Қоғам өміріндегі өзара қарым – қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет ірқашан өте жоғары бағалаумен бірге ондағы өзгерістерді үнемі қадағалап отырады. Қоғамдық құбылыстың бірі ретінде тіл сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын тебеді де, тіл көмегі арқылы халық қазынасына айналады. Сонда, тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да, қоғам дамуфының белестері арқылы тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік алып отырамыз. Сөйтіп қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз.
Қоғам дамуы арқылы тіл де дамитыны белгілі. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық саласына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріс, өзгеріске онша көне бермейтіні бар. Ал оның кейібір қатпарлары жаңалыққа иін беріп, жаңа мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге ыңғайлы болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткіштерінің бірі – оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі орта түмті, дамыды десек, осылай дегізетін де терминологиялық лексика. Себебі қоғам дамуы әлеумет өміріне алуан – алуан жаңалық әкеледі. Ондай өзгерістер, түрлі дүмпулер ең алдымен елдің сауатын ашып, білімін жетілдіреді, қоғам мүшелерінің өресін биіктетіп, қоғамдық ой – сана мен дүниетанымды кеңейте түседі. Сауаты ашылып, көзқарасы көрегендене бастаған жұртшылық біртіндеп ғылымды игеруге бет түзеп, техниканың құлағын ұстай бастайды. Мәдениет пен өнерге құштарлық күшейіп, жаппай білім мен жарақтану кезеңі басталады.
Қоғамның ілгерін басуына байланысты мәдени өміріміздің әр күні жаңа іс, жаңа әрекетке толы болатын. Сауатсыздыққа қарсы шабуыл, неше алуан мектептердің ашылып, газет – журналдардың шығуы, қызыл бұрыш, қызыл отаулар т.б. саналы өзгерістер қазақ сөзі мен жазуына жаңаша өріс берді. Осы ұлы өзгерістер тұсынан бергі жердегі қазақ тілінің болмысына көз салдсақ, оның ұлттық сипаты ғана күшейіп қоймай, сонымен бірге халықаралық ауқымы кеңейіп, қуаттана түскенін байқауға болады.
Қазақтың ұлттық тілі сөздік құрымының қатарына комитет, парламент, радио, министр, интернационал, комунизм, социализм т.б. тәрізді толып жатқан кірме сөздермен бірге, терминдену нәтижесінде сапалық өзгеріске душар болған, қызмет аясы кеңейген, тұрақтанған, нақтылана түскен еңбек, екпінді, күрес, жарыс, іс, тап, жиналыс, жоспар, құн, белсенді сияқты сөздер жаңаша қолданысқа түсіп, өрісі кеңейді.
Бұл қазына қатары күні бүгінге дейін толықсып, молайып келеді. Тіліміздің терминдену сапасы әлі жүріп жатыр. “Термин” сөзі о баста латын тілінің “шек”, “шекара” деген сөздерінен пайда болған. Термин мәселесімен тікелей белгілі лингвист профессор Қ. Жұбанов та айналысқан. Ол аударуға болмайтын (психология, геометрия) кейбір терминдерді аударуды қостамаған.