ХІХ ғасырдың аяғындағы жазба маетриалдарға назар аударсақ, діни емес немесе орыс тілінде жазылған кітаптар, кейде оқулықтар біраз уақыт книге деп аталып келгенін байқаймыз. Сол сияқты дәулет сөзі мен қазақ тілінде мемлекет, мемлекеттік деген түрк мағынасының бірі қалыптаспай қалып қойды. Міне, ХХ ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тіліндегі араб, парсы тілдерінен өткен сөздер дегенде, дәл осы кезде бұл халықтардың тілінен тікелей ауысқан лексемалар айтылмайды. Сол сияқты тілімізге енген жалпы араб, парсы сөздері де әңгіме етілмейді. Өйткені олардың көбі-ақ бұл кезеңде сіңіліп, белгілі функционалды қызмет атқарып, жаттығын жойып жібереді. Сонда ХХ ғасырдың бас кезіндегі мерзімдік баспасөз тіліндегі араб, иран тілдерінен енген сөздер дегенде, бұдан бұрын кейбір жазба деректерде қолданылмаған, әдеби тілге сіңбей қалып қойған, бірақ осы кезеңдегі газет – журналдар ол ол сияқты тілдік элементтерді керегіне жаратып, әдеби тілге енгізуге тырысқанын айтамыз. Сондай кірме сөздер мен тұлғалардың көбі осы кезеңдегі мерзімді баспасөз тілі шеңберінде қалып қойса, кейбірі әдеби тілге еніп, кейінгі жылдардағы баспасөз тілінде де қолданыс тапты.
“Айқап” бетінде араб, иран тілдерінен ауысқан ондай кірме сөздер тақырыбы жағынан әр алуан болып келеді. Саяси — әлеуметтік өмірге байланысты мизам, жамиғат, куә, мүдде, мұрат, мақсұт, арыз, қарар сияқты сөздер, оқу – ағарту, медицина саласында күнделікті өмірге байланысты мәслихат, табиб, кираат, нисап, майдан, маһир, тәржиме тәрізді сөздер қолданылған. Жоғарыдағы мысалдардан анық көрінетіндей бұл сияқты сөздер “Айқап” бкетінде алғаш жұмсалып отырған жоқ, тек “Айқап” журналы оларды жаңа мағынада, мағыналық реңкте қолданған.
“Айқап” бетінде ұшырасатын араб, иран тілдерінен ауысқан сөздердің саны, қодлданылу шеңбері берілген мысалдармен ғана шектелмейді. Біз оның ішінде басты – бастылары-ау дегендерін алдық. Осы мысалдың өзінен кірме сөздердің қолданылу қажеттілігі мен аясы бірдей емес екендігін көре аламыз.
“Айқап” тілінде милләт пен ұлт сөздері жанаса қолданылған. Осындай ұлт ғамы үшін ашылған оқу ханаға ақша күші менен һәм тіл күшінен жәрдем беруін халықпен жүз салыб өтінеді (Айқап, 1914, № 5, 1-б).
Бұл екі сөздің жарыса қолданылуы 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде де ұшырасып отырады. Бірақ кейінгі жылдарда жазба әдеби тілінде осының ұлт сыңары толық орнықты. Ондай параллель сөздердің саны “Айқап” тілінде әлдеқайда көп. Сауал – сұрау, тамам болмаса – бітпесе т.т.
Рәсім тілімізде екі мағынасында енген болу керек: сурет – сызылған жоспар, жоба және ереже, дәстур, салт.
“Айқап” журналы бұл сөзді алғашқы мағынасында қолданған. Бірақ қазақ тілінде соңғы мағынасы біршама тұрақталған, сондықтан мысалдағыдай, рәсім сөзінің “Айқап” қолданған сурет мағынасы кейін қолданыс таба алмады. Жанаблары, мұхтарам, мархаба сөздерінің қолданылуында кейбір ерекшелік те жоқ емес. Жанаба – ұлы, құдіретті, ұлы мәртебелі тақсыр, мұхтарам – қадірлі, құрметті, мархаба – Хош келдіңіз жақсы ниет білдіру сияқты мағыналарда қолданылатын араб тілдерінің сөзі. “Айқап” қолданған сурет мағынасы кейін қолданыс таба алмады.