А. Байтұрсынов қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Қазақ әдебиеті мен қазақ тілін, мәдениет тарихын зерттеуші тұңғыш филолог, тарихшы ғалым Қазақстан ғылым ұйымдастырушылардың бірі.
А. Байтұрсынов шығармашылығындағы термин жасау ұстанымының негізгі арқауы осы. Себебі, термин қалыптастырудағы негізгі талаптар: ұлттық қоғамдық әлеуметтік мүдде тұрғысынан қойылар талаптарғ сай болу. Олай болса қоғамдағы ғылыми «көкжиегін», білім аясын жаңа сапада өсіру мұратын есте тұтады. Ол үшін термин маманға ғана таныс жасанды таңбалардан ғана жасалмай, термин жасауда халықтың тарихи-мәдени кодтық жадын жаңғырту да ескерілген жөн екенін жалпы тіл табиғатын анықтауға негіз ретіндегі когнетивті лингвистика тұрғысынан дәлелдеудің мәні ерекше. Осы жаңа ғылыми бағыттар тұрғысынан саралап қарасақ,осы қисынға сәйкес термин жасап А.Байтұрсынұлы бастаған зиалылардың қазақ тілінде термин түзуді ұлттық тіл мүддесі мен таным тұрғысынан, ана тілінің табиғатына сай жасауға ұмтылыстарынан басталғанын байқаймыз.
Когнитивтік көзқарас жаңа сөз жасау, қолданылу мәселелерін басқа қырынан «көріп», жаңаша баалауға мүмкіндік береді. Шындығында, ұғымның басты белгілерін анықтауға адам ойының, таным деңгейінің рөлі ерекше екенін қазіргі когнетивтік лингвистика дәлелдеді. Бұл арада атаудың программатикалық мақсаты ғана негізге алынуы жеткіліксіз. Қоршаған орта құбылыстарының көрінісінің адам ойымен таным жүйесінде зерделенуі ой мен тілдің анықтауыштық, құрауыштық функцияларын құрайды.
Когнитология жеке адамның және ұлттық ойлаудың сипатын көрсетеді. Жеке адамның ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік білігіне тәуелді болса, ұлттық ойлау, ұлттық тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады. Мысалы: А.Байтұрсынұлы қалыптастырған жүздеген терминдер белгілі. Ал солардың қалың көпшілікке етене жақын болып кетуін, табиғилығының фонеменін, біздіңше, осы танымдық негізінде түсіндіруге болады. Басқаша айтқанда, қазіргі қазақ тіл білімінде де қалыптасып, қанат жайып келе жатқан « тіл мен ұлт біртұтас» деген қисынға сәйкес тіл табиғатын зерттеуді сол тілде сөйлеушінің танымынан тыс қарамайтын үрдіс теориялық әдістемелік ретінде терминжасам теориясына да қолданылуы қажет етеді.Соның негізінде анықталатын термин жасамның тілдік тектері осы саладағы субьективті факторды жоққа шығарып, обьективті сипат бермек. Бұл арада танымдық негіздің ұлттық ерекшеліктерінің мәні ерекше.
Осымен байланысты бір мысал: А.Байтұрсынұлы қалыптастырған көсемше термині. Көсем сөзінің қазақ танымдағы мәні белгілі. Ал, оның лингвистикалық, грамматикалық қызметіне сай мәнді сабақтастық қызметіне сай мәнді сабақтастығы, дәлдігі дау тудырмайды.
Демек мағыналық дамудың нәтижесінде терминденген сөздердің табиғатын талқылау және қабылдау танымға қатысты кейбір маңызды мәселелерге тоқталуды қажет етеді. Яғни осымен байланысты психолингвистикалық философия, логика лингвистикамен т.б. сабақтастығының маңыздылығы ерекше.
Кеңес дәуірінде қазақ тілін тұңғыш рет ғылыми түрде зерттеген маман-лингвист Қ.Жұбановтың еңбектері бұл күнде қолға түсе бермейтін сирек ұшырасатын дүниеге айналып кетті. Қ.Жұбановтың жеке адам басына табыну дәуірінің құрбаны болуына байланысты, оның көптеген кітаптары, мақалалары пайдаланылмай кеткен, кейінгі бірқатар қолжазбалары жарық көрмей, архивтерле ғана сақталып қалған болатын. Кейбір еңбектері өз кезінде жеке кітап болып шыққан немесе әртүрлі журналдар мен жинақтарда жарық көрген.
Профессор Қ. Жұбановтың еңбектері мен мазмұны жағынан әр түрліше тақырыпты қамтиды: ең алдымен ол қазақ тілі грамматикасын, фонетикасын мәселелерін зерттеген адам, сондай-ақ Қ.Жұбанов 20-30 жылдардағы қазақ әліппесі, арфлграфиясы және терминологиясы мәселелерін шешуге де белсене қатысқан. Мұнан басқа Қазақстандағы мәдениет пен өнер жайы да көрнекті білім пайызына назар аударған.