Тіл білімі «Адам баласы қай заманда және қалай сөйлеп үйренді?» деген сұраққа жауап беру барысында антропологиямен жақындасады. Антропология –адамның биологиялық табиғаты, органикалық тіршілік ішінде адамның алатын орны, алғашқы адамның пайда болуы, адамның адам тәрізді жануардан айырмашылығы, көне заманмен қазіргі замандағы адамның морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы тілінің пайда болу дәуірін айқыидауға әсіресе палеантропологияның деректері айрықша маңызды.
Когнитивті лингвистикалық зерттеулерде кейде географиялық фактілерге де назар аударуға тура келеді. Тілдік құбылыстар кейде географиялық жағлайлармен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, таулы аймақтарда тілдері әртүрлі, саны шағын халықтардың (мысалы, Кавказ бен Памирдегі және т.б. таулы аймақтардағы халықтар мен тілдер) болуы теңіздер мен мұхиттардың аралдарды мекендеген халықтардың қатынасын жасауына, тілдердің бір-біріне әсер етуіне мүмкіндік бере бермеуі; кең териториядағы диалектілердің бір-бірінен алшақтауы немесе, керісінше тар териториядағы диалектілердің бір-біріне жақын болуы –осылардың бәрі географиялық жағдайлардың белгілі дәрежеде тілге ісер ететіндігін көрсетеді. Демек бұл жайлардыда лингвистикалық зерттеулерде ескеру қажет болады.
Тіл білімі мен географияның өзара байланысты ғылымның жаңа бір саласы –лингвистикалық географиядан көрінеді.
Когнитивті лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстардың қандай територияға тарағанын және географиялық тұрғыдан алғанда, қай териториямен шектелетінін көрсетеді.Лингвистикалық географияның, әсіресе диалектілерді зерттеуде, белгілі бір диалектінің таралу шегін айқындауға үлкен маңызы бар.
Когнитивті лингвистикалық атластар бір тілдің атласы түрінде де туыстас тілдердің тобын түгелдей қамтитын атлас түрінде де жасалады. Мысалы, орыс тілінің говорларының атласы («Атлас русских народных говоров центральных областей к востоку от Москвы») жасалып, 1957 жылы жарық көрді. XX ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған Лингвистикалық география XX ғасырдың бойында үлкен жетістіктерге жетті. Бірқатар Европалық тілдердің ұлттық атласы жасалады. Жекелеген кішірек териториялар үшін арнаулы көптеген атластар құрастырылды. Соңғы он жылдың ішінде славиян тілін лингвогеографиялық тұрғыдан зерттеу анағұрлым алға басты. Қазіргі кезде жеке славиян тілдерінің атластарын жасау жұмысы барлық славиян елдерінде жүргізілуде. Кеңес одағында орыс, украин, беларус тілдерінің атластары жасалып жатыр. Кеңес одағындағы басқа халықтардың тілдерінің лингвистикалық географиясын жасау жұмыстары да жүргізілуде. Мұның барлығы лингвистикалық географияның теориялық мәселелерінің қазіргі заманғы тіл білімі үшін маңызды екендігін көрсетеді.