Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қан қоймай, оқушының шығармашылықпенжұмыс істеуіне, оқып білгенін терең түсінугежәне психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, нақтылықтан шынайылыққа алмасу үрдісіндегіаралықө буын болып табылады. Сабақтағы вербальді қызметті мұғалім және оқушы сөзі деп бөлу қабылданған. Мұнда дидактикалық қарым-қатынас басшысы ретінде мұғалім сөзінебасты назар аударылады. Біз мұғалім сөзі деп сабақ үстіндегі және еркін жұмыс кезіндегі ұстаздың шәкіртсұрақтарынажауап беруін, сондай-ақ сұхбат, дәріс, әңгіме өткізу, сабақ түсіндіру, т.б. формалар барысындағысөз жүйелерін түсінеміз.
Сондықтан сабақты тыңдата білудің тиімділігіне жету үшін түсінбеуден түсінуге бару жолдарын және негізгі механизмдердің бұзылуынаәкепсоғатын кедергілерді анықтап білу керек.
Бірінші кедергі- тыңдатуға көңіл бөлудің жоқтығы. Мұнда оқушының назарын мұғалімнің аударта алуы айрықша орын алады. Оқушыны бұған тәрбиелеу – оқыту тиімділігініңалғышарты. Ол үшін оның тыңдау қабілетін жетілдіріп, сабақты ұғынуды қалыптастыруға жағдай жасау керек. Яғни оқушының бүкіл назарын мұғалім өзіне және өтіп жатқан дәрісініңмәтінінебағыттай білуі тиіс.
Екінші кедергі – дауысты хабарламаны қабылдата білуді игермеу салдары. Өйткені, тыңдата білу біржағынантіл құралы – сөйлеу мәнері арқылы түсіндіріп, қабылдатуды, екінші жағынан сөзбен жеткізілген сабақ мазмұны ойлантып, толғантуды талап етеді.
Барлық фонологиялық тіл құралын қабылдату қабілеттері мен сөз саптау ерекшеліктерісөйлеу бейімділігі деп қарастырылады. Демек физикалық, фонетикалық, интонациялық компоненттерді жетілдіру – мұғалімніңдәрісті тыңдата білудегі тиімді екінші шарты болып табылады.
Тыңдаудағы басты механизм — айтылған сөзге ой жүгірте білу. Мәселен,
Л. Выготский, Н.Жинкин, т.б. психологтердің зерттеулерінің нәтижесінде сөздің ойға айналатынын білеміз. Ал, ойлау үрдісінде әр нәрсені талдай білу қажеттілігі ерекшерол ойнайды. Соның негізінде адам ойы одан ары өркендеп, жетіле түседі.
Оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндеттеріне байланысты дәріс кезінде сөйлеу мәнерінің түрлі жобаларын біліп, қайсысын қолдануды айқындау керек. Жаңа тақырыпты игертуде хабарламасөйлем тиімді болса, оны нақтылау мен терең сіңіртудемұғалімнің дәлелге толы сөздері әсерлі келеді. Сондай-ақ педагог өз монологіне сабақ өтудің декларативті және императивті формаларында пайдалануға болады. Яғни мұнда ауызша сабақ үрдісіндемұғалім мен оқушы арсындағы дидактикалық міндет мұғалімніңжеке басының қабілеті ерекше орын алады. Ол үшін мұғалімніңжеке сапалық қасиеттері жоғары болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушыларыныңішкі жан-дүниесіне үңіле алады., бойындабар адамгершілік қасиеттеріноятады және ғылыми көзқарастарынқалыптастырады, т.т. оқушыларды өзіне тарта, қызықтыра тәрбиелеп басқаруолардың білімге, ғылымғадеген құлшынысынкүшейтеді, ілгері қарай жылжып, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қабілеттерінашады. Қысқасы, мұғалім сөзінің, жалпы бала тәрбиесіндегі өзіндікорны айрықша. Сондықтан бұл мәселеге ғылыми тұрғдан қарап, әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы, педагогикалықтехникаларды толық меңгеруі шарт. Ал педагогикалық техника дегеніміз- мұғалімнің өзін -өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сезімталдығы, сөзге шешендігі. Мұның ішіндегі ең бастысы-мұғалім сөзі. Өйткені мұғалім сөзінің оқыту–тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды және ол арнайы зерттеулерді талап етеді.