- Есімдіктердің бұл жасалу жолы да бірқатар жұрнақтар қатысады. Олар есімдіктердің өзіне жалғанып, белгілі бір мағынары онан сайын айқындап нақтылай түседі. Сан жағынан алғанда, ондай жұрнақтар онша көп те емес.
Құранды –а+у жұрнағы. Бұл жұрнақ, негізінен алғанда, сілтеу есімдікті сөздерге жалғанып, сілтеу мағынасы одан сайын айқындайтын болады: ан+ау, мын+ау, сон+ау. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұл есімдіктердің түбірі ол, бұл, сол есімдіктері болса керек.
Сонау есімдігінің де жасалу жолын осы негізде түсіндірген жөн. Ал осынау есімдігін – нау құранды жұрнағы арқылы жасалған деп білеміз. Осындағы н элементі арқылы басқа да сөздер өрбіп жатады: осынша, осынысы, осыншама.
- Ал енді сан есімнен проминализация жолымен жаслған біреу есімдігіндегі –еу жұрағын, жоғарыдағыдай, құранды түрде қарастырмай, бір-ақ қосымша деп санауымыз керек: үй сыртындағы басында қойға істеген қарақшыдай жәрбиып біреу отыр (Б. Майлин).
ша//-ше жұрнағы не, қан (й), бар сөздеріне жалғанып, сұрау және жалпылау есімдіктерінін туындатады: неше, қанша, барша.
Түркологияда не есімдігінің алғашқы түбірі нен болғандығы жайында да пікір бар. Бұған дәлел ретінде нендей сөзін келтіреді. Ал проф. Э.Р.Тенишев салар тілінде наң сөзінің не сұрау есімдігін білдіретіндігін айтады. Содан кейін садақ ату, күресу, тағы басқа неше түрлі ойындар болып кешкі отырыста кезек Нүрпейіске келді (Т. Жармағамбетов).
Тіліміздегі бірқатар есімдіктераналитикалық жолмен жасалады. Бұл ретте олардың бірігу, қосарлама айтылу және соз тіркесі құрамында қолданылу жолдары жатады. Аталған осы жолдардың аясы да есімдік құрамында онша көп кездесе бермейді. Бұлардың өзін іштей саралап көрсетсек, мынадай заңдылықтарды байқаймыз.
- Бірігу арқылы жасалған есімдіктер.
Есімдіктердің осындай жасалу жолында олардың белгілі бір түрі әр уақытта да сөздердің бірге жұмсалуына негіз болып тұрады. Осы негізде бір есімдік түбірден бірнеше біріккен тұлғадағы есімдіктер өрбіп жатады.Мәселен, бір еш сөзінен болымсыздық мәнднгі бірнеше есімдіктер туындайды; ешкім,ешқайда, ешқайсысы, ешқандай, ешқашан, ештеме, ешнәрсе, ешбір.
Қосарлана келген есімдіктер.
Қосарлана жұмсалған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Есімдіктердің қосарланған көпшіліктері үстеу айналып кетеді (анда –санда, онда- мұнда, өзді-өзі). Ал қосарлана есімдікі сөздер есім мағынасында қалса ғана өз табиғатын жоғалтпайды. Мұндай қосарлы есімдіктердің қатарына мына тәріздес сөздер жаиады: өзін-өзі, ондай-мұндай, онысы-мұнысы, кіммен-кім.
Етістік- күрделі сөзжасам жүйесі бар сөз табы. Ол туынды сөздерге өте бай, етістік өз құрамын тілдік тарихи дамуы бойында үнемі толықтырып отырған. Етістіктің сөзжасам жүйесірде түрлі сөзжасамдық тәсілдер қлданылады. Олар- синтетикалық, аналитаикалық, семантикалық тәсілдер. Етісткте бұл тәсілдердің екуі өте өнімді. Синтеикалық тәсіл арқылы басқа сөз таптарынан етістіктің құрамы үремі толықтырылып отырады. Бұл- етістіктің құрамының толығуының негізгі жолдарының бірі.
Туынды түбір етістіктердің басым көпшілігі түбір морфемаларға жұрнақ (-тар) қосылу арқылы жасалады. Тегіне қарай есім негізділер деп топтап, оларды етістік негізділерден бұрын сипаттау қажет болады. ¤йткені туынды түбір етістіктердің бұл тобы өзге етістіктер сияқты етістіктен етістік жасауға да қатынасады.
- Туынды түбір етістікке негіз болатын есімдердің ішінде зат есімрің орны ерекше. Бұдан соңғы ауызға алынатын- сын есім. Сан есім мен есімдік, үстеу, одағай, еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден де етістік жасалады.
Осы атап өткен сөз таптарынан жасалған туынды түбірлердің ішінде: ой-ла, жас-а, көл-кі, еку-ле, ақ-та т.т түп негізділермен қатар, тара-қ-та, өр-ім-де, сияқты ол баста етістіктен зат есім болып барып, екінші рет етістікке қайта айналып келетіндер де аз емес. Мұндай екінші рет кейде тіпті үшінші рет те бір сөз табынан шығып, оған қайта айналып келу әр сөз табының өзіне тән жұрнақтардың қызметінен шығады.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөз проблемасы ертеден түрлі ғалымдардың зерттеу обьектісі болып келді. Күрделі сөздерді арнайы зерттеулер түркологияда да қазақ тіл білімінде де бар.
Күрделі сөз түркологиядағы өте ірі проблемпларға жатадыы, оның әлі шешуді керек ететін мәселері де көп. Солардың біріне күрделі етістіктер жатады. Түркологияда күрделі етістік деген термин өте кең мағынада қолданылып, оған сырттай ұқсастығы бар тілдің түрлі фактілері жатқызылып келді. Мысалы, жәрдем ет, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау сияқты түрлі типті сөздердің бәрін күрделі етістік деп тану түрклогияда біразуақыт орын алып келді.
Дербес сөзге тіркесіп, оның лексикалық мағынасын өзгертетін, бір сөз табына екінші сөз табына ауыстыратын аналитикалық форманттар сөз жасаушы аналитикалылық форманттарға жатады.
Мысалы, жүрегін қуаныш та, назды мұң мен толқынды ыстық ой да, барлық пердесіз, қатықсыз шынын, осы әнге табыс еткен (М. Әуезов). Бұл сөйлемдегі табыс еткен деген түйдекті алайық. Қазақ тілінде ол құранды етістік деп аталады, өйткені мұнда есім сөзге тіркескен көмекші етістік оған қимыл мағынасын қосып, оны етістікке ауыстырады. Бұл құранды нтістіктің синонимі- тапсыр (ған) деген дара етістік. Бұл дара етістіктің қимыл мағынасына табыс еткен деген құранды етістікпен синонимдігі ондағы көмекші етістік арқылы берілген, өйткені табыс зат есімде қимыл мағынасы жоқ.
Қазақ тілі мұндай сөз жасаушы аналитикалық единицаларға кедей емес, олар тіл құрылысынан белгілі орын алады. Бұлар снтетикалық единицалармен жарыса қызмет атқаратын болғандықтан, оны снтетикалық тұлғаларға қарама-қарсы аналитикалық тұлғалар арқылы сөз жасау деп қараған жөн.