Термин дегеннің өзі белгілі бір ғылым саласына меншіктелген сөздер екені белгілі.
Қазақ теринологиясының мәселесі ең алғаш рет 1924 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен ғылыми қызметкерлердің республикалық І съезінде кеңінен сөз болған екен. Мұнда болған салихалы әңгімелер термин жасау ісіндегі кейбір принципті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, пікір түйіндеуге мүмкіндік берген сияқты. Сөйтіп, қазақ қауымы алдағы конференцияға бір шама дайындағанға ұқсайды. 1926 жылы Баку қаласында болған түркологтардың Блүкілодақтық І съезі тікелей осы мәселелерді қарастырды. Мұнда арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де алфавит, орфография және терминология мәселелері арнайы сөз болды. 1930 жылы Москва қаласында халық ағарту ісін арнайы қараған партияның бүкілодақтық мәжілісінде де СССР халықтары тілінде термин жасаудың ғылыми принциптері қарастырылды.
Қазақ терминологиясына қатасты деректерді қарап отырсақ, Қазақстанда терминология мәселес3не 1925 жыл мен миссарнаты жанындағы методикалық бюро және осы кезде құрылған Терминология комиссиясы жетекшілік жасап келіпті. 1931 жылы басылып шыққан “Атаулар сөздігі” – сол жылдар жемісі.
Осы тұста ғылыми – техникалық прогрестің түбегейлі дамуына тікелей қатысты бар және қазақ терминологиясының да дамуына әсері мол болған академик Е.А. Чаплыгин (1879 — 1942) мен Д.С. Лоттенің еңбегін ерекше атауға міндеттіміз. 1933 жылы осы ғалымдар ұсынысы бойынша СССР Ғылым академиясында қазіргі ғылыми – техникалық терминология Комитеті (КНТТ) ұйымдасқан болатын. Бұл комитет терминология мәселесімен шұғылданушы барлық мекемеге жәрдем етуі тиіс еді. Сол міндетін күні бүгінге дейін атқарып келеді. Бұл мәселеде Москвада болған барлық шаралардан Қазақстан ғалымдарының қалыс қалмағандығы мәлім. Олардың да қарап жатпағандығын дәлелдейтін жоғарыдағы деректерге қоса мынаны айта аламыз. Дәл осы 1933 жылы Қазақ Автономиялық Республикасы Халық Комиссарлар Советінің 508 санды Қаулысымен Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) құрылған. Оның тұңғыш председателі Қ. Жұбаннов мүшелері Б.К. Асфендияров, Г.К. Бірімжанов т.б. болған.
Алғаш ұйымдасқан күннен бастап, бұл комиссия өте пайдалы жұмыстармен айналысты. 1935 жылы мәдени құрылыс қайраткерлерінің бүкіл қазақстандық І съезі ашылар қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссиясы Бюллетенінің төрт саны жарық көрді. Бюллетеньнің бұл сандарында алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт – бағдар сілтейтін материалдар жарияланды. Әсіресе, қазақ тілі терминдері мен орфографиясы жөніндегі жоба Қ. Жұбановтың мақалдарында термин сөздің ерекшелігі және жасалу принциптері жайында келесі әңгіме қозғалды. Қазақ тіліндегі терминдердің дұрыс дыбысталуы мен қалыптасуына үлкен септігі тиген шараның бірі ретінде Қ. Жұбановтың қазақ алфавитінің құрамына “ф”, “х” әріптерін енгізу туралы ұсынысын айтуға болады.