Көркем шығармаға қойылатын талаптардың бірі- оқушы қауымға түсінікті болу жағы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жергілікті сөздерді көркем әдебиет тіліне орынсыз, шамадан тыс тықпалай беру шығарманың көркемдік әріне нұқсан келтіреді. Шығарманы сыдыртып оқып келе жатқан оқушы, құлаққа тосын естілетін сөздер шамадан тыс көп кездессе, еріксіз кібіртіктеп, бөгеліп, кейде сюжет желісінен айрылып қалып отырады. Бұл-әдеби тіл мен ауызекі тілдің ара қатынасын, ерекшеліктерін түсінбеушіліектен туған пікір.
Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты- әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту. Осы күнгі баспасөз бетінде жиі қолданып жүрген жақыл, жүйек, атыз, жұлықтау сияқты сөздер бұрын бір аймақта қолданылып келсе, қазір жалпы халықтық сипат алады.
Егер бар сөзді талғамай, жатсынбай қолдана берсек, онда шейіннің орнына шекейін, ендешенің орнына әше, иенің орнына еге, сонаудың орнына тонау, аманбыз дегеннің орнына мұздай қара көк, барайық дегеннің орнына баралы, келесіз дегеннің орнына т.б. сияқты толып жатқан жергілікті ерекшеліктерді әдеби тілге енгізу керек болады.
Абай мен Ыбырай шығармаларында диалектизмдер өте аз (үш-төрт сөз). Сондықтан да ондай бірен-саран сөздер шығарманың тіліне ақау келтіре алмайды.
Қазақтың әдеби тілі, әсіресе сөздік қорымыз, әдбен қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Кейбір жағдайларда әр өлкеде әр түрлі айтылатын сөздердің ішінен мына сөз әдеби тілдің нормасы, мына сөз диалектизм деп кесіп айту қиын.
Қазір стильдік, синтаксистік, орфографиялық нормалары қалыптасқан әдеби тіліміз бар да, ауызекі тіл аясындағана қолданылатын сөздер бар. Ауызекі тілде кездесетін кейбір сөз бен сөйлемдерді әдеби тілде талғамсыз қолданып, шығарманың құндылығына нұқсан келтіруге болмайды.
Әрине, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер осы күнгі көркем шығармада, жазушылардың стиль ерекшеліктеріне жалпылық сипат алып отырған жоқ. Әдеби тілдің үлгісі не дегенде, біз ең алдымен көркем әдебиет тілін айтамыз. Әдеби тілдің нормасы дегенде тағы көркем әдебиет тіліне жүгінеміз. Тіл білімпаздары тіл зерттегенде, сөздіктер жасағанда ең алдамен көркем әдебиет тілін негізге алады. Түрлі мектеп оқушылары мен хрестоматияларға үзінділер беріп, біз мектеп оқушыларын мәдениетті, сауатты сөйлеуге көркем шығармаларын қадірлейді, көп оқиды, оның тілін үлгі тұтады. Егер көркем шығарма тілінде әдеби тілге жатпайтын кедір-бұдыр, өңделмеген сөйлемдер кездесіп отырса, ондай сөздер оқушылардың тілін байыта алмайды.
Жергілікті халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық тұлғаларды жиі қолданады.
Бізде көркем шығарманың тіліне үлкен талап қоярлықтай талғампаз, сауатты оқушылар өсіп жетілді. Сондықтан біз мұндай кемшілктерге жол бермеуіміз керек.
Әдеби тілдің даму бағыты әрқашан да бірыңғай сипатта болған емес. Дәуір талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді. Сөз өнерінің шебері әдеби тілдің белгілі дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге тиіс. Ол өзіне тән көркемдік, стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл творчествосымен, жаңалығымен белгілі кезеңде негізі салынған әдеби тіл дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталғаны мәлім. Абай дәстүрін, ол белгілеген бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлік пен дамытып отырған ақын- жазушылар бізде аз емес. Бірақ көркем әдебиетпен айналысып жүрген адамдардың ішінде қазақ әдеби тілінің даму бағытын жете түсінбейтіндер де бар. Сондықтан кейбір шығармаларды қолдану аясы тар сөздер, тілімізді шұбарлайтын диалектизмдер жиі кездеседі.
Біздерге талас тудырып жүрген мәселелердің бірі- көркем әдебиет тілінде диалектиздерді, жергілікті сөздерді пайдалану мәселесі. Көркем әдебиет тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пайдаланбау керек деу дұрыс емес. Бірақ әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық баяндауда көп қолдана бермей, жалпы халықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмді пайдалануды сөз еткенде біз екі нәрсені шатастырмаумыз керек. Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар.
Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерешеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл- жазушыға кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан- жақты көрсетуіне мүмкіндік береді.