Қазіргі қазақ тілінде тын, қарт, қария, айт, кел, кет тәрізді әр түрлі грамматикалық кластарға жататын сөздер – (жалаң түбір) деп танылады да, айтыс, келіс, кетіс, қарттық, тыныш тәрізді сол түбірлерден әр түрлі аффикстер арқылы жасалған сөздер туынды түбірлер немесе туынды сөздер деп қаралады. Осы сөздерді өзара салыстырғанда, олардың өз арасында да кейбір алшақтықтар кезедестіндігі байқалады. Мысалы, қарт, қария, кәрі- бұл үшеуіне ортақ морфема қар,-т, -йа,-і белгісіз қосымшалар, түбір құрамына қатысы жоқ элементтер айт, айты, айқай, ортақ түбір ай-, сонда айтыс сөзінің құрамындағы қосымшалар ыс және т элементі, ал айқай алдыңғылармен түбірлес екені мағыналық байланысынан көрінеді.Кейде бір-бірімен тікелей мағыналық байланысы жоқ сөздерді салыстыру арқылы да ортақ түбірді ажыратуға болады: кел, кет, кері сыртқы өзгешелік бұл сөздердің соңғы дыбыстарында ғана, ал алғашқы бөліктері бірыңғай (ке-), қал,қайт, қайыр етістіктерін өзара салыстырған да алдыңғы морфемалар бірыңғай (ке-), қал, қайт, қайыр етістіктерін өзара салыстырғанда да алдыңғы морфемалар бірыңғай да (қа-),-л, (й) т-, (й) ыр морфемалары ғана өзгеше болып шығады. Бұл фактілер кейбір антонимдік қатынасты сөз парларының қалыптасуы да белгілі дәрежеде арнаулы аффикстер арқылы болғандығын көрсетеді. Қысқасы, осы аз ғана фактілер тобына жасалған талдаудың өзі де қазіріг тіл нормалары бойынша бөліпжаруға келмейтін жаңа түбір деп қаралатын сөздердің едәуір тобы «мағынасыз» түбірлер мен «белгісіз» қосымшаларға ажырайтыныдығын көрсетеді.
Бір түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға айналып кейін осының тұрақты құбылысқа айналған. Қазіріг тілдегі екі буынды байырғы түбірлердің көбісі-ақ жай көздің өзінде де байырғы түбір мен қосымшаға ажырайды. Мысалы, аршы, ашы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек есімдерімен және айыр етістігімен слыстырғанда, ортақ түбірлер -ар, -аш,-ай, -үр шығады.
Басқа тілдердегі әдеттегі ашық дауыстыдан , якут тілінде езулік ашық созылыңқы дыбыстан басталатын біраз сөздер чуваш тілінде й протезалық дыбысынан басталады: якут, аат, басқа тілдерде ат , чуваш: йат (ят), якут: иис, басқа тілдерде із, чуваш: йер (р-з). Сөйтіп (байырғы) созылыңқы дауыстылар жайлы мәселе байырғы түбірдің фонетикалық құрылысы жайлы мәселемен тығыз байланысты. Тағы бір фонетикалық өзгешілік- чуваш тіліндегі дауыстылардың алдынан айтылатын й. Чуваш тілінің маманы В.Г.Егоров мынадай фактілер келтіреді:
йух – ақ,йене-ін, тартар: өн,
йывар – ауыр,йывач – ағаш,
йыта – ит (ійт), тува: ыт,
йал – ел, алтай: ал.
Бұл салыстырудан мына ерекшеліктер байқалады: ең алдымен, қазақ тілінде ашық буыннан тұратын не басталатын сөз чуваш тілінде бітеу буынды түбір (йух, йал) болады. Алайда чуваш тілін зертеушілер бұндай сөздердің абсалют басындағы й дыбысын протеза деп түсіндіреді. Екіншіден қазақ тіліндегі сөз ортасында айтылатын ғ дауыссызына в спиранты сәйкес (йывач-ағаш). Ал йыта – ит сәйкестігінде чуваш сөзі дауыстыға аяқталады(-а).
Сонымен қатар көне түркі жазбалары тіліндегі у,о дыбыстары чуваш тілінде көп сөздер құрамында езулік ы қысаң дауыстысына айналып кеткен: тын (тут), ывал (ұл), ыйха(ұйқы). Делабиализация процеснің бұл көрінісі, сонымен бірге, ұ, ө дыбыстары чуваш тілінде редукцияланған, қысаң дыбысқа айналған.
Түбір құрамындағы тарихи фонетикалық өзгерістер. Әрбір процесс тілдің негізіг салдарын қамтыса да, оның кейде ескі ізін де сақтап қалатыны болады. Тілдің белгілі бір өзгеріске ұшырағандығы да сондай есік қалдықтарды салыстыру арқылы дәлелдене алады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі сияқты, қазақ тілі де көне түрікілік ғ, г, д, б дыбыстарының дауысты дыбыстармен тіркесі дифтонгілерге айналған тілдер тобына жатады. Бірақ қазақ тілінде дифтонгілермен айтылатын түбірлермен қатар, көне ғ, г, д,б, дыбыстарының жаңа сапаға –қатаңға айналған түрін сақтаған да сздер бар. Қазіргі қазақ тілінде екі то параллельдер (әрне, тарихи) ұшырасады. Бір тобы дыбыстардың жоғарға айтылған тарихи ауысуларының негізінде қалыптасқандар. Бірақ ондай түбірлер сан жағынан аз. Олар: бій, бек, сөз, сап (сөз саптау тіркесінің құрамында), тақ, тау, сық, тоқ, той тәрізді түбір сөздер. Бұлардың бір сыңары «жаңа» дыбыстармен (у,й) айтылса, екінші сыңары көне түркілік ғ,г дыбыстарының қатаңдаған тарихи варианттарымен келген.
Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы өзгерген бірқатар түбірлер қазіргі тілде дербес күйінде емес, тарихи негіздердің ғана құрамында орнығуы да кездеседі. Кейбір фактілер келтірейік: жақын, жуық – соңғы – ын, ық қосымша, екі сөзге де негіз болған түбір – жағ. Малов: йағут (жақындату, етістік, түбірі – йағ, -ут қосымша), йағыл (етістік, жақында, -ыл қосымша), йағуқ (жақын, есім), йағру (жақында, үстеу), жүгір, жүйрік, жүйіткі (г-й), жүг-жүй, Малов: йүгрүк ат (жүйрік ат), йүгүр (жүгір), ауна, ақтар (бір нәрсені аударды, ақтарды). Олай болса, қазақ тіліндегі құрға, қура етістіктері түбір мен қосымшадан қалыптасқан, бұларға негіз болған түбір-есім, сол есім сөзден бірде –ы, бірде –у аффикстері арқылы етістік жасалған. Қазақ тіліндегі варианттары –ға аффикстері арқылы жасалған негізден тараған.
Дыбыстық өзгеріске ұшыраған кейбір түбірлер қазіргі тілде сыңар күйінде, яғни, тек қана туынды сөз құрамында кездеседі. Қазақ тілінің мына сөздерін ескі мұра фактілермен салыстыру біраз жайды аңғартады: шикі сын есімі көне түркі тілінде йіг – сырой, йіг ет – сырое мясо.Қазақ тіліндегі шикі сын есімі, бұған қарағанда, әрі туынды сөз (шіи-кі) әрі сөз соңы ғана емес, сөз басы да дыбыстық өзгеріске ұшыраған: (й-ж-ш):Ал мұның йіглі тұлғасы арнаулы қосымша арқылы сын есімге айналуы да жаңа құбылыс еместігін көрсетеді.
Қазақ тіліндегі тұйық сөзі сын есім мәнінде ұғынылады да, -ла арқылы етістікке айналады. Көне түркі тілінде «ту-закрывать, прегражать… Туғ-преграда, завал, запруда».Соңғы, әрине, қимыл есім тұлғасы. Бұл фактілер Ү-ҮІІІ ғғ. жазбаларынан алынған.
Қазақ тіліндегі оя (ойа, ойа-т, ойа-н) түбірі де дербес қолданылмайды. Ондай түбір барлығы оян, оят етіс тұлғаларын өзара салыстыру арқылы ғана анықталады. Соңғы етіс қосымшалары (н,-т) өз мәнін де, қызметін де жоғалтпағандықтан, түбірден жіктеліп тұрады. Көне түркі тілінде «одғур-будить, одуғ-бодрый, бодрствующий.. одул-пробуждаться». Көне түрік тілінің бұл фактілер бастапқы түбір од екенін дәлелдейді. Сонда қазақ тіліндегі ойа таза түбір емес. Тарихи түбір мен қосымшаға ажырайды. Өйткені көне түркі тіліндегі ырықсыз етіс тұлғасы одул, соңғы –уд қосымша екені жай көзге де айқын.
Түбір құрамындағы морфологиялық өзгерістер.
Қазіргі тілде байырғы түбірлер деп қаралатын біраз сөздердің құрамын салыстыра талдағанда, олардың қайсысы да ежелгі түбір мен қосымшаларға ажырайтыны байқалады.Өлі түбірлердің үлкен бір тобы -с қосымшасымен келеді: үлес есімі бар, жаңа сөз жасауға негіз де болады: үлестір, үлестірушы, т.б. Көне түркі тілінде үле түбірінің үлеш, үлештір, үлет тұлғаларын, яғни , етіс тұлғалары қолданылған: Көне түркі сөздігінің авторлары оларды былай түсіндіреді: «үлеш-совм.От-үле»,- екінші сөзбен ортақ етіс тұлғасы.
Қияс түбірі сын есім болып ұғынылады да, етістік осы түбірге арнаулы қосымша жалғану арқылы жасалады. Түбір күйінді қияс, мінез, қияс іс тәрізді тіркес құрамында жасалады. Мағыналық жағынан қияңқы, қыңыр сөздерімен синонимдык қатар құрады. Көне түркі тілінде қый етістігі өзінің тура мағынасынан (кесу, қырқу) басқа, қисық, қыңыр мәндерін де берген.
Талға етістігіне негіз болған түбір көне түркі тілінде қолданылған талу сөзі. «Көне түрік сөздігінің» авторлары ол сөзді былай түсіндіріледі: «Талу – отборный, избранный, особенный…». Талу – қимыл есімі тұлғасы болу керек. Олай екендігін соңғы талула етістігі дәлелдйді (-ла есім түбірден етістік жасайтын аффикс). Сонда қазақ тіліндегі талға сөзінің қалыптасуын былай қарауға болады: талу+ға+тал (у)-ға-талға. Қазақ тіліндегі талғам, талғампаз тәрізді туынды сөздер соңғы туынды түбірден аффикстер арқылы жасалған. Сөздің соңындағы қысаң дауыстының түсіп қалуы қазақ тілі үшін әсте жат құбылыс емес. Қысаң дауыстыға аяқталатын сөзге бітеу буыннан тұратын қосымша жалғанғанда, соңғы қысаң дауысты түсіп қалады.
Жасыр етістігі қазіргі тіл тұрғысынан құрама элементтерге ажырамайды, оның себебі –ыр қосымша екенін білсек те, жас дейтін дербес мағыналы түбір жоқ. Ал көне түркі тілінде: «йаш-скрываться: ол мені көрүп йашты-он, увидев меня, скрылся». Елір етістігінің құрама екені өзімен түбірлес еліт сөзімен салыстырғанда байқалады. Екеуіне де ортақ түбір –елі-і/р –і/т қосымшалары ажырайды. Алайда қазақ тілінде дербес қолданылатын мұндай түбір жоқ. Ал көне түркі тілінде: «елт-нести, тащить», Радлов «сөздігінде» «елт-увести, унести, вести, услать». Опыр етістігі ежелгі түбір мен –ыр қосымшасына ажырайды. Сөйлеу тілінде қолданылатын (об/у). Ол обып жібере жаздады етістігімен салыстырсақ, айырмашылқ тек б дыбысының айтылуы, екеуіне ортақ түбір: оп//об ажырап шығады.