Когнитивті лингвистикалық атластар бір тілдің атласы түрінде де туыстас тілдердің тобын түгелдей қамтитын атлас түрінде де жасалады. Мысалы, орыс тілінің говорларының атласы («Атлас русских народных говоров центральных областей к востоку от Москвы») жасалып, 1957 жылы жарық көрді. XX ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған Лингвистикалық география XX ғасырдың бойында үлкен жетістіктерге жетті. Бірқатар Европалық тілдердің ұлттық атласы жасалады. Жекелеген кішірек териториялар үшін арнаулы көптеген атластар құрастырылды. Соңғы он жылдың ішінде славиян тілін лингвогеографиялық тұрғыдан зерттеу анағұрлым алға басты. Қазіргі кезде жеке славиян тілдерінің атластарын жасау жұмысы барлық славиян елдерінде жүргізілуде. Кеңес одағында орыс, украин, беларус тілдерінің атластары жасалып жатыр. Кеңес одағындағы басқа халықтардың тілдерінің лингвистикалық географиясын жасау жұмыстары да жүргізілуде. Мұның барлығы лингвистикалық географияның теориялық мәселелерінің қазіргі заманғы тіл білімі үшін маңызды екендігін көрсетеді.
Когнитивтік көзқарас жаңа сөз жасау, қолданылу мәселелерін басқа қырынан «көріп», жаңаша баалауға мүмкіндік береді. Шындығында, ұғымның басты белгілерін анықтауға адам ойының, таным деңгейінің рөлі ерекше екенін қазіргі когнетивтік лингвистика дәлелдеді. Бұл арада атаудың программатикалық мақсаты ғана негізге алынуы жеткіліксіз. Қоршаған орта құбылыстарының көрінісінің адам ойымен таным жүйесінде зерделенуі ой мен тілдің анықтауыштық, құрауыштық функцияларын құрайды.
Когнитология жеке адамның және ұлттық ойлаудың сипатын көрсетеді. Жеке адамның ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік білігіне тәуелді болса, ұлттық ойлау, ұлттық тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады. Мысалы: А.Байтұрсынұлы қалыптастырған жүздеген терминдер белгілі. Ал солардың қалың көпшілікке етене жақын болып кетуін, табиғилығының фонеменін, біздіңше, осы танымдық негізінде түсіндіруге болады. Басқаша айтқанда, қазіргі қазақ тіл білімінде де қалыптасып, қанат жайып келе жатқан « тіл мен ұлт біртұтас» деген қисынға сәйкес тіл табиғатын зерттеуді сол тілде сөйлеушінің танымынан тыс қарамайтын үрдіс теориялық әдістемелік ретінде терминжасам теориясына да қолданылуы қажет етеді.Соның негізінде анықталатын термин жасамның тілдік тектері осы саладағы субьективті факторды жоққа шығарып, обьективті сипат бермек. Бұл арада танымдық негіздің ұлттық ерекшеліктерінің мәні ерекше.