Қазақ шешендік өнерін көнелендіру, оның тарихын сонау ежелгі сақ, ғұндарға қатысты әңгімелерден, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінен бастау тенденциясын көтеру. Орхон, Енисей, талас, оның бер жағында орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бәрі-біз үшін ортақ дүние.
Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы сол халықтың әдеби тіліне қатысты болуы мүмкін екендігі. Бұл қатыстылық ең алдымен шешендіктің әдеби тіл арқылы жүзеге асатындығынан туындауы қажет.
Тарихымызда әдеби тілдегі шешендік ауыз әдебиетіміз, сон дай-ақ авторы белгілі жазба мұраларымыз, билер сөзі, ақын-жырау шығармалары арқылы көрінеді.
Сондықтан шешендіктің тарихын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымы мен тарих ғылымын ұштастырып зертттеу қажеттігі туындайды. Өйткені қазақ шешендік өнеріміздің жеткен шыңы мен басып өткен жолының қыр – сырларын тек әдеби тілдің тарихын сөз ете отырып тарихи тұрғыдан қарастырғанда ғана дұрыс тани аламыз.
Шешендік өнер сол тіл де сөйлеуші халықтың тарихымен, экономиканың саяси әлеуметтік жағдайларымен тікелей байланысты. Шешендік өнердің қптасу жолын тарих кешінен іздегенімізде, әдебиет туралы айтқан ғылымдардың пікірін келтіріп отырамыз. Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айту қиын.
Себебі қазақ шендік сөздері қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді. Бізге жеткен дерктерге сүйне отырып қақаз
шешендерінің атасы — Жиренше деп атауға болады.
Қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
- XI – XIII ғасырлар аралығы (Майқы би, Аяз би)
- XIV – XVI ғасырлар аралығы (Асан қайғы, Жиренше)
- XVIII ғасыр ( Төле, Әйтеке, Қазыбек билер ).
Шешендік сөздер қара сөзбенде, поэзия түрінде де келе береді. Шешендік сөздердің өзіне тән тілдік – көркемдік белгілері болады, сол белгілер көпшілікке қарата айтылған сөздерді ойға түрткі , сезімге қозғау салатындай көрікті де әсерлі етеді. Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз- әңгімелерден көрінеді. Аңыз — әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебетінде: тұрмыс- салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған. Шешендік сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып , ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір- білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп ажтақн оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз.
Қазақ шешендік өнерін шыңдап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас, халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын.
Қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болған. Сөз өнерін жеткі меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғар бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да, қай қоғам да үлкен сый – құрметке ие болып отырған.