Көркем әдебиетте екі я оданда көп адамдардың тікелей бір –бірімен сөйлескен сөзі беріледі. Ондай екі кісінің бір–бірімен тікелей сөйлескен сөзін диалог дейміз.Әдетте диалогта әрбір кісінің сөзінің алдында сызықша қойылады . Диалогтық сөз -музыка мұғалімінің негізгі және ең көп қолданатын қатынас түрі. Диалогтық сөз құрылымы ,мақсаты (жұпты ,топтық, сұрастыру, іздену, ақыл қосу, өз ойын айту ); оның түрі: әңгіме, диспут т.б . Диалогтық білім –дағдыларының көрсеткіші :сұхбат мазмұнын түсіну мазмұнының деңгейі-80%, сұрақ-жауап көлемі ең азы 10-15 сұрақ .
Монолог. Көпшілік, топ алдында белгілі бір тақырып бойынша сөйлеу тілін дамыту . Музыка мұғалімінің монологтік сөзі, оның функционалды мазмұнының түрі (баяндау, пікір айту, бейнелеу, анықтау), олардың жанырлық түрлері. Монологтық сөз сөйлеудің бөліктері (құрылымдық бейнелігі, тақырыптық бірлігі, мағлұмат қортындысы).
Бұл орайда :
- әр түрлі сипаттағы тақырыптарды баяндап ,толық ақпарат беру білік-дағдысын жетілдіру .
- қоғамдық ел тану ,мамандыққа қатысты тақырыптар бойынша сипаттама, хабарлама бере алуы ,сондай-ақ пікір білдіре алуы .
Монологтық сөйлей білу дәрежесіне қөрсетткіштер :
Материалды толық түсініп, мазмұнды баяндауы, баяндауының кисындылығы сөйлеу барысынында грамматикалық формаларды дұрыс қолдануы;
Монологтық сөйлеу ұзақтығы –10 минут , студенттің комуникативтік әрекеттерін іске асыруға қажетті актив етістіктердің минимумы –1,2 кезең үшін –100, 120 сөз .3-4 кезең үшін 200-240 сөз .
«Тіл мәдениеті» негізінен «сөз мәдениеті»,сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді Өйткені тіл мәдениетінің негізгі обьектісі –сөз. Сөзсіз пікір алысумүмкін емес. Сөз күші мен құдіреті жөнінде айтылған афоризмдер (қысқа сөзбен түйінделгентиянақты, бейнелі ой) мен нақыл сөздер өте көп: Сөз — өмірдің ұлы қаруы (В.Г. Короленко); Сөз – ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр. (В.Г. Белинский); Сөз өнері — өнер атаулының ең қиыныжәне күрделісі (Онере де Бальзак); Сөз өнерініңсұлулығынан халықтың жан сұлулығы көрінеді.
(К.Д. Ушинский);Сөз дегеніміз – былайша айтқанда сырт киім; ой киімінің астында жасырынған дене (Ф.М. Достаевский); Ас-тұзбендәмді,су — мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен дәмді (А:Науаи);
Таза мінсіз асыл тасСу түбінде жатқан тас
Су түбінде жатадыЖел толқыса шығады
Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз
Ой түбінде жатады.Шер толқытса шығады
Асан қайғы (1361-1370) жылдар арасында туған сөздің дұрыс айтылуы дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктіңболмауы. Соған орай тіл мәдениет ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.
Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия (грек дұрыс сөйлеу) қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Сөзді қандай қатесіз жазу керек болса, оны құлаққа жағымды, әуезді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет. Дыбыстың қырын сындырып айту (құр қол емес құрғол), не керек емес- негерек), қатар тұрған екі дауысты дыбыстыңбірін түсіріп қолдану (сарыарқа емес- Сарыарқа), ерін үндестігін сақтау (құрық емес- құрұқ, өсім емес- өсүм) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті. Сөйлеу үстінде сөздердің бір-бірімен қиюласып ритмикалық бір топ құрап, бір ырғақпен (қара қарындаш емес –қарағарындаш, алты ай емес- алтай) айтылуын дақадағалап отыру қажет.