Қазақ тілінің диалектілері мен говорларындағы ерекшеліктер құрамы, сипаты жағынан біркелкі емес. Олардың ішінде көне замандардан қалған тілдік белгілер де, жергілікті тіл дамуынан туған құбылыстар да, басқа тілдердің әсерімен пайда болған ерекшеліктер де кездеседі.Бұл жағдай осы күнгі әдеби тіл тұрғысынан қарағанда жергілікті ерекшелік болып көрінетін сөздер мен тұлғалардың , дыбыстық құбылыстардың қазіргі дәуірге дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп , бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын аңғартады.Жалпы алғанда , қазақ говорлары төмендегідей қарым-қатнасқа түскені байқалады:
а) говорлардың туыс тілдерімен (өзбек, татар, қырғыз т.б.) қарым-қатынасы;
ә) говорлардың туыс емес, жүйесі бөлек тілдермен (орыс, араб, парсы) қарым-қатынасы;
б) говорлардың әдеби тілмен қарым-қатынасы;
в) говорлардың өз ара қарым- қатынасы.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі бірдей емес дедік. Бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс көлеміндей шағын территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу аймағы- изоглостық шектері- одан әлдеқайда кең. Мысалы, солтүстік- батыста маңдай, таңдай, түндік болып айтылатын сөздер, оңтүстік-шығыста маңдай, таңдай, түңлік болып айтылады.
Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулерді жиі қолданылса, енді біреулері өтесирек қолданылды. Қазақ тілінде жалпы халықтық сипат алмаған , әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлеміндеғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі. Оларды
л е к с и к а л ы қ, ф о н е т и к а л ы қ және г р а м м а т и к а л ы қ ерекшеліктер деп, үлкен үш топқа бөліп қарауға болады. Осы үш топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерден гөрі лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер тарихи, шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді.
1.Қазақ тілі мен оның говорларына тән өзіндік тума элементтер. Бұл топтың ішінде ескі көне тайпа тілдерінің қалдығы да, кейінірек, әсіресе Ұлы Октябрь революциясынан кейін пайда болған диалектілік ерекшеліктер де бар. Мысалы, пал-бал сөздеріндегі п/б алмасу, барғын, келгін (бар, кел), барғым бар (барғым келеді), барғым жоқ (барғым келмейді) сияқты грамматикалық ерекшеліктер көне заманнан келе жатқан байырғы құбылыстар қатарына жатса, күйенте-әпкіш, кемпір-ауыз-атауыз сияқты сөздер жаңа заттар мен құбылыстардың шығуына байланысты берірек дәуірде пайда болған.
2.Қазақ говорларына басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер. Бұл топқа араб, иран, орыс және көрші түркі тілдерінен енген сөздер мен тұлғалар кіреді. Мысалы, мұштау (жұдырықтау), мыштар (бәкі), жүдә (өте) сияқты сөздер өзбек тілінен, скірт (скирда), пірнәбес (принавес), бодан болу (подданный) сияқты сөздер орыс тілінен енген т.б. Кейде сөз тіркестерінің бір сыңары қазақтың тума, төл сөзі, екінші сыңары кірме сөз болып келуі мүмкін. Мысалы, жар газеті-қабырға газеті (жар-төл сөз, газет-кірме сөз), бодан болу-бағыну, қол астында болу (бодан-кірме-сөз, болу-қазқтың төл сөзі).
Жергілікті диалектілер мен говорлар жүйесі өте күрделі. Олардың қазіргі жағдай, өз ара қарым-қатынасы және ұлттық әдеби тілге қатысы туралы түсінікті неғұрлым жеңілдету үшін, тіл тарихына қысқаша тоқтауға тура келеді. Диалектілер мен говорлардың қай кезед қалай, қандай жағдайда қалыптасқанын, бір-бірімен қандай қатынаста болып келгенін қазіргі кезде дәл көрсету өте қиын. Дегенмен, шолу ретінде болса да, тіл дамуының негізгі кезеңдеріне қатысты тарихи деректермен танысу мәселесінің жалпы қойылысын, бағытын аңғаруға себепші болмақ. Қазақ халқының және оның біртұтас халық тілінің тарихы жайында бірталай зерттеу еңбектер бола тұрса да, бұл- әлі түгелдей жан-жақты талданылып шешелмеген мәселе. Ғылыми болжам, байымдау дәрежесінде жүрген жайлар аз емес.
Қазіргі тілдердің қай-қайсысының да негізгі өте көне замандарда
жасалғаны белгілі. Содан бері тілдер дамудың бірнеше кезеңін
басынан өткізді.
Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтық халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпы халықтық тілдің бөлігі, тармағы. Ал әлеуметтік диалект деп белгілі бір қоғамдық топтағы адамдардың я арнаулы кәсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз. Бұлардың қай- қайсысы болсын халықтық тілдің тармақтары болып табылады. Дегенмен, тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуы, тіл тарихында алатын орны, ұлттық әдеби тілге қатысы тұрғысынан алғанда, олардың біраз айырмашылықтары бар.
Қазақ тілі түркі тілдері семьясының қыпшақ тобына жататыны белгілі. Оның шығу тегі өте ерте замандардан басталады. Арғы кезі- батыс гунн, көне түркі дәуірлерімен , бергі кезі- оғуз, қыпшақ, ноғай бірлестіктерімент ұштасып жатыр. Қазақ жеріндегі көне замандардағы рулардан тайпалар, тайпалардан тайпалық одақтар, олардан халық құралған.
Халық я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпы халықтық
әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әр түрлі болып келеді. Бұлар тіл білімінде жергілікті және әлеуметтік диалектілер немесе говорлар болып екіге бөлініп жүр. Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтық халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпы халықтық тілдің бөлігі, тармағы. Ал әлеуметтік диалект деп белгілі бір қоғамдық топтағы адамдардың я арнаулы кәсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз. Бұлардың қай- қайсысы болсын халықтық тілдің тармақтары болып табылады. Дегенмен, тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуы, тіл тарихында алатын орны, ұлттық әдеби тілге қатысы тұрғысынан алғанда, олардың біраз айырмашылықтары бар.
Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін.Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып , бірнеше говор енуі мүмкін.Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде говорлар подговорға бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай болып келген говорлардың жиынтығы наречие деп те айтылады.