Сөз өнері музыка сабақтарында оқушылардың шығармашылықбелсенділігінұйымдастырудыңжәне арттырудыңфакторықызметін атқарады. Музыка мен сөз өнерінің көмегімен балаға жеткен идеялар, ойлар, сезімдер оның бойында қызығушылықтудырады, ерік жігерін жұмылдырады, музыкалық есту әрекетіне тартады, итермелейді. Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі міндеттерінің бірі: өз басының сөйлеу мәдениетінәрдайым жоғарғы деңгейде ұстауы, сол арқылы ғана оқушылардыңмузыкаға деген қызығушылығынақолайлы жағдайлар жасай алады. Сабақтағы музыка тыңдай, талдау, түсіндіру, қорытындылау әрекеттерінің нәтижелігі мұғалімнің сөз шеберлігіне, икемділігіне, шығармашылық қасиетіне байланысты. Мұғалім тек белгілі бір шығарманы орындап қана қоймай, ол туындылар жайлы әңгіме жүргізеді, пікір алысады, музыканың әсер етукүшінің мүмкіндігін сөз арқылы жеткізе түсеге тырысады.
Мәселен, күй жанры талдау барысында қобызға арналған сан алуан күйлердің авторы, шебер орындаушы Ы.Дүкенов–халық композиторы өзінің аспапта ойнау шеберлігі мен тыңдаушыларға ерекше әсер ете білгендігі, қобызда жан-жануар, құстың дауысына еліктеп әртүрлі дыбыс әуендерін салғаны жайлы әңгіме жүргізуге болады. «…Бір күні Ықылас қобызда қасқырдың ұлығанын орындайды. Әуелі жалғыз ішекте бір қасқырдың, одан кейін екі қасқырдың, ақыр аяғында ұлыған көп қасқырдың үнін келтіреді. Ықыластың ойынын естіген ауыл иттері қобызда орындалған сазды ұлыған қасқырлар үніне салып ауылды айнала шауып мазасызданып үре беріпті».
Болмаса, Раздықтың «Аңшының зары» күйін тыңдатпас бұрын төмендегідей әңгіме жүргізе аламыз. Раздықтың бұл күйінде ағайындыекі жігітортасында өткен тарихитрагедия баяндалады. Аңшылықты кәсіп қылған екі ағайындыбір себептермен елден кетіп, таудың шатқалын мекендейді. Күндердің күнінде екеуі қырқада аң аулап жүргенде, ағасы бір құлан атып алады. Құланның етін қапқасалып, терісін дегдітіп отырғанда, аспанды аяқ астынан бұлт торлап, қылың нөсер бұршақ құйып кетеді. Аңшы тастың қуысында құланның терісін күркелеп, паналауға мәжбүр болады. Інісі оны құлан екен деп атып келіп қараса өзінің ағасыекенін байқайды. Еңіреп жүріп,ағасын арқалап қасына әкелуге батылы бармай, бір жерге жайғастырып, ауылына келеді. Керегедегі қоңыр домбыра қолына түсіп, бір мұңды күй шертеді. Сезімтал жеңгесі: «Күйің зарлы ғой, осы ағаңнан айырылыпқалғаннан саумысың?» — депті. Сонда аңшыныңқолынан домбыра түсір кеткен екен дейді аңызда.
Мұғалімнің жеткізген бұл көркем, орынды, әсерлі демәнерлі әңгіме – сөзі музыканы тыңдай, қабылдай білуге қызықтырып, оларды толғандырып, ойландырып, жүйелі түрде оны тыңдауға, талдап, салыстыруға бағыттайды.
Музыка мұғаліміне қойылатын негізгі міндеттерінің бірі: өз басының сөйлеу мәдениетінәрдайым жоғарғы деңгейде ұстауы, сол арқылы ғана оқушылардыңмузыкаға деген қызығушылығынақолайлы жағдайлар жасай алады. Сабақтағы музыка тыңдай, талдау, түсіндіру, қорытындылау әрекеттерінің нәтижелігі мұғалімнің сөз шеберлігіне, икемділігіне, шығармашылық қасиетіне байланысты. Мұғалім тек белгілі бір шығарманы орындап қана қоймай, ол туындылар жайлы әңгіме жүргізеді, пікір алысады, музыканың әсер етукүшінің мүмкіндігін сөз арқылы жеткізе түсуге тырысады.
Құрманғазының «Сарыарқа», «Кісен ашқан» шығармалары Х. Ерғалиевтың «Құрманғазы» поэмасыман, Ә. Қастеевтың «Құраманғазының өмірімен творчествосы» атты тақырыптық суреттермен байланыстырылса, Айша бибі мазары, ол жайлы аңыз әңгіме Айша бибі ою-өрнегімен ұштастырылып, А.Қоразбаевтың «Айшаның әні» шығармасымен, Махамбеттің күй-термелері, Наурызбай мүсіншінің туындыларымен, Г.Исмайлованың «Дина» шығармасын Д.Нұрпейісованың туындыларымен және С.Бақбергеновтың «Қайран шешем» еңбегімен, К.Байсейітованың орындауында бейнеленген «Қыз Жібек», Шараның орындауында бейнеленген «Қазақ вальсі» Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» әндерімен ұштастырылып, проза-поэзиялық мақал-мәтел, нақыл сөздерді нақты қолданғанда ғана, оқушының қызығушылығыартып, сана — сезімі, ақыл –ойы өсіп, жетіліп, музыканың небір құпия сырларына үңілеалатыны анық.
Н.Тілендиевтің «Аққу» күйімен таныстыру барысында I-курс студенті Арай композитордың шығармашылық өмірін баяндай келе, аққу тақырыбын өнердің түрлі салаларымен (кино, театр, ән, күй, поэзия, би, бейнелеумен) байланыстырып, көркем суретті қолдана отырып, тәкәппар, сұлу, адал киелі құстың бейнесі М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен толығымен шебер аша білді.
«…Аққулар…»
Аққумойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз таранудакүнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?…
Музыка жайындағы осындай әңгімелерден кейін, студенттердің қызығушылығы артып, музыканы талдау барысында көптеген жетістіктерге жетті.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар», — деген Абайдан бастап, ән құдіреті, мазмұн мәні, маңызын талдай келе, күміс көмей, жез таңдай әнші Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Жүсіпбек Елебеков жайлы лекция – концерт өткізуге болады. … Таудан аққан таза бұлақ сылдырындай ағылып төгілген сиқырлы үн бірде аспанға өрлеп қалықтаса, енді бірде мұңға толы сырлы саз сезім қылын тербетіп, тыңдаушысын тербетіп, тыңдаушысын терең ойға шомдырады. Сыршыл сұлу лириканың иесі Жүсіпбек орындауындағы «Ғалия», «Арарай», «Балқұрай», «Сегіз аяқ» т.т. әндер адамның ішкі дүниесін тербеп, нәзік иірімдерімен, әшекейлі өрнектерімен баурайды. Ж.Елебековтың театр сахнасындағы сан алуан тұлғаларды кемеліне келтіре жоғарғы дәрежеде орындауының табыс кепілі, бір жағынан, әншілік өнері болса, екіншіден, халықтың өмір тіршілігінде кездесетін ірілі-уақты оқиғаларға құрылған аңыздар мен ән-жырларға қанықтығының маңызы зор еді. Бойындағы барлық жарасымды қасиетін халықтың рухани азығына айналдырған әнші есімі әрқашанда ел аузында, көпшіліктің көңілінде сақталып, өнегелі ұрпақ, шәкірттері өлмес өнерін өзіндей етіп жалғастыра береді.
Расында, мұғалім сөзі музыкалық шығарма алдында және оның мәнерлілігін талдау барысында қолданған кезде оқушылардың музыканы айқынырақ аңғаруының белсенділігі артады. Себебі, оқушылардың зейіні шығарманың бейнелілік жағына аударылып, қызығушылығы артады, қабылдау үшін қажетті дайындық құрылады, олардың қиялы мен сезімдік жауабы оянады. Сабақтағы музыка тыңдау, талдау және әрбір әңгіме сайын оқушылар белсенді ізденіске тартылып, музыкалықбейнелер мен идеяларды табуға қатысады, олардың музыкалық шығарманы қабылдауы мен орындауы айқынырақ болады.
Сонымен, мұғалім жұмысының нәтижелілігі оның кәсіби даярлығына негізделе отырып, сөз шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім сөзі сезімге бай музыкаға сүйіспеншілікке толы, музыканы түсіне білуге үйретуде ықылас-ниеті ақын да шынайы болғанда ғана сабақтағы әрбір баланың оқу нысаны — мәдениеттің биік деңгейінде болуы – музыка пәні оқытушысы үшін қажетті сапа.