Қазақ тілі сөздік құрамының аясы өте кең. Ол қазіргі әдеби тілде қолданылып жүрген сөздерден, сөйлеу тіліндегі лексика мен диалектілік лексикадан ғана тұрмайды. Қоғамдағы әр түрлі топтардың тіліндегі арнаулы сөздер де ұлттық тілдің сөздік құрамына кіреді. Олар әлеуметтік диалектілер деп аталып жүр. Қазақ тіліндегі сөз тудыру заңдары негізінде жасала отырып, бұлар да лексиканың басқа салалары сияқты, ұлттық әдеби тіл нәр алатын негізгі арналардың бірі болып табылады.
Әдетте әлеуметтік диалектілер жергілікті халық тілінде боатындықтан, көп жағдайда жергілікті говорлық, диалектілік ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Говорлардағы лексикалық өзгешеліктердің қалыптасу себептерінің бірі жергілікті жердегі шаруашылық, кәсіп түрлерімен байланысты. Сөйтіп олардан да белгілі жерге тән ерекшеліктер көрінеді. Арнаулы бір кәсіппен шұғылдану әр жерде кездеседі, бірақ оның өзінде сол кәсіптен туған сөздер бірыңғай болып келе бермейді.
Себебі жергілікті диалектілер сияқты, олар да нақты қоғамдық-әлеуметтік ортада , белгілі жағдайда қалыптасады. Мәселен, Арал, Каспий, Зайсан, Алакөл маңында балықты кәсіп ету кең тараған. Қазір бұл ірі шаруашылыққа айналып отыр. Бірақ осы жерлердегі балық кәсібіне байланысты сөздерде айырмашылық бар. Мысалы, Аралдағы аушы, ау қайық, көрінім сөздері Каспийде лапса, реюшка, закрой болып айтылады. Балық атауларында да айырма бар:
АралдаКаспийде
Бекіреқортпа, бекіре
Тістікөксерке
Тортақаракөз
Қаяз- (Шу бойында-теңге балық)
Күркінмәлек (Қорғалжында- мүлік)
Әлеуметтік тұрмыспен байланысты диалектілік ерекшеліктер жергілікті диалектизмдермен бір емес. Олардың негізгі айырмашылықтары “Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл” деген тақырыпта айтылған болатын. Оған қоса тек мынаны ескеру керек. Әлеуметтік диалектілердің қалыптасу, пайда болу жағдайы, себептері жергілікті диалектілерден басқаша. Қай тілде болсын, жергілікті диалектілердің негізі көне замандарда салынып, қалыптасуы феодалдық заманмен ұштасып жатыр. Мұнда ең басты себеп халықтың жергілікті аудандарының экономикалық бытыраңқылығымен байланысты.
Әлеуметтік диалектілердің анықтамасы, түрлері жайында әр түрлі пікір бар. А. С. Чикобава әлеуметтік диалектілерге белгілі мамандықтағы жұмысшылардың ( тоқымашы, етікші, балташы, қалаушы т.б.), ой еңбегі адамдарының ( дәрігер, агроном, математик, филолог ) арнаулы сөздерін және буржуазия мен дворяндық аристократияның “таптық” диалектілерін ( жаргондарын ) жатқызады. Л. А. Булаховский әлеуметтік диалектілер деп “таптық” диалектілерді, жаргондар мен салондық тілдерді ғана есептейді.
Біз әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипати бар сөздерге ғана тоқтаймыз.
диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ. Диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ.
Мәселен, Маңғыстау қазақтарының тілінде қыз ұзатуға байланысты: алапа (кәде), дойыр жығар, бастам-барай ( қыздың жеңгелеріне күйеу тарапынан берілетін кәделер); Жаугершілікке байланысты: жаншы (жансыз), ұран от (атой, от жағып белгі беру), шамшар (сауыт) сияқты тарихи сөздер;көшек ( бота), шақы (мүйіз), сүмесін (шалап) тәрізді архаизмдер; жар газеті ( қабырға газеті), жатыс (демалыс күн), жүндіхана (жүн қабылдайтын орын), қатерлеу (хабарлау), еңбеккүн құю (еңбеккүн есептеу) сияқты неологизмдер кездеседі.
Мен қарақұстан туған қалақпан. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген. Аламанға жол бердік. Аса жұртты меңгердік. Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, шамырқансам , тағы кетермін, Аса шапқан құлаша ат, Зымырандай болған күн.
Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ тілі сөздіктерін оның диалектологиялық картасын, атласын жасауға, тіл байлығын жинап пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Қазір халық шаруашылығының жеке салаларында әдеби тілді байыта түсетін жергілікті кәсіби сөздер аз емес. Қазақ әдеби тіліндегі өндіріс-шаруашылық лексикасының әлі де қалыптасып болмаған процесс екенін ескерсек, халық тілі говорларын түбегейлі, жан-жақты зерттеу аса қажет екені өзінен-өзі түсінікті.