Жеке іс парағы.

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы жұмысқа орналасу және аспирантураға түсу кезінде, ұйымдар, мекемелер талап еткен кездерде т.б. жағдайларда жазылады. Жеке іс парағы арнаулы бланк түрінде берілген ресми құжат. Мұнда жеке адам аты-жөні, жынысы, туған жылы, туған жері, ұлты, білімі, мамандығы т.б. өзі туралы қысқаша мәліметтер беріп өтеді. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен сәйкес жазылады.

Жеке іс парағы мынандай жағдайларда жазылады:

  1. Жұмысқа қабылдану үшін;
  2. Сайланбалы органдарға сайлану үшін;
  3. Аспирантураға түсу кезінде;
  4. Қызметкердің лауазымын көтеру кезінде т.б.
  • Жеке іс парағында көрсетілетін деректемелер:
  1. Құжат аты (жеке іс парағы)
  2. Жеке адам туралы мәлімет (аты-жөні, ұлты, азаматы)
  3. Кәсібі мен мамандығы
  4. Қоғамдық қызметі: еңбек жағдайы
  5. Отбасы жағдайы
  6. Мекен-жайы
  • Тірек сөздер.

Тегі, аты, жынысы, ер, әйел, ұлты, орыс, қазақ, азаматтығы, білімі,жоғары, экономист,мекен-жайы,атағы,награда,

қызмет.

  • Тірек сөз тіркестер.

Жеке іс парағы, жұмысқа қабылдану, туған жылы, туган жері, ұлты-қазақ, әлеуметтік тегі, жұмысшы отбасы, қызметкер отбасы, диплом бойынша мамандығы, жоғарғы оқу орны, қандай тілдерді білесің, ғылыми атақ, ғылыми дәреже, мемлекеттік наградалары, отбасы жағдайы.