Термин жасап, оны қолданысқа ендірудің бірден – бір дұрыс жолы сөздіктер түзу болмақ. Түзілген сөздік бі р жағынан сол өзі қамтып отырған объктінің дамуын яғни ғылым саласының қаншалықты дамығанын көрсетсе, екінші жағынан терминологиялық лексиканың нормалана түсуіне, әдеби тіл деңгейінің де қалыптаса бастаыуына септігін тигізеді. Ендеше әдеби тіл дамуында мұның маңызы ерекше.
Тіл материалы сөздік ретінде жинақталарлық дәрежеге жеткенге дейін біраз іріктелу сұрыпталу, даму егенінен өтеді. Яғни қоғамдағы ірі – ірі өзгерістерге лайықты тілдің де әлгіде сапада өріс алуына мүмкіндік туады. Білім, ғылым дамыды, баспасөз жанданады, әдебиет пен өнерге деген құштарлық артады, мәдениет пен экономика өрге басады. Міне осындай объективті факторлар жинақтала келе тіл құрылысында бұрын соңды болмаған даму пайда болады.
Ғасырлар бойы халық қажетін өтеп, не қилы ғаламат ұғым, түсінікті бойында сақтап келе жатқан ана тілі қазынасы қоғамдық құбылыстардың өрбінуіне септігін тигізе отырып, өзі де үнемі қашалып, сұрыпталып, жүйеленіп келген. Соның ішінде сөздердің терминге айналуы, тілдің терминологиялық жүйесінің пайда болуы белгілі бір объективті себептермен түсіндіруге тиіс. Лексиканың қатпарына көңіл бөліп, оны жинақтау, насихаттау әрекеті ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басынан бастап болған. Сол кездегі там – тұмдап қазақ тілінде шыға бастаған газет, журналдар материалдарын қарасақ, термин деп айдар тағып арнайы аталмағанымен, терминдік қызметі айқындала бастаған сөздер тізімдерін беру тәжірибесін кездестіреміз. Бұл дәстур 20 жылдарға дейін жалғасқан. Оған “Түркістан уәлаятының газеті”, “Дала уәлаятының газеті”, “Айқап” журналында беріліп отырған материалдар дәлел бола алады. Бұл кезең зерттеушілер назарынан аса қалмайды.
Сөздік тузу әрекеті айтылу сөздердің қолданыстағы табиғаты туралы және оларды жинақтап саралау тәжірибесі 20 жылдар мен 30 жылдар басында дами түскен. Мысалы 1931 жылы Қызылордадан шыққан “Атаулар сөздігі” алайық. Халық ағарту жұмысына, сауат ашу ісіне едеәуір септігі тиген бұл сөздіктің негізгі мазмұны сол кездегі идеалогиялық күрестің кейбір керт тарпа пікірлердің салқыны тимей өтпеген тәрізді. Уақыттың талабына сай солардың қай – қайсының да терминологиялық жүйесін жасау, оны қалыптастыру қажет болды. Газет, журналдар ментермимком ұсынып отырған терминдерді өз беттерінде жариялап отырды, кейбір жеке шыққан көркем шығармалар соңына да атау сөздері тіркеліп берілді. Термин мұқтаждығын қалың жұртшылық сезіне бастады.