Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі — оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдагы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары — басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу — басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындагы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу — мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат — тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат — жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі — орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да арыз, резюме, жеке іс парагы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасына жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге тура келеді.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу — пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемелекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұгындыру.
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
Іс қағаздарын жургізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Қазақ ресми іс қагаздар стилі халықтың қогамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанр-лық тармақталуымен, қогамдық қызметінің артуымен бай-ланысты дамып, жетіліп отырган. Қазақ ресми іс қагаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арна-дан сусындаганын байқауга болады. Бірі — сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да ресми құжат үлгілері. Екіншісі — қазақ жерінің Россия мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс.
«Іс қағаздары » деп аталатын екінші бөлімде іс қағаздарының түрлері, олардағы реквизиттер, іс қағаздарының ж-зылу стилі сөз болады. Бұған дейін қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша жүргізіліп келгені мәлім. К,азіргі таңда республикада мемелекеттік органдар іс қағаздарын мемелекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы да қатар қолданылып жүр. Оқулықта осындай нұсқалардың әлі қалыптасып үлгермегендерін екі тілде қатар беріп отырдық. Мысалы, резолюция — бұрыштама, резюме — түйіндеме т.б. Протокол терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа дейін мәжіліс хат, хаттама сөздері қатар қолданылып келді. Соңғы уақытта «хаттама» сөзі термин ретінде көп қолданылып, қалыптаса бастағандықтан оқулықта хаттама нұсқасын алдық. Хаттаманың қоғга берілетін белгілі бөлігін (выписка из протокола) осыған дейін хаттамадан көшірме деп атап келдік. Енді осындағы көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның мағынасын дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірімен шатастырмас үшін хаттамадан көшірме емес, хаттамадан үзінді деп алдық. Біріншіден, екі терминді бір сөзбен атағанша, әрқайсысының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан үзінді (выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын көшірмеге қарағанда дәл ашады. Шынында да хаттамадан көшірме деп атап жүрген құжатымыз хаттаманың бүкіл мазмүнының көшірмесі емес, тек білгілі бір қажетті бөлігінің ғана үзіндісі.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс іс қағаздарын, олардағы терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз. Тіпті бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібергіміз келмейді, түгендеп отырамыз, кейде осыны қатаң ұстанамыз деп шарттылыққа, түсінбеушілікке ұрынамыз. Мысалы, орыс тіліндегі делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан, соңғы кезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзінің баламасы жоқ болғандықтан оны алып тастапіс жүргізу деп айту, жазу, белең алып жүр. Негізінде іс жүргізу заң орындарында қолданылатын термин болып қалыптасқан. Беретін мағынасы да көпшілікке түсінікті — белгілі бір қылмысты істі жүргізу. Осыған орай істі болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс тоқтатылды, істі жүргізу пәленшеевке тапсырылды деген сияқты тіркестерді жиі қолданамыз. Олай болса делопроизводство сөзін іс жүргізу деп алудың қанша қажеттігі бар? Оқулықта делопроизводство сөзі іс қағаздарын жұргізу деп берілді. Біріншіден іс қағаздарын жүргізу сөзі бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден өз мағынасын толық, айқын бере алады, үшіншіден іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан, өзінің беретін мағынасы, атқаратын қызметі, қолданылу ерекшелігі бар, төртіншіден әрқайсысының өз атауы тұрганда екі терминді бір сөзбен беру қажеттігі жоқ. Қазақ тілі бай, терминдердің баламалары да жетерлік, бәрін ғылыми негіздеп, байыптап алу керек.
Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге тусіру үшін де біраз уақыт керек болады. Біздің мақсатымыз іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.