Біздің елімізде бұрынараб жазуын пайдаланып келген халықтар 20 жылдары біртіндеп латын әрпіне кешуді, қолға алды. Бұл қозғалыста ең әуелі азербайжан халықтары бастаған болатын. Мұнда арнаулы комитет құрылып, оны Н. Нариманов басқарған болатын. 1926 жылы февральда Бакуде түркі тілдкс халықтар жазуға латындастырылған бағытталған. Бүкіл одақтық түркологиялық І съезі болып өтті. Съезде жаңа алфавитті еңгізу жұмыстары жөніндегі орталық комитет болды. Оның бастығы болып сол кездегі Азейбаржан орталық атқару комитетінің председателі С. Агамалы — Өглы сайланды.
Баку қаласында латын алфавитінің 6 жылдығына байланысты өткізілген мейрамға қатысты М. Горькийдің мына бір естелігі қызық: “Араб алфавиті латынша алмастырудың инициаторы түркі республикаларының президенті, ғажайып Хат Самед аға сөйлеп, латын алфавитін қолдады”. Сонымен біртіндеп барлық түркі тілдес республикалар латын әрпіне негізделген жаңа алфавитіне көшті. Бірақ, бүкіл халықтық істің жүзеге асу жолында да талай қийындықтардың болғаны мәлім. ССР халықтарының жазу жүйесін қалыптастыруда ерекше кезең болып есептелетін латын әрпіне көшу ісінің мәдени әрі әлеуметтік өмірімізде әжептеуір рөль атқарғанын атап айтқан жөн. Бұл ең алдымен, мұсылман дінін уағыздауға бийім араб жазуынан халықты арашалап алып қалды, сөйтіп, әлеуметтік прогресті жетілдіре түсудің бір мықты құралына айналды. Жаңа алфавит жасауда латын графикасының басқаларға қарағанда ыңғайлы екені белгілі болды. Оның тағы бір үлкен пайдасы, енді өзара туыс тілдерде жарияланған көптеген материалдар мен көркем әдкбиеті оқуға мүмкіндік туды. Оның үстіне сәл де болса орыс алфавитіне жақындай түстік. Сонымен 1930 жылы барлық түркі халықтары латын әрпін қабылдап бітті. Бұл процестің Кеңестік шығыстағы мәні зор мәдени төңкеріс есебінде бағалануы тегн емес. Латын әрпіне көшу нәтижесінде бұл жылдары 40 тілде жүзден аса газет, журналдар мен түрлі әдебиеттер шыға бастады. Алайда, алфавиттерді латындандыру кезеңінде кемшіліктердің асыра сілтеулердің де болғанын жасыра алмаймыз. Қайсы бір қызу қанды жолдастар латын алфавитін дүниежүзілік комунисттік қоғам алфавиті деп қорытынды жасаудан да тайынбады. Бұл алфавиттің белгілі дәрежеде пайдасы болғанмен, бұрынан орыс графикасын қолданып үйреніп қалған кейбір халықтар үшін зияны тиген еді. Мәселен, удмурт, мордва, чуваш, кими, ойраттардың мәдени тарихынан біз осыны аңғарамыз. Латын алфавиті бұл халықтардың табиғи мұқтаждықтарына қайшы жасалғанын көп зерттеушілер айтып жүр. Ал өзін тіпті интернационалитпін деп есептейтін И. Хансуваров түбінде дүниежүзілік революция шеңген кезде барлық халықтар үшін негізгі роль атқаруға тиісті алфавит осы латын алфавиті – деп асыра мақтады. Орыс алфавитін негізге алғысы келген әркеттер контреволюциялық қылқ есебінде қаралып, одан егді безіндіруге дейін барды.