Термин туралы академик І. Кеңесбаев пен профессор Т. Жанұзақов терминнің о баста латын тілінің “шек”, “шекара” деген сздерінен пайда болғанын айта келіп: “Ғылым мен техни калық, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын, тиянақты, тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз”, — деп түйін жасайды (Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша – қазақша сөздігі, А., 1966). Қазақ энциклопедиясында да негізінен осы типтес анықтама берілген: “Термин – атау ғылым, техника сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дәл атау ұшін жұмсалатын сздер сөз тіркестері” (Қазақ совет энциклопедиясы. А., 1977, 2 – т.)
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін пікірлердің бәрі де сайып келгенде негізінен осы тұжырымдарға тоқтайды. Сонда термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен белгілі бір ғылым мен техника болып шығады. Оның басты белгілері: дәлдік, қысқалық, жүйелілік.
Термин арқылы ғылыми ұғым білдіріледі. Ондай жағдайда термин ғылыми зерттеу жұмыстарының, ізденістерінің негізгі құралына айналады, Ғылыми ой – пікір қашанда өзінің анықтығымен, дәлдігімен, нақтылығымен ерекшеленуге тиіс. Термин дәл болсын дейтін осы негізде пайда болған. Сонда осы дәлдікті кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда қамтамасыз ететін үш түрлі фактор бар сияқты: 1. термин білдіруге тиісті ұғым белгілерін дәл іріктеп алу; 2. термин жасау кезінде пайдаланылатын оның компоненттері мен элементтерін дұрыс саралау; 3. термин жасау барысында осы аталған бөліктердің органикалық бірлігі қамтамасыз етуге тиіс;
Термин қысқа болсын дейтін талап әшейін айтыла салмаған. Оның негізінде назар аудармауға болмайтын себеп бар.
Қысқа әрі ыңғайлы термин жасау үшін түркологияда мынадай әдістер қолданылып жүргенін байқаймыз.
Кейінгі кезде лингвистикалық әдебиеттерде терминдердің жүйелі болу жағы сөз болып жүр. Ал енді бұл жүйелілік дегенді елдің бәрі бірдей дұрыс түсіне бермейтін сияқты.
Әр қилы пікір бар. Ғалымдар оны бір жағынан терминологиялық жүйесінің элементі ретінде, екнші жағынан жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде бағалайды.
Жүйелілік талабы термин құрайтын элементтер мен белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты болса керек деп қарайды. Жүйелілік тәртібі сақталатын жерде синонимдік қатарға, көп мағыналылыққа орын жоқ. Әсіресе, әр қилы қызмет атқаратын жалғау, жұрнақтарды белгілі бір мағынада қайталап қолдануға әуес болмаған жөн. Жалпы қалайда терминдер жүйелілігі лексика тұрғысынан, морфология тұрғысынан да талап етілген дұрыс.
Өзге түркі тілдерімен қазақ тілінің негізгі лексикалық қорын салыстыра қарағанда, түбір ортақтығы барлығын байқамау мүмкін емес. Тіпті алтай тілдерінің де көптеген элементтері зерттеушіл ердің біразын осындай ойға жетектеп жүр. Түркі тілдерінің бәрінің түбірі ортақ тіл дегенге құлақ асуға болады.
Айырмасы дыбысталуы жағында, яғни олар әрбір тіл ерекшелігіне байланысты фонетикалық пішінге не болған. Бұл ортақ сөздер (түбірлер) кейін терминологиялық лексиканың дамуына да негіз қазірдің өзінде ортақ түбір негізінде жасалған термин сөздер итермелеп отыр. Мұндай түбір ортақтығы болмаса, бірегей терминологиялық лексика жөнінде әңгіме қозғалыс еді. Осының негізінде түбі терминологиялық ортақ қор жөнінде мәселе қозғауға болады.