1936 жылдан бастап Совет Одағының халықтары орыс алфавитіне көше бастады. Бұл істе орыс халқымен өзге ұлттар арасында саяси, экономикалық, мәдени қарым – қатынас және олардың өзара көмегі ерекше болды. Сөйтіп, осы заманғы бүкіл саяси және ғылыми ақыл – ойдың жаршысына айналып, классикалық әдебиеттің тамаша туындыларын жариялап, орыс тілі тарих сахнасына шығып, ұлтаралық тіл ретіндегі қызметін көрсетті.
Орыс алфавиті халықты алдыңғы қатарлы теориямен таныстырды. Бұл алфавит еңбекші бұқараның өз талап – тілегіне орай қабылданды. Қазіргі тұрғыдан алғанда, бұл пікірдің шикілік тұстары бар.
Жалпы алфавитке көшу кезеңі әр түрлі ұлт республикаларында тіл және мәдениет институттарының ашылуымен тұспа – тұс келіп жатты. Осыдан былай қарай тіл құралы бүкіл халықтық іске айналып, бұған еңбекшілер қызу араласа басталды.
Қандай бір салада болсын орыс алфавитін қабылдаудың мәні ерекше болды. Жазу жүйесін жетілдіруде, ұлттық әдеби тілдерді дамытуда және Совет Одағынадағы ұлттардың мәдени дәрежесін көтеруде орыс алфавитінің атқарған қызметі бар. Осы алфавит арқылы біз орыстың озық мәдениетін игеріп, дүниежүзлік мәдениеттің алтын қорынан нәр ала бастадық. Сондай – ақ, мектептерде сабақ беру жүйесі жеңілдене бастады.
Қазақ халқының орыс тілін үйренуіне мүмкіндік туды. Орфографиялық норманы қалыпқа келтіруде, қоғамдық – саяси лексика мен ғылыми – техникалық терминдерді жасауда орыс жазуының көмегі бар екенін байқап келеміз.
Алфавит атаулыға баға беру үшін оның адамзат қоғамында атқаратын қажетінне қарай және бүкілодақтық прогреске қаншалықты пайдасы бар деген тұрғыдан қарау керек. Осыған қоса мәдениетті ертеден дамыған елдің жағдайымен санасу қажет. Орыс алфавиті мұндай шарттардың бәріне жауап беріп отыр. Қазақ халқының қалауымен қабылданған бұл алфавит қазір отыз жылдан аса уақыт бойы ұлттық мәдениетімізді дамытуға қызмет етіп келеді. Орыс тілі негізінде жасалған орфографиямызды қалыптастыруда қазақ лингвисттерінің еңбегі зор.
Сөйтір жазуымыздың бірнеше сатылы кезеңдерін саралай келе айтпағамыз, қай тұрғыдан алып қарасақты, орыс графикасына негізделген алфавиттің артықшылығы туралы сөз қозғауға болатындығы.
Тіліміздің қазіргі даму деңгейін дәл таңбалап отырған жазуымыз әлі талай қызмет етуі мүмкін.
Әрбір сөздің, әрбір терминнің графикалық пішінін дәл түсіруде орыс алфавитінің едәуір мәні бар екендігін байқауға болады.
Халқаралық терминдер түгілі байырғы қазақ сөздерінің өзінің мағыналық әрі құрылымдық ерекшелігін, тұлғалық өрнегін беруде араб жазуының да, латын әліппесінің де кейбір кемшіліктері болғаны белгілі.
Қазір жер жүзі тілдерінің көбіне ортақ халқаралық терминдерді таңбалаудақазақ жазуы ешбір елден қалыспайды. Сауаттылықты жетілдіруде ерекше роль атқаратын қазіргі жазуымыздың өрелілігін термин таңбалаудан да тануға болады.