Жалпы түркілік консонантизм мынандай принциптер бойынша әр түрлі топтарға жіктелуі:
- Жасалу орнына қарай – еріндік, тіс, тіс – ерін, тіл арты, тіл алды, көмей, тіл ортасы.
- Дауыстың қатысына қарай – үнді, ұяң, қатаң.
- Айтылу жолына қарай – шұғыл, ызың.
Дыбыстардың қатаң және ұяң позияциясы түркі тілдердің барлығында дерлік сөздің кез келген шенінде кездеседі.
ысалы, бақа – баға, қашық-ғашық, күл-гул т.б.
Алайда дауыссыздар қатаң – ұяң болып жарыса келгенде бірдей фонемалық мәнмен байланысты болып отырмайды. Сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдау процесі орта ғасырларда –ақ орныққан құбылыс. Бұған дәлел М. Қашқари сөздігінде де кездеседі. Қашқари батысқа қарай орналасқан тайпа тілдерінде ұяң дауыссыздардың қолданысын көрсетеді. Мұның бәрі де қазақ тілінің дербес халық тілі болып қалыптасуына дейін болған өзгерістер. Алайда, қазақ тілінде, оңтүстік – батыс тілдерімен салыстырғанда, қатаң дауыссыздардың қолданылуы басым. Қиыр шығыстағы түркі түркі халықтары тілдерімен салыстырғанда, қазақ тілде кейбір қатаңдардың ұяңдауы байқалады.
Мысалы, қазақ тілінде – бау, бақ, балық, бес, балта сөздері хакас, шөһ тілдерінде қатаң п дыбысы мен айтылады. Дегеніме, қазақ тілінде көне түркі сөздерінің кейбірінің қатаңдануы да байқалады.
Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз фонема бар. Олардың түгелдей дерлік тіліміздің нормасы тұрғысынан фонемалық мәнге ие болады. Алайда, соған қарап сол 26 фонема түгелдей қазақтың, не жалпы түркілік дыбыс деп қарауға болмайды. Олай екендігін түсіну үшін солардың кейбірі қолданылатын сөздерді байқап көрейік. Айталық, бүгінгі тілімізде в, ф, ц, х, ч дыбыстары вагон, фабрика, халық, цех тәрізді сөздер құрамында ғана айтылады да, бару, сегіз, балық, пісу тәрізді сөздер құрамында айтылмайды.
Алдынғы топтағы сөздердің басқа тілдерден енгендігі белгілі. Сөйтіп, бұл дыбыстар тек басқа тілдерден енген сөздерде ғана қолданылады. Бұл фонемалық мән тұрғысынан да оқшау тұрады. Байырғы дауыссыздардың фонемалылығы кез келген сөз құрамында көрінсе, бұл дыбыстардың фонемалығы тек өздері айтылатын сөдер құрамында ғана. Ал ондай сөздер біздің тілімізде көп емес.
Қазақ тілі дауыссыздар жүйесінің дамуын борлағанда, бір сыпыра дауыссыз фонемалардың тарихи өзгерістер нәтижесінде кейін қалыптасқанын көруге болады. Мұндай “жаңа” дауыссыздар қатарына з, й және буын құрай алмайтын у фонемаларын жатқызуға болады. Қазіргі тілдің фонетикалық бірыңғайлану орын алғаныын көруге болады. Байла, жай, тайа тәрізді қазақ сөздерінің й дыбысы мен айтылуы тіл дамуының барысында о баста әр түрлі дыбыстардың өзгеріске түсу нәтижесі. Екіншісөзбен, көне түркі дәуірріндегі, одан да ежелгі кезеңдегі түркі тілінің бірсыпыра дыбыстары қазақ тілінде й дыбысына айналған. Сөйтіп, бірнеше фонеманың бір фонема арқылы көрініс табуы орын тепкен. у, з дыбыстары туралы да осыны айтуға болады.
«Алтай дәуірі» дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі «алтай гипотезасымен» байланысты қойылған атау. Алтай гипотезесы алтай тілдерінің туыстығы жайлы теориялық болжап, жоққа шығаруға да, дәледеп шығуға да болмайтын болжам. Сондықтан гипотезе деп қаралады. Жоққа шығауға болмайтындығы – бүгінгі түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур тілдеріне ұқсас фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, ортақ лексика бар. Фонетикалық ортақ құбылыстар: тұңғыс тіліндегі т, маньчжур тілідегі с дыбысы түркі монғол тілдерінжде и дыбысының алдындағы ч,ш, с дыбыстарына сәйкес қолданылады, тұңғыс: гутин-маньчжур: гусун-монғлол: гучин (оғыз): түркі: үш, үч он, маньчжур: хусун-монғол: күчүн-түркі: күш, күч, күүс, т.б. Алтай тілдері деп атауға себеп – атлаған тілдердің арғы аталары болатын рулар мен тайпалардың түпкі, арғы атасы, алғашқы тарлған дері – Алтай тауларының маңы, айналасы. Ғылым бұл дәуірде қазіргі түркі, монғол, тұңғыс, маньчжур тілдеріне ортақ тілдері болған есептейді.Сол ортақ тіл құрамынан әуелі екі тармақ – түркі-монғол және тұңғыс – маньчжур тілдері жіктеледі. Сол жіктелістің ізі жоғарыда көрсетілген дыбыс сәйкестері болып табылады. Түрік-монғол тілдері ч-ш-с сәйкетігін айтатын тілдер болып қалыптасты да, тұңғыс-маньчжур тілдері сол позицияда т (кейде с) дыбысын қолданылатын тілдер болып қалды.
Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде түркі тілдері монғол тілдерінен жіктеліп шықса керек. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынандай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: монғол тілдеріндегі р, л дыбстары түркі тілдеіндегі з, ш/с дыбстырана сәйкес қолданылады. Ал түркі тілдері ішінде монғолдық ротацизм (р) мен (л) көне бұлғар тілі мен қазіріг чуваш тілі ғана сақтап қалған: чуваш тілі: сір, шур, хір, иір, пыр бысқа түркі тілдерінде — сүз, саз, қыз, із, мұз// бұз, осыдан бұрын түркі монғол хақас тілдері өзара с дыбысын сақтап қалды күүз, көс, күс, т.б. тілдердің өзара бір-бірінен аулақатуына, дербеытеуіне басты себеп болған мұндай сәйкестіктер түркі тілдеренің өз арасында да, жеке бір түркі тілі құрамында да сақталып қалған. Ал кейбіреулерің түбірлес тарихи ублет сөздер екенін арнайы зертеу арықылы ғана түсіну мүмкін; семір-семіз, көр-көз, тіре-тайа, тал-түс, т.б.
Бұл дәуірдің бізге жеткен ескерткіштерін жзаба тілдің мұрасы дейтінкөзқарас қалыптаса бастады. Сол жазбалар тілін екі топқа бөлетін пікір де орнықты. Олар – Орхон-Енисей ескерткіштері және көне ұйғыр тілі ескерткіштері. Мысалы, олтілдң бір белгісі ретінде қаралатын ң //н /й дыбы параллелінің барлық сыңарықазіргі түркі тілдерінде кездеседі. Немесе сөз баында м//б параллелі түркі тілдері арасында қалыптасқан сәйкестік болумен бірге, бір ғана тіл құрамында да қолданылады: мында – бұнда, т.б. Мерзімі жағынан көне ұйғыр ескерткіштерін екі түрлі диалектінің: н- диалект және й- диалектінің көрінісі деп қарау қалыптасты. Көне ұйғыр ескетрткіштерінің й-диалект тобы фонетикалық және морфологиялық құрылымы жағынан көне қазақ тілінің алғашқы басатуын байқатады.