Тілдің хабарларды тиянақтау, сақтау және басқаларға жеткізу қызметі ойлаумен бірлікте, шындық дүниені танып білуге бағытталған адамның бүкіл рухани іс — әрекетімен тығыз байланысты, өйткені ол екеуі бірге туып, қалыптасып, дамып келеді. Адамдардың өзара ой пікір алмасуы ең алдымен оймен тілдің өзара байланыс проблемасы болып табылады. Ұзақ ғасырлар бойғы даму тарихында тіл ұғымы да, ойлау ұғымы да түрліше мазмұнға ие болады. Тілдің әуел бастағы, қазіргі кездегі тар мағынада алғандағыдай, ұғымы табиғи сөйлеу тілін, яғни адамдардың ойлау, хабар жинау және тарату, басқалармен қатынас жасау үшінқызмет ететін тарихи қалыптасқан дыбыстар жүйесін білдіреді. Ал кең мағынада алғанда, тіл дегеніміз белгілі бір халықтың тарихи — әлеуметтік тұрғыдан жинақтап тұжырымдаған, ұлттық сипатта өңдеген сөздік құрамы және сол халықтың сөйлеу ерекшеліктеріне сәйкес грамматикалық құрылысы мен заңдылық, ережелері бар қатынас жасау құүралы. Бұған информация жинау, сақтау және өңдеу үшін қызмет ететін барлық таңбалар жүйесі, оның ішінде мәселен,электрондық есептьеу машиналарының жұмысын програмалаушы формальдық “тіл” де т.б. жатады. Кең мағынада алғанда тіл жалпы, абстракциялық ұғым, өйткені оған бүкіл сөздердің бар қорымен грамматикалық ережелер, ауызша үтір жазбаша сөйлеу баспасөз, мылқау – саңлаулардың ымдау, соқырлардың картон қағазға тесіп жазылған тілі және басқада қатынас жасау құралдарының бәрі жатады.
Тілдің танымдық қызметін дұрыс түсіну үшін оны ұғынық ойлаумен бірлігінің қалыптасу тарихына қысқаша талдау қажет, өйткені тілдің шығуының коммуникативтік функциясын ашып көрсетумен ғана, яғни қоғамдық еңбек қызметін бірлесе орындаушы алғашқы «адамдардың бір – біріне бірдеңе айту қажеттігінен» туғандығын дәлелдеумен ғана шектелсек, бұл сыңаржақтылық болар еді. Сондықтан тілдің гнесеологиялық функциясын да, яғни адамдардың бір- біріне айтқысы келген «бірдеңенің» не нәрсе екенін, яғни ол «бірдеңе» заттармен құбылыстар олардың қасиетті сапасы жайлы білім мен тәжірибелер екенін, олар қалай пайда болып, тілді қалай тұжырымдалғанын ашып көрсету қажет.
Когнитивті модельдер теориясы.
Гиздатовтың тұжырымынша: «Когнитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі түсініктің (ұғымының) бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құүралады. Когнитивтік модель – сөздің лексикалық мағынасын кодталған ақпараттың бұл модель білімнің танылуы мен сақталу формасы» — деп түсіндіріледі.
Беляевский пікірінше, когнитивтік модель — лексикалықмағынаның тереңдік дәрежесін көрсетеді. Бұл модель мағыналақ және логикалық құрылымнан туындайтын абстракция модельдері жайлы ақпароат ретіндеде танылады. Когнитивтік модель құрылымы концепт құрылымымен бара – бар. Когнитивтік модел білімді таныту және сақтау формасы ретінде танылады. «Концепт» ұғымы өз ішінде обьект қатынастарды реттейді.
Когнитивтік модель – тілдік бірлік мазмұын когнитивтік бейнелеу. Оның құрамында операциялар жиынтығы бар – деген А.Барановтың тұжырымын негізге алуға болады. Сонымен концепт бұл әрі когнитивтік бірлік болып табылады.