Етістіктің түбір және негізіне-ы (п),-і (п),-а, е, й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -ғаша, -геше, -қашқа, -кешке, жұрнақтары жалғану арқылы жасалатын әрбір жолыкөсемше деп аталады.
Көсемшелер қимыл қозғалыстың білдіреді де, үстеуге жақын мағынада қолданылады.
Сондықтан көсемше екінші белгілері етістікпен тіркесіп барып қана қолданылады. Көсемшелер жек-дара сөз есебінде қлданылмайды, морфологиялық жағынан түрленбейді, демек, көптік, тәуелдік, септік қосымшалары қосылмайды, тек әредік қана жіктеледі, пысықтауыш және баяндауыш қана болады. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, субстантивтік, адьективтік қызмет атқармайды, тек пысықтауыш, баяндауыш болады және күрделі етістік компоненттерінің құрамында негізгі я жетекші сыңар есебінде қызмет етеді.
Сонымен, көсемшенің жалпы грамматикалық қызметі етістік айналасына байлаулы болса, мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады. осы себептен де көсемшелер етістіктің негізгі бір категориясы саналады.
Бұл категориялардың арнаулы формалары бар. Олар мыналар: 1) –ып, іп; 2) –а, , -е, -й (бұл екуі жіктеледі); 3) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі; 4) –ғанша; -генше, -қанша, -кенше (бұлар жіктелмейді).
Жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне қарай , шаққа қатысына қарай, көсемшелрге төмендегідей қысқаша сипаттама беркгк болады.
1.Өткен шақ есімше етістік негізіне –ып, -ғалы, -ғанша жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
2.осы шақ көсемше. Бұл формаға –а, -е,-й арқылы жасалады.
3.келер шақ көсемше. Бұл форма –а, -ғалы, -ғанша жұрнақтары арқылы жасалады. Бірақ осы үш қосымша да көсемшенің өткен шақ (-ғалы, -генше) және осы шақ (-а) түрлерін жасауға қатысқандықтан, оларды ауыспалы келер шақ леп атауға болады. Ал бұл жұрнақтардың ауыспалы келер шақ мәнін жасаудағы қызметі тек баяндауышпен байланысты қаралады.