Әріптік жазу қоғам өмірінде күрт мәдени өзгерістер әкелді. Тіпті мәдени өрлеулерге себепті десек, артық бола қоймас. Алфавит көпшіліктің тезірек хат танып, жылдамырақ сауаттануына жол ашты. Жұртшылықтың сауаттану арқылы алға қойған мақсаттарына жеделірек жетуіне, қоғамның ілгері дамуына сеп болды.
Жазудың шығу, пайда болу тарихынан берілген бұл аз ғана деректен әзірге шектеле тұрып, енді қазақ халқының мәдени өрлеуіне сеп болған жазу үлгілеріне ден қойып көрейік. Күні кешегі дейін осыншама кең өлкені ен жайлаған елімізде төңкеріске дейін жазу үлгісі болған жоқ, сондықтан да дүниежүзілік мәдениеттен кенже қалған елміз деп келдік. Бұл өзі қазақ деген ұғымның шығу тарихымен салыстырғанда ақиқатқа жақындау пікір сияқты. Жалпы бар – жоқ деп брақ кесіп тастау оңайда. Ал егер бар болса ол қалай, қайдан басталады дегенді, жоқ болса себеп – салдарын қайтып түсіндіреміз дегенді шындыққа сай дәлелдеп беру ьаса қийын шаруа. Осы төңіректегі азды – көпті айтылған пікілердің, біздіңше, ескерілуге тиісті объективті және субъективті сыры бар сияқты: объективті жағы бұрын жазу үлгісінің болмағаны. Яғни қолмен ұстап, көзбен көріп, міне осы жазу біздің жазу дегендей дау туғызбайтын және ескерткіштерге бай еместігіміз. Субъективті сыр дейтініміз де осыдан туындайды. Құжжат, дерек, фактілердің тапшылығына және соларды жүйелеп жазып, кейінгі ұрпаққа тарту еткен оқымысты, ғұламалардың аздығынан, мына кейінгі біздер сауатсыздыққа сайып, мәселенің жеңіл шешім табуына барғыштай береміз. Шынтуайтқа келсек, ой шеті мен бо шетіне дейін бұрын ойлап жүріп әрең жететін қазақ жерінде қаламгер мәдени орындар, тарихи ескерткіштер болмаған деп айталамыз ба? жоқ, айталмаймыз. Әр алуан хандықтар өзара қарым – қатынастарында нендей нәрсені дәнекер етті, неге сүйенеді? Солардан қалған жарлықтар, шежірелер, өзара алысқан хат – қабарлар бізге нені айтпады? Осыларды ойлағанда Қазақстан жерінен табылған Орхон – Енисей, Талас, Ұйғыр жазыуның үлгілерін ескермей кете алмаймыз. Әрине, бұл жазу үлгілерінің қай – қайсысы да жалпы халық пайдаланылған емес екені, текқана хандар арасында ғана пайдаланған үлгілер екені мәлім. Бұларда Бұқара қауымға қатысты дерек жоқ. Оның үстіне осы әліппе үлгісінде жазылған бірде бір фольклорлық нұсқа, бірде бір көркем шығарма жоқ. Егер тарихқа жүгінер болсақ, ҮІ – ҮІІ ғасырлар арасында билік құрған Түрік қағанатының құрамындағы түркі тілдес тайпалардың өз жазуы болған. Олар алғашқыда соғды алфавитін пайдаланған. Бұл алфавит түркі тайпаларының өз жазу түп нұсқасы пайда болған бертін реттегі кезерңдерде де (ҮІІ ғасырдың шамасы) қолданылған. Бұған Жамбыл қаласындағы мұра жайда сақтаулы тұрған экпонант дәлел бола алады. Ондағы керамикаға жазылған жазу ІХ – Х ғасырдағы соңғы жазуының үлгісі болып табылады.