ХХ ғасырдың бас кезінде болған алуан түрлі әлеуметтік, саяси өзгерістер қоғамдық өмірге де көптеген жаңалық әкелді. Халықтың сана – сезімі оянып, орта түсумен байланысты баспа ісі де ілгерәі дамыды. Ол процесті қазақтың баспасөз тарихынан анық көруге болады. ХХ ғасырдың басынан елімізде Кеңес үкіметі орнағанға дейін аз уақыттың ішінде көптеген газет – журналдар жарық көрді. ХІХ ғасырда 30 жылдай мерзім ішінде шығып келген газеттермен салыстырғанда, бұл мерзім ішінде жарық көрген газет – журналдар саны жағынан болсын, сапасы жағынан болсын, өз беттерінде көтерген мәселелерінің шеңбері мен тереңдігі жағынан болсын көш ілгері еді.
Азғана уақыт өмір сүруіне қарамастан, бұл баспасөз органдары әсіресе “Айқап” журналы қазақтың жазба әдеби тілін, оның жақсы дәстүрлерін әрі қарай дамытуда, жалпыхалықтық тілдің кейбір стильдік тармақтарын қалыптастыруда, оның терминологиялық лексикасын жасауда орасан зор қызмет атқарды. Бұл газет – журнал беттерінде жаңа журналистік жарналар үлгісі, әдебиеттің әр түрлі жанрлары қалыптаса бастады. Публицистика тіліне тән көптеген термин сөздер мен терминдердің осы кезеңдегі баспа сөз тілініің маңызы зор болды. Кейінгі кездегі баспасөз тілінен мықтап орын алған жаңа термин сөздер мен сөз орамдарының көбі-ақ алғаш осы газет – журнал беттерінде қоланылып отырды. Елімізде болып жатқан саяси әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық, мәдени өзгерістерге байлансты енген жаңа ұғымдарды дәл атап, баламалауды болсын, қазақ тілінің сөздік құрамын атау сөздермен, терминдермен одан әрі байыта түсуде болсын, сөз тудыру, термин жасам амалдарын жетілдіруде болсын, бұл мерзімді баспасөздің рөлі ерекше болды. Бұл ерекшеліктер баспасөз тілінің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысы төңірегінде сөз етілмекші.
Сөздік құрам деген атауға тілдегі сөздің жалпы көлемі сияқты ұғым жатқызылады. Бұл жерде ол басқашарақ мәнде, яғн газет – журнал тілінде сөз саптаудың, сөз тудырудың, қолданылған лексемалардың жанрлық – стильдік ерекшеліктері сияқты ұғымдарда қолданылып отыр.
Жанрлық, стильдік жағынан қарағанда, бұл кезеңдегі баспасөз, әсіресе “Айқап” журналының тілі бірыңғай деп айтуға болмайды. Онда күнделікті өмірде қолданыла бермейтін, кітаби тілге тән шет ел тілдері мен түркі тілінің сөздері де, ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер мен диалектизмдер де, терминдік лексиканың түрі бұрын кездесе бермейтін жалпы жаңа сөздер де молынан ұшырасады.
Бұл кезеңдегі газет – журнал тілі лексикасының басым көпшілігі қазақ тілінің қай жанры, қай стилінде болсын, қолданылатын ортақ сөздер болып келеді десек те, “Айқап” журналының сөз саптауында, жаңа сөз тудыруында өзіндік ерекшеліктер де байқалады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілінде бір ұғымды білдіретін сөзді түрлендіріп, әр түрлі тұлғада қолдану жиі кезедеседі. Мысалы, қазіргі әдеби тілімізде тұрақталған білім, білік деген сөздермен қоса, онда білікді, білгі, білмір сияқты сөздер де жарысы қолданылып отырады. Әр нәрсеге білік керек, білік болмай бірлік болмайды, бірлік болмай, тірлік болмайды (Қазақстан, 1912, 21 февраль, 3-бет). Бұл тұрада білгілернің қараб ттұрмай, журнал сахифаларында қаламлары жылдамырақ үлгеруі керек еді (Айқап, 1911, № 7, 5-бет).