Рефлексия дегеніміз –адамның санасын өз-өзіне шоғырландыру .
Басқаша айтқанда Рефлексия дегеніміз –адамның санасының өз-өзіне ,өзінің бейне тұрпатына ,ой өрісіне ,сезіміне шоғырландыру .Рефлексия бұл адамның өзінің психологиясын ,және өзініңіс -әрекетін зерттеу .
Қазіргі қоғам дамуы мұғалімніңжеке қасиетіне, гуманитарлық бағытына, мамандық біліктіліне жоғарыталап қойып отыр. Бұл тұрғыда табысқа жету, көбінесе, ұстаздың оқыту құралын, әдіс-тәсілін, жалпысабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық технологиясын кәсібишеберлікпенмеңгеруімен айқындалады әрі мұның ішіндегі ең бастысы мұғалім сөзі болып табылады.
Соңғы жылдарыпедагогика ғылымын оқып үйренуде мұғалім сөзінің құдіреттілігін айқындайтын жаңа тірсектер пайда болады: «оқыту тілі»
(Л. Клинберг), «сөйлеу шеберлігі» ( В. Чихачев), «Оқу –педагогикалық тіл» (Ю. Рождственский), сондай-ақ Т.Ладыженскойдың зерттеулеріндегі «тірі сөз» метафора –тіркесі және тағы басқалар. Сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді және басты назарда адам тұрады. Өйткені, адам –тілдің сақтаушысы әрі ойлап табушысы. Міне, осыдан келіп мынадай түсініктер туындап отыр: «тіл даралығы» (Ю.Караулов), «тілдің өмір сүруі» (Жапония), «лингвистикалық экология» (Л.Скворцов), т.т.
Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп қан қоймай, оқушының шығармашылықпенжұмыс істеуіне, оқып білгенін терең түсінугежәне психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, нақтылықтан шынайылыққа алмасу үрдісіндегіаралықө буын болып табылады. Бұл жөнінде А. Лосев мына фактініатап көрсетеді: адам сөзі өзінің жеке тар шеңберінен шығып, әлемге үн қатады. Демек, ол-субьект пен обьектарасындағы көпір, қабылдау мен қабылдатудың -өзара кездесу «айнасы» және бірлігі.
Дидактикада «сөз» түсінігі екі құрылымды элементтен тұрады;
1) мұғалім сөзі (вербальді тәсілі мен оқытуды ұғындыруы),
2) оқушы сөзі (вербальді тәсілі мен оқуды ұғынуы).
Оқыту мен оқудағы вербальді тәсіл депсабақ кезіндегімұғалім мен оқушы арсындағыжан-жақты сөйлеутүрлерін айтамыз (ой-пікірлерін білдіру, әр түрлі сұрақ-жауаптар алмасу, т.б.).
Ендеше «мұғалім сөзі» және «оқушы сөзі» деп жіктейтін болсақ, онда оны ғылыми тұрғыданбылай қарастырамыз:
-философия, социология – мұғалімі мен оқушының, жеке мен топтың өзара қарым-қатынасы;
-коммуникация теориясы, сөз қызметінің теориясы – қатынас түрі, сөйлесу қатынасы;
— еңбек психологиясыжәне мұғалімнің жеке қасиеті –мұғалімнің жеке даралығын жүзеге асыру тәсілі;
— шешендік өнер психологиясы мен сахналық өнері- шешендік өнерініңтүрлері.
Көп жағдайда педагогикалық қызметке табыс әкелетін коммуникативтік іскерліктер:
— оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық жұмысты атқарушылармен және әріптестермен дұрыс педагогикалық мақсаттарға жету үшін өзара қарым-қатынасты орнату;
— мектепте, сыныпта ұжымаралық және ұжым ішіндегі қарым-қатынасты реттеу және дұрыс жолға қою;
— балалармен жақсы қарым-қатынасты орнату үшін қажетті және іс-әрекеттік формаларды табу.
Сондай-ақ болашақ мұғалім тәжірибесінде мына төмендегідей қолданбалы іскерліктер де қалыптасады:
- ән салу (таза айту, дикция, дауыс тембрі және т.б.);
- билеу (әр түрлі қозғалыстардың элементтерін – вальс, полька, халық билерін көрсету);
- сурет салу (музыкалық бейнелерді бейнелеу- нота, скрипкалық және бас кілттері, мелизмдер, көрнекі құралдар және т.б.);
- музыкалық аспаптарда ойнау ( фортепиано, баян, домбыра, шулы аспаптар және т.б.);
- іс-әрекеттің әртістілігі (музыкалық шығарманың характерін көрсету);
- әр түрлі музыкалық ойындарды өткізу («Соқыр теке» және т.б.).
Мұғалім мен оқушының вербальді қызметі психология – педагогикалық әдебиетте бірнеше классификацияға жіктеледі;