Тарихи грамматика деп аталатын ғылыми зерттеулер саласы және солардың негізінде қалыптасқан оқу пәні тілдің барлық салаларының (дыбыс, фонемалар жүйесі мен морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасын) қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. Сөйтіп «тарихи грамматика» дейтін атпен тек грамматика емес, тарихи лексика мен тарихи фонетика да еске алынады. Тарихи грамматика пәнінің негізгі мақсаты – тілдің барлық салаларының да даму заңдылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындау болып табылады.
Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы тіл білімнің бір саласы ретінде ұғынылады. Ал тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихына ажырайтыны белгілі. Әдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың негізгі айырмасы — оның зертеу, түсіндіру объектісінде. Тарихи грамматиканың зертейтін, түсіндіретін объектісі – күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сөйлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші сөзбен, тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйелеген әдеби тіл ескерткіші негізінде де халықтың сөйлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму заңдылықтары негізінде айтылады. Дегенмен тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің қорытындылары екіншісін де өзінің орнымен қайталанып отырады. Мәселе мынада: әдеби тіл тарихы жазбаша қалыптасқан әдеби тілдің даму жолдарын, оның нормалар жүйесін, әр кезең, дәуірдегі өзгерістерін қарастырады. Ондай өзгерістердің түрлерін, сөз иіндерін қалыптастыру, дамытудағы ролін де назардан тыс қалдырмайды. Қысқасы әдеби тіл тарихы зертейтін жазба әдеби тіл де сөйлеу тілі тәрізді қоғамның қатынас құралы қызметін атқарады. Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілі негізінде қалыптасады, кейінгі дамуда бұлар бір-бірімен тығыз байлансыта, тығыз қатынаста болып отырады. Соның салдарынан олар бір-біріне өзара ықпал жасайды.
Қазақ тілінің тарихи грамматика пәнінің «Түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасы», сондай-ақ «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» деп аталатын пәндермен байланысы мен айырмашылығы қандай? – дейтін орныды сұрақтар туады. Сондай сұрақтың тууы, ең алдымен, филологиялық жоғарғы оқу орындарында сол пәндерді оқытудың практикасымен ұштасып жатады.
«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» деп аталатын пән түркі тілдерін салыстыра зертеудің нәтижесінде, отандық туркологияның жинақталған алғашқы зерттеулер жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл пәннің құрамынан екі түрлі саланы ажыратуға болады: біріншіден, барлық түркі тілдерінің түп негізін жобалау, әрбір тарихи дәуірде оларға ортақ даму заңдылықтарынашу сипатындағы зерттеулер.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы түркі тілдерінің салытырмалы грамматикасымен сөз жоқ, байланысты.Ең алдымен жалпы түркологиялық зерттеулер болады да, кейін сол зертеулердің бір саласы ретінде қазақ тілінің тарихи грамматикасы пән ретінде қалыптаса бастады. Жеке түркі тілдерінің әрқайсысының тарихы да ең әуелі осы жолмен пайда болды. Қысқасы, қазақ тілінің тарихы жайлы ғылымның өзі бастауын әуелі тарихи-салыстырмалы түркологиядан алды.
Дегенмен, «тарихи грамматика» «түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасынан» бөлек, дербес пән, дербес ғылым саласы. Тарихи салыстырмалы туркология жалпы түркілік күйді, тарихтың көне, есік дәуіріндегі оларға ортақ заңдылықтарды түсіндіріп жеке тілдердің қалыптасу дәуіріне келген жерден қазақ тілінің тарихы басталады. Жалпы түркілік сипат аяқталып, жеке тайпалар мен рулардың халық болып бірігуі дәуірінде — ақ қазақ тілінің тарихи мәселелелеріөз ерекшелігімен бой көрсете бастайды. Бұл түркі тілдері салыстырмалы грамматикасының алғашқы саласынан барып туатын айырмашылық. Ал түркі тілдерін синхрондық күй тұрғысынан салыстыру, сол арқылы олардың өзара айырым белгілерін айқындау – бұл тарихи грамматикамен тікелей байланыспайтын сала. Мұндай зерттеу – тілдердің бүгінгі дербестігі, олардың әрқайсысына тән заңдылықтар жүйесі орныққандығы тұрғысынан, жеке, дербес тіл болғандықтан ғана мүмкін болады.
Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық жүйесінің тарихын білудің көздері қандай, ненің негізінде зерттей аламыз – тарихи грамматика пәнінің алдын ала айқындап алар мәселесінің бірі осы.
Қазақ тілі фонетикасы мен грамматикалық жүйесінің тарихи дамуын зерттеуде сүйенетін көздер мына тәрізді: көне дәуір ескерткіштері, қазіргі қазақ тілі, қазақ тілі диалектілері, фольклор, ономостика, басқа тілдерден ауысқан сөздер, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда жазылған әр түрлі кітаптар, қолжазбалар, т.б.
Қысқасы, «қазақ» деп аталатын біртұтас халық қалыптасқанға дейінгі қазақ тіліне қатысты жазба мұралардың ұзын – ырғасы осылар. Бұл жазбалар тілін құрайтын элементтерді синхрондық (өзара салыстырып, олардың жүйелік заңдылықтары мен «қайшылықтар» тобын айқындау), диахрондық (кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалармен, тілдермен, кейде жеке диалектілік топтармен салыстыру ) тұрғыдан зерттеу арқылы бүгінгі тілдің жүйелік заңдылықтармен қатар ауытқуларының себептері айқындалады.
Айталық, қазіргі қазақ тіліндегі сөз ортасындағы, соңындағы й-у; адақ (атақ – адзақ-азақ-айақ), яғни, көне түркі (д), қазіргі якут тілі (т), орта ғасырлардың алдыңғы кезеңі (дз), орта ғасырлардың соңғы кезеңі (з) және қазіргі шор тілі, қазақ тілі. Немесе –сар+ жіктелмейтін форма көне түркі, сар+мын орта түркі дәуірінің алғашқы кезеңі, са(р)+мын (р дыбысының түсіріліп айта бастауы) орта түркі дәуірінің соңғы кезеңі, -са+мын жаңа кезеңі, халық тілдері қалыптасу дәуірі, қазақ тілінің біртұтас тілге айналуы, т.б.
«Көне дәуір ескеркіші» деп жалпы аталатын топтың ішінен түркі тілдерінің құрылымын зерттеуге арналған филологиялық еңбектердің орны ерекше. Олардың бастысы да, уақыт жағынан біріншісі де М. Қашқаридың «Диван лұғат ат — түрік» атты еңбегі. Жазылған уақыты 1069 жылы деп шамаланады. Еңбек сол заманғы түркі тілдері лексикасының салыстырмалы сөздігі ретінде жасалған. Сонымен қатар, онда түрік тілдерінің морфологиялық жүйесі баяндалады. Олардың бір-бірінен фонетикалық айырмашылықтары да көрсетілген.
Тарихи граммтикалық зерттеу, сондай-ақ басқа тілдерге ауысқан сөздерге және басқа тілдерден қазақ тіліне ауысқан сөздерге де негізделеді. Зерттеуші қазақ тілінен басқа тілдерге сөз ауысу кезеңі мен қазақ тілінен басқа тілдерден сөз ауысу кезеңін, сондай – ақ ауысу жағдайларын анықтауы қажет. Сонда ғана ізденістер жақсы нәтиже бере алады. Қазақ тілінен басқа тілдерге сөз ауысудың, шамамен екі кезеңін айтуға болар еді: бірінші кезең қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі дәуірлерде жеке ру, тайпа тілдерінен басқа тілдерге ауысқан сөздер. Бұл жерде қыпшақ-половец тайпалары тілерінің шығыс словян тілдеріне ықпалын еске алуға болар еді.Қазақ тілінен басқа тілдерден сөз ауысудың, жалпы басқа тілдердің ықпал ету кезеңдері мен сипаты жайлы қазақ тіл білімінде едәуір дәрежеде зерттелінді.