Педагог-музыкант тұлғасының кәсіби – педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру болашақ мұғалімдерді даярлауда басты орын алады. Сондықтан, музыка мұғалімінің педагогикалық қызметі құрылымына жататын келесі бөліктерді атап кеткеніміз жөн:
ұйымдастырушылық, конструктивтік, коммуникативтік.
Музыка мұғалімінің ұйымдастырушылық қызметіне төмендегідей тұтас педагогикалық іскерлік кешенін енгізуге болады:
- өз тәртібін ұйымдастыру;
- өзінің айтатын сөздерін мазмұндау;
- балалар ұжымын ұйымдастыру.
Педагог-музыканттың конструктивтік қызмет негізіне келесі кәсіби мазмұндық іскерліктер жатады:
- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;
- оқу-тәрбие материалын іріктеу;
- оқуды дифференциялау;
- оқушыларды жете білу және даралық әдісті жүзеге асыру;
- сабақтағы іс-әрекетті педагогикалық белсенділікпен ойластыру.
Көп жағдайда педагогикалық қызметке табыс әкелетін коммуникативтік іскерліктер:
— оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық жұмысты атқарушылармен және әріптестермен дұрыс педагогикалық мақсаттарға жету үшін өзара қарым-қатынасты орнату;
— мектепте, сыныпта ұжымаралық және ұжым ішіндегі қарым-қатынасты реттеу және дұрыс жолға қою;
— балалармен жақсы қарым-қатынасты орнату үшін қажетті және іс-әрекеттік формаларды табу.
Сондай-ақ, болашақ мұғалім тәжірибесінде мына төмендегідей қолданбалы іскерліктер де қалыптасады:
- ән салу (таза айту, дикция, дауыс тембрі және т.б.);
- билеу (әр түрлі қозғалыстардың элементтерін – вальс, полька, халық билерін көрсету);
- сурет салу (музыкалық бейнелерді бейнелеу- нота, скрипкалық және бас кілттері, мелизмдер, көрнекі құралдар және т.б.);
- музыкалық аспаптарда ойнау ( фортепиано, баян, домбыра, шулы аспаптар және т.б.);
- іс-әрекеттің әртістілігі (музыкалық шығарманың характерін көрсету);
-әр түрлі музыкалық ойындарды өткізу («Соқыр теке» және т.б.).
Қазақ тілінде сөйлем мөлшелерінің орны тұрақты тілдердің заңдылығы бойынша бастауыш сөйлемдердің басында, баяндауыш соңында, әдетте сөйлемді аяқтап тұрады да анықтауыш анықтайтын сөзінен бұрын, толықтауыш пен пысықтауыш та өздері қатысты сөздерінен бұрын орналасады. Бұл тілдегі қалыптасқан синтаксистік (грек біріктіру – грамматикалық сөз тіркесін, сөйлем жүйесін, құрылысын зерттейтін саласы) норма. Ал кей жағдайда сөйлем мөлшерінің орны ауысып қолданылуы белгілі бір мақсатты көздейді. Басым мағынада айту үшін, жеке ой екпінін түсіре қалыпты орын тәртібін өзгерту жөнімен ауытқу болып табылады. Инвестицияланатын сөйлем мөлшелері–көбіне бастауыш, баяндауыш жєне толықтауыш.