Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеу арқылы қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын көрсететін тілдік нақты фактілердің көлемі кеңейеді. Оған жоғарыда келтірілгендерден басқа тағы мынадай мысалдар айтуға болады. Кейбір батыс говорларында кездесетін алажақ (алашақ, алатын), бережақ (берешек, беретін) формалары немесе әдеби тілде т айтылатын жерде д айтылуы ( теңіз- деңіз , төрт – дөрт, тізе —дізе), г айтылатын жерде к айтылуы ( үзеңгі- үзеңкі, үгіт- үкіт, жауынгер – жауынгер )- қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің (қазіргі түркімен, азербайжан т.б. тілдердің ) негізгі белгілері болып табылады. Ал бұл тілдік формалардың тарихы сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда жатыр. Бұл келтірілген мысалдар қазіргі тілдегі диалектілік өзгешеліктердің өзіндік тарихи жазба ескерткіштері аз сақталған қазақ тілі сияқты тіл үшін, оның тарихын зерттеуге бірден-бір нақты материал болып табылатынын көрсетеді. Бірқатар диалектілік ерекшеліктер жергілікті халық тілінде айтылуымен бірге, сол жерде кездесетін мақал-мәтелдердің құрамында да сақталып қалған. Мысалы, әкең мұрап болса да , құлақтың басында жүр. Тауық құсқа ұшу жоқ, там үйлерге көшу жоқ. Жаңыр болмаса, жер сағыр, тыңдаушы болмаса, сөз сағыр.
Сонымен бірге диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ.
Мәселен, Маңғыстау қазақтарының тілінде қыз ұзатуға байланысты: алапа (кәде), дойыр жығар, бастам-барай ( қыздың жеңгелеріне күйеу тарапынан берілетін кәделер); Жаугершілікке байланысты: жаншы (жансыз), ұран от (атой, от жағып белгі беру), шамшар (сауыт) сияқты тарихи сөздер;көшек ( бота), шақы (мүйіз), сүмесін (шалап) тәрізді архаизмдер; жар газеті ( қабырға газеті), жатыс (демалыс күн), жүндіхана (жүн қабылдайтын орын), қатерлеу (хабарлау), еңбеккүн құю (еңбеккүн есептеу) сияқты неологизмдер кездеседі.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы- изоглостық шектері- одан әлдеқайда кең.
Мен қарақұстан туған қалақпан. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген. Аламанға жол бердік. Аса жұртты меңгердік. Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, шамырқансам , тағы кетермін, Аса шапқан құлаша ат, Зымырандай болған күн. Астыма мінген арғымақ, Аяңдай түсіп марай ма? Көлденең жатқан Жайықтан Құралайдың күнінде Еркек қойдай бөлініп , Қырқарланып өткен ер т.б. (Махамбет шығармалары, 1951ж.)
Туғаным деп аямай, Сәуленің алтын ордаға Жаушылықпен ти деді. Жедел қуды батырды, Тентек ісі өзіне Егізбай ердің мақұлды. Егізбай мен Сегізбай Қос тұлпармен жөнеді, Кигені сауыт береңгі, Рауан жолға кенелді, Жал-құйрығын жел соғып, Жұлдыздай аққан сырғыды. Бір жабынды астынан Былаң етіп жөнелді, Ат сабылтып далады, Түлкі қуған жолшыны Ақмаржандар көреді, Өлімтігін қаңғының Түркімендегі көк төбет Алдына сүйреп тастаймын. Айнымайды Нарқыз да Ойлаған намыс қаралдан, Қатты таяқ зарпынан Қарашаш сұлу талады. Осы ас көпке даң болды, Асқа сойған көп малдан Аққан өзен қан болды т.б. (Байғанин, Таңд. Шығармалары, 1956ж).
Шиендеп, қаулап, жасарып, Қарады бойлап жаңа өмір. Меңіреу шыңды құлатып, Құлпасын таудың бұзыпты. Көмірдің мойтап алабы, жайқала орман-ну, бадал өсіп сол бір іргеге , Жер бетіне орныққан мық шегедей тау екен т.б.
Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ тілі сөздіктерін оның диалектологиялық картасын, атласын жасауға, тіл байлығын жинап пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Қазір халық шаруашылығының жеке салаларында әдеби тілді байыта түсетін жергілікті кәсіби сөздер аз емес. Қазақ әдеби тіліндегі өндіріс-шаруашылық лексикасының әлі де қалыптасып болмаған процесс екенін ескерсек, халық тілі говорларын түбегейлі, жан-жақты зерттеу аса қажет екені өзінен-өзі түсінікті.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы- изоглостық шектері- одан әлдеқайда кең. Мысалы, солтүстік- батыста маңдай, таңдай, түндік болып айтылатын сөздер, оңтүстік-шығыста маңдай, таңдай, түңлік болып айтылады.
Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулерді жиі қолданылса, енді біреулері өтесирек қолданылды. Қазақ тілінде жалпы халықтық сипат алмаған , әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлеміндеғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі.
Тілдегі диалектілік ерекшеліктерде қазақ тіліндегі грамматикалық, лексикалық категориялардың даму, өзгеру жолын байқататын материалдар да сақталған. Мысалы, қазіргі тілдік норма бойынша кезкелген етістіктен өздік етіс туа бермейді. Өздік етіс жасайтын белгілі етістіктер бар. Бірақ осы заңдылық норма болып бірден қалыптаспаған сияқты. Жергілікті говорларда кейде–ын жұрнағының қосылуымен басқа да етістіктерден өздік етіс жасалатыны (мысалы, болыну, шығыну, оқыну, қалыну) байқалады. Осыған ұқсас жағдайды қазақ тіліндегі көсемшелердің даму жайынан да көруге болады.