Дауысты дыбыстар мына төмендегідей принциптер бойынша жіктеледі:
- Дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді
а, е, о, ө — ашық дауыстылар,
ү, ұ, ы, і – қысаң дауыстылар.
Осы топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне дерлік тән.
- жуан, жіңішке айтылу принципі бойынша дауысты дыбыстар бір – біріне жұп екі топқа бөлінеді.
а, о, ұ, ю, ы, я – жуан,
е, (ә), ө, ү, і – жіңішке фонемалар.
Алайда, қазіргі түрркі тілдерінде осы принцип түгелдей сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а-ға екі түрлі жіңішке дауысты е, ә сай келеді. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, азербайжан т.б. тілдерге ғана тән. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында белгілі бір жақындық бары айқын. Қазақ тілінде бұл дыбыс сөздің бірінші буынында айтылады, екінші буынында сирек кездеседі. Екінші буында ә -нің айтылуы белгілі фонетикалық қоршауды қажет етеді.
- Дауыстылар еріндік және езулік болып бөлінеді. Еріндік дауыстылар түрлі тілдердің барлығында кездескенімен, көбінде, сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды.
Дауыстылардың жіктелуінің осы принциптері бойынша қазіргі қазақ әдеби тілінде 12 дауысты фонема бар юдеп қаралып жүр. Олар мыналар:
А, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү, у, и, э.
Осылардың 8-і жаьлпы түркілік дауысты фонемалардың көрінісі, баламасы болып табылады. Ал, ә, э, ұ, и, дауыстылары тілдің ұзақ уақыт ішкі заңдылықтарға сай дамуының, басқа тілдермен ұзақ байланыстарының нәтижесі.
Дауысты дыбыстардың фонемалық мәнде тұрақты қолданылатын орны – түбір, бір буынды түбір. Өйткені бір буынды түбір құрамындағы дауысты ғана басқа дыбыстың ықпалына ұшырамайды. Дауыстыларды талдау да осы бір буынды түбірлерге негізделеді. Кейде екі буынды түбір қарастырылғанда басқы буын құрамындағы дауысты дыбыс еске алынады.
Басқы буындағы дауысты дыбыс сөз мағынасын айқындайды.
Мысалы, ал-әл, нақ-нық, қара-көре, ана-ене т.б.
Осындай жағдай екі буынды сөздерде де кездеседі. Алғашқы буындағы дауыстының ықпалымен соңғы буындағы дыбыс соның сапалық қалпына ыңғайласады.
Мысалы, жарық, жырық, таным, тыным, қатық, қытық.
Дегенмен, қазақ тілінде басқы буындағы дауысты дыбыстың ауысымен сөз мағынасы өзгеріссіз қала беруі де ұшырасады. Ондай сөздердің бір сыңары әдеби нормада, бір сыңары диалектілік тұлға болып отырады.
Мысалы: пісу-пысу, тастау-тыстау, қолдану-құлдану, едәуір-адауыр т.б.
Бұл сырттан енген сөздерді қолдануда да байқалады.
Мысалы, әйел-айал, ғалиқали, әли, абдрахман-әбдірахман т.б.
Дауыстылардың мұндай “ауысуы” түрлі тілдері, әсіресе орта Азиядағы тілдер ортасындағы дауыстылар сәйкестігін қайталап отырады. Бұл құбылыс, екінші жағынан, әдеби тіл мен диалектілер арасындағы тарихи ерекшелікті байқатады.
Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды екі түрлі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көне оқшау көрінетін фонема — ә Ү-ҮІІІ ғ.ғ, сондай-ақ орта ғасырлардың алғашқы кезеңіндегі жазбалар тілінен мұндай фонема кездеспейді.
Қазақ тілінің фактілеріне қарағанда, ә фонемасы түркі тілдерінің бірсыпырасында шығыс тілдерінің әсерімен қалыптасты дейтін пікір шындыққа жақын. Араб, парсы тілдерінің өзінде ғ, х немесе соларға жақын дыбыстардан басталатын сөздер қазақ тілінде ә-ден басталып қалыптасқандығы байқалады.
Мысалы: Хакім, Ғали, Әкім, Әлі, Әли.
Оңтүстік қазақтары тілінде ә дыбысы өте жиі кездеседі. Бұл қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, арабизм мен парсизм ықпалының молдығына байланысты.
Су, бу, келу, кету сөздерінің құрамындағы у дыбысын қазақ тілі грамматикаларында дифтонг дыбыс деп қарайды. Дифтонг деп танылуы алдынан көмескі болса да бірде ұ, бірде ү естіледі. Қадзіргі тілдердің материалдарын салыстырып қарайық.
Хакас – суғ, тува, шор-суг, башқұрт һыу, қазақ-су, қырғыз – суу т.б. бұл фактілер негізінде мынанадай дыбыс сәйкестігін көруге болады: уғ//ыу//уу//у. Сонда қазақ тілінде уғ/у өзгерісі болған. Сондай-ақ қазақ тіліндегі елу сөзін көне түркі тіліндегі елліг сөзімен салыстырғанда да іг/у сәйкестігі байқалады. Қазақ түркі тілдерінің құрамында а-ның жуан ы-ға сәйкестігі ұшырасады. Бұл құбылыс кейреттерде бұл екі дыбыстың негіз бірлігі жайлы айтылып жүрген кейбір пікірлерге дәйек болады.
Мысалы: Тува тілінде – тырт, ындығ, ында, хырын, басқа тілдерде – тарт, алдағ (андай) алда, қырын.
Якут тілінде – сыт, сырдых, ый, ыл, ыт, басқа тілдерде – чат (йат), жат, чарых, йарық, ай ал, ат (ату).
Мұндай пікір авторы түркі негіз тілі құрамында бір тайпа тілінде а-ның ы-ға ауысуы процесі болған болу керек дейтін пікірді деп санайды. Сонымен бірге ы дыбысы дамуының екінші бір жолы да айтылып жүр: (у/ұ/ы). Бұл формула мына тәрізді фактілерге негізделеді.
Турна – тұрма-тырна.
Көңіл аударар фактілер чуваш тілінде кездеседі. Чуваш тілінде көп сөздердің бірінші буынында жалпы түркілік а орнына у, енді бір топ сөздерде ы дыбысы айтылады.
Мысалы: сухал – сақал, улма- алма, улап-алып, уч-аш, тына-тана, ылтан-алтын.
Қазақ сөздерінде де осындай сәйкестік кездеседі. Мысалы: алда – мұнда, алда-мында, тұмақ-тымақ т. б.
Қазақ тіліндегі і көп реттерде көне түркілік осындай дыбыстың жалғасы, соның орныққан түрі деп қарауға болады. Көне түркі тіліндегі іш, іште, бірсөздері құрамындағы і дыбысы қазақ тілінде сол сапасында қалған: іс – істе, бір түрінде дыбысталады. Сонымен қатар бірсыпыра тілдерден ескі түркі тіліндегі й, і дыбысына е –нің сәйкестігі де кездеседі. Мысалы, алтай, хакас, шоһ тілдерінде кім есімдігі кем болып айтылады. Хакас диалектілерінде иб-е (үй-і) т.б. Бұл фактілер Н.К.Дмитреевтің қазіргі түркі тіліндегі і бір кезгі и-дің редукцияға ұшыраған, қысаңдаған түрі дейтін пікіріне себеп болды. Қазақ тілі вокализмі құрамындағы «жаңа» дыбыстар қатарына тыл, станция, электр сөздерінің құрамындағы ы, и, э дыбыстарын да жатқызу керек. Сөйлеу нормасында кейде қазақ тілінің байырғы ы, и, е фонемалары мен бұлардың арасында көп өзгешелік байқалмайтыны да бар. Алайда, екінші жағынан, әлгі сөздер құрамындағы ы,и,э қазақ тілінің осыған жақын дыбыстармен бірдей емес. басты ерекшелігі ы, и, э дыбыстарының фонемалық мәні тек осындай сөздер құрамында ғана көріледі. Бұлардың қайсысы да қазақ тілінде фонемалық дәрежеге жеткен жоқ.