Іс қағаздары баскару қызметіндегі ерекше бір сала. Олар жазу ісімен бірге пайда болды. Оның алғашқы кездегі қызметі ерекше бір фактілерді, оқиғаларды, бертін келе қоғамдық өмірдегі жеке қүбылыстарды көрсетіп, қағазға түсіру еді.
Сонымен қатар, қоғамның алғашқы даму сатысында адамдардың бір-бірімен қатынас қүрал ретінде пайдаланды. Топтық қоғам пайда болғаннан бастап олар қоғамдық нығайтудағы негізгі қүралға айнала бастады. Іс қағаздарына билеуші топ өздерінің артықшылық айрықша қүқыктық артықшылығын жаза алады.
Іс қағаздарының көмегімен мекемелер өз өкілеттілігін жүргізе бастады. Іс қағаздары өздерінің сипаты мен маңызы жағынан ерекшеленеді.Мәселен, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздарды сол мемлекеттің жазба түрінде берілген заңы болып табылады.
Оларда сол ел мемлекеттерінің қүқы белгіленеді. Мемлекеттің директивалық шешімдері басқару іс қағаздарының көптеген тұрлерінде нақгьшанады.
Мемлекеттік қүрылыстың әр кезеңдегі тарихын көрсетуде іс қағаздарының, тарихи қүжаттардың, алатын орны ерекше.
Мұндай құжаттарда (іс қағаздарына) сол мемлекеттің әр кезеңдегі атқарған істері, ерліктері, т.б. жазылады.
Іс қағаздары мекеме мен жеке адам арасында да пайдаланылады.Қызмет кағаздарымен қоса мекемелерге көптеген өтініш, шағым ретінде де іс қағаздары түсіп жатады.
Іс қағаздарын жүргізу үшін түсінігінің ішіне басқару аппаратының басқару функцияларын жүзеге асыру үрдісі кезіндегі қүжаттарды тіркеу жұмысты үйымдастыру қызметі кіреді.
Іс қағаздарын жүргізу ісінің басты мақсаты-мекемелердің үзіліссіз және жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарын жүргізу мына кезендерден:
Қүжат айналымы жөне құжаттаудан тұрады.
Құжат айналымы мекеменің өз жасаған жөне сырттан келген дайын қүжаттармен жүмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Олар: қабылдау, орналастыру, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтау, іс күру, оларды сақтау және жүзеге асыру, күжаттарды жіберу.
Құжаттау ісіне — құжатты дайындау, қүру, келісу, толтыру және осы жасау амалдары кіреді. Қүжаттау жүйесінің мақсаты белгілі бір талаптардан жөне қүжат жасау і нормаларынан түрады. Бір нормалар заңды актілермен белгіленген.Оларға нүсқаулар мен іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ведомстолық нормативтік құжаттар жатады.