Тарихи лексикология – жалпы тіл білімінің сүбелі де күрделі салаларының бірі. Оның зерттеу обектісі – лексика және оның пайда болу жолдары мен даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, тарихи лексикология тіл тарихына, сол тілде сөйлеуші этностың бастан кешірген қоғамдық формалары мен басып өткен ұзақ өмірлік жолына қатыстық тілдік фактілердің шығу тегін, қалыптасу кезеңдерін, туыстас тілдердің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын ғылыми – теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді.
Демек, тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан басты айырмашылығы – ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенеді. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына байланысты, сол халықтың мәдениетіне, дүниетанымына, салт – сана, әдеп – ғұрпына т.б. экстралингвистикалық факторларына қатысты зерттеу керек.
Тарихи лексикологияның өзіндік зерттеу объектісі мен белгілі тәсілдері бола тұрса да, оның дербестігінен де гөрі ғылымның басқа салаларымен байланысы, астарластығы ерекше көзге түседі. Осыған орай “қазақ тілі тарихи лексикологиясының зерттеуге тиісті объектілері мен міндеттерін біз қалай анықтауымыз керек?” деген сұрақ туады. Тарихи лексикологияның жеке мәселелерін сөз еткен бірлі – жарымды еңбектерді есептемегенде, бұл саланың нақтылы объектілері мен алда тұрған міндеттері жан – жақты қаралып, толық анықталып күн тәртібіне қойыла қойған жоқ.
Бұл саланың негізгі зерттеу объектілері мен міндеттерін жан – жақты сөз ете отырып, оған ммандардың назарын аудару, программалық зерттеулердің бағыт – бағдарын анықтау бүгінгі таңның зәру міндеті болып саналады. Бұл мәселенің ғылыми тұрғыдан зерттеліп, дұрыс шешілуі тек ғылымның, ғаламдардың өздері үшін ғана емес, сондай-ақ көпшілік қауым үшінде маңызы зор.
Тарихи лексикологияның зерттеу объектісі дегенде екі түрліжағдайды ескергеніміз жөн. Біріншіден, ол алдына қойған мақсатына және тіл фактілерін талдау тәсілдеріне байланысты іштей сараланып, тікелей өзіне қатысты проблемаларды әр қырынан қарастыратын этимология, семасиология, ономасиология, диалектология, этнолингвистика сияқты тарауларды қамтиды. Екіншіден, оның тіл білімінің осы салаларында қол жеткен табыстар мен талдау әдістерін пайдалана отырып, этностың шығу тарихын, этнос тілінің пайда болуын, халық тілінің базистік структурасын, туыс, туыстас және басқа тілдермен болған қарым – қатынасын, әр түрлі экстралингвистикалық факторлардың тіл дамуына тигізген әсерін т.б. тіл фактілері мен оның заңдылықтары негізінде қарастырылып, тұжырым айтуға мүмкіндігі мол. Сондықтан да тарихи лексикологияның өзіндік объектілері мен қатыстық объектілері арасында тығыз байланыс, мүдделестік бар.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясына қатысы бар проблеманың бірі – қазақ халқының этногенезі мен глоттогенезі. Бұлар этнос пен этнос тілінің тарихи бір мезгілде, бір географиялық ортада және белгілі бір әлеуметтік жағдайда қалыптасуына байланысты құбылыстар. Тілдік факторлар этностың халық болғанға дейінгі және одан кейінгі тарихын айқындауға бірдей қажет. Бұл арада қазақ тілінің базистік лексикасына тән байырғы сөздер мен сөз тұлғаларынан тыс, толып жатқан тілдік деректердің атқаратын қызметі зор екенін ескерткіміз келеді. Қазақ халқының негізін құрушы көптеген ру – тайпалардың этнонимдері мен “қазақ” этнонимінің этимологиялық табиғаты, көне тарихымыздың куәгері ретінде қазақ топырағында сақталып келе жатқан жер – су атаулары, өлке — өлкені мекендеген ру – тайпалардың тілдік ерекшелігі ретінде сақталып бізге жеткен диалектизмдер, көне дәуір мен орта ғасырлардың тасқа қашалған сыналы жазулары мен жазба ескерткіштері – осылардың бәрі де этнос пен этнос тілінің тарихын айқындауға қажетті тілдік деректер.
Этногенез проблемасына байланысты тіл деректерін пайдалану дегенде біз ең алдымен этнонимдерге жасалатын этимологиялық талдауларды айтқан болар едік. Мәселен, қазақ этнониміне байланысты айтылып жүрген жоба – жорамалдар көп – ақ. Олардың жалпы саны қазіпрдің өзінде-ақ жүзден асады. Бұлардың арасында ғылыми этимология да, әр түрлі аңыз – риваяттар мен мифологиялық топшылауларға негізделген халықтық этимология да баршылық. Бұл мәселені тарихшылар мен тіл мамандары бірлесе отырып зерттегенде ғана дұрыс нәтиже шығуы мүмкін. Арғын деген этноним жайында да осыны айтуға болады. Махмуд Қашғаридың “Диуанында” кездесетін ру тобының атауы арғу мен қазақ және басқа түркі халықтарының құрамына енген этникалық компонент арғын этнонимінің төркіндестігі –н (-ун // -ын) элементінің табиғатына байланысты екенін тілшілер жақсы біледі. Ол түркі, монғол тілдеріне ортақ элемент болып саналады (бай – баян, ной — ноян).
Тарихи лексикология этногенез проблемасына байланысты пікір айтқанда ең алдымен ол объективті тарихи фактілердің өзіне сүйенуі керек. Тарихи – лингвистикалық деректер негізінде бір ру – тайпаның екінші ру – тайпамен тарихи қатынасын, өзара әсер – ықпалын анықтауға болатынын көптеген мысалдармен дәлелдеуге де болады.
Тілара тарихи контастыға байланыты зерттей түсуді қажет ететін проблемалардың бірі қазақ тілінің монғол және орыс тілдерімен болған тарихи қатынас.
Орта ғасырлық түркі дәуірінде түркілер бір-бірінен бөлініп, ара — жіктері айқындала бастаған мезгіл.
Бұл дәуірдегі әр тайпаның тілінен мәлімет беретін жзба ескерткіштер едәуір. Олардың қатарына араб ғалымдары араб әрпімен жазып қалдырған түркі тіл текстерін, сөздіктерін көне ұйғыр жазуымен жазылған ескерткіштерді, әдеби туындыларды жатқызуға болады.
Халифа деген атпен ҮІІ ғасырдан бастап қалыптасқан арабтарды ортағасырлық феодалдық мемлекеті өз дәуіріндегі аса күшті, мейілінше жауынгер мемлекет болған.
Арабтар өздеріне тәуелді отар халықтар арасындағы жұмыстарын дрыс та, жемісті жүргізу үшін олардың тілін білу, зертеу істерімен де айналысты. Оның үсітіне жергілікті халықтардың алдыңғы қатарындағы таланты адамдары өз заманында ғылым – білім орталығы болған арбияда оқып, араб тілі білімінің үлгісімен өздерінің туған тілін зерттейді. Содан ғылыми әдеби туындылар дүниеге келеді.
Араб тілдес ғалымдар жазған түркологиялық зертеулердің ең алғашқысы және ең көлемді де құндысы түрік әулетінег шыққан. Бағдат ғалымы М. Қашғари жазған «Диван луғатит түрік» деп аталған сөзік. ХІ ғасырда жасалған бұл сөздік ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Стамбул кітапханасында сақталып жатқан. Тілдік материалдарды талау үстінде автор әр тайпаға қатысты этнографиялық, тариъхи мәліметтер де береді. Сөздікке сол кездегі түркі халықтары тілдерінен алынған он мыңнан астам тума-төл сөздер жеке тайпаларға ғана тән диалектілер енгізген. Олар кейде сөзбе-сөз, кейде мазмұндап түсіндіру арқылы араб тілнен аулдарылған да, түсінікті болу үшін қосымша мысалдар берілген.
Араб ғалымдары М.Қашғардидің «Диван луғатит түрікінен» кейінде бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған Сондай сөздіктің бірі – Абулқасым Махмуд ибн Омар жасаған «Муккаддимат әл — араб» деп аталатын арабша – парсыша түрікше — монғолша сөздік.
1343 жылы Египетте түрікше – монғолша — парсыша салыстырма сөздік жасады. Қолжазбаның түрік тілдерінің фонетика мен грамматикасына арналған бөімі тым шағым. Қолжазбада парсы монғол тілдеріне қатысты да бөлім бар. Еңбек төрт бөлімнен құралған. Сөздікті алғаш рет Голландия ғалымы Теодор Хоутема 1894 жылы неміс тілінде бастырып шығарған. Быслымның сөздік бөлімінде мың жарымдай түркі, араб өздері, екі жүздей монғол – парсы сөздері салыстыра берілген.