрт – был, өзбек түркімен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде – бу, тува тілінде – бо, хакас – пу, шор – по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде соңғы –л-сіз айтылады, яғни қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Көне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында – л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі нақ осы күйінде екі түбірдің бірігуінің нәтижесі болса керек. Көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктерінің қабаттасып, бір қызметте қолданылуы ұшырасады.
Қазіргі қазақ тіліндегі сана, сонау есімдіктерінің жасалуы да нақ осы тәсіл арқылы жүрген. Тек бұл жерде ош және ан элементтерінің бірігіп қалыптасуын көру дұрыс. Әйтпесе, сона, сонау сөздерінің құрамында л емес, н дыбысының айтылуын дыбыстық үндесу заңдылығымен түсіндіру мүмкін емес.
Осы, осынау есімдіктері де ош және о есімдігінің тіркесінен қалыптасқан. Қырғыз тілінде есімдік ушул, ушу түрінде айтылса, башқұрт тілінде ошо түрінде айтылады. Тағы да бұл ретте қырғыз тіліндегі ушул тұлғасын ең ескісі деп негізде алуға болады. Қырғыз тіліндегі тұлға уш+ул – құрама бөліктеріне ажырайтыны анық. Радлов қазақ тіліндегі осы сөзін ошбу деп этимологиялаған. Біздің байқауымызша, Радлов сол дәуірдегі кітаби тіл құрамында көп қолданыс тапқан үшбу сөзімен байланыстырған тәрізді. Анығында, қырғыз тіліндегі ошу сөзіне берілген этимологиялық қазақ тіліндегі осы сөзіне келер еді. Қырғыз тіліндегі ошу сөзін былай талдайды: ош-у. Егер қазақ тіліндегі осы сөзін, Радлов айтқандай, ош-бу деп қарағанда, ортаңғы – б дыбысының түсіп қалуын ешбір заңдылыққа сыйғызуға болмас еді. Ош сөзі мен о сілтеу есімдігінің тіркесінен құралғандығын қырғыз тіліндегі ушул сөзі де дәлелдейді. Сөз соңындағы –л-дің факультативті элемент екені қашанда белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былай деп қарауға дәлел бар: ош-ол//ос-ол//ош-о//ос-о//ос-ы. Сөз соңында еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тілінде әсте жат құбылыс емес.