Пәнді толық менгеру үшін, теория, гармония, полифония, анализ пәндерін толық жете түсінбей шығармашылыққабілетін дамыту мүмкін емес.
Сүйемел дағдыларын үйретудің принципі, үйренетін шығармалар фактураларының, бірте-бірте дәйекті түрде күрделендіріп отыруында. Әр түрлі сүйемел түрлерін жүйеге түсіру әншіні, ансамбльді, хорды сүйемелдеу және олардың партияларының динамикасының, екпінінің, әуезділігінің, дыбыс сипатының ара – қатынасына бірдей қарау, бақылау жасап отыруға мүмкіндік береді. Сүйемелдеу және мектеп репертуарымен жұмыс түрлерін күрделендіру мына түрде жүреді:
- «Бас аккорд сүйемел»
- «Аккордтық –ырғақтық» сүйемел
- «Гармониялық – көркемдік » сүйемел
- «Сүйемелдің аралас түрі»
- Аккорд дегеніміз үш немесе бірнеше дыбыстың үйлесімін айтады. Кейбір аккордтар бірінен кейін бірі алынады.,мұны глиссандо немесе арпеджиоата (итал. тілінде алынған) дейді.
Шығарманың мазмұнына қарай бас аккордтың сүйемелдеуі әртүрлі орындалады.Мысалы( легато, стаккатто, нон легато, акцент, акценттелінген стаккато). Бас аккорд сүйемелінде бас пен аккорд алма кезек түрінде кездеседі. Мысалы мектеп әндерінде көбірек кездеседі.
Бас аккорд оң қолға қарағандажәйірек алынады. Себебі оң қолдағы әуенмен әнді басып кетпеу керек. Шығарманың вступлениесіндеқатты, анық мәнерлеп ойнау қажет. Ән басталғаннан кейін бас аккорд сүйемелдеуі бәсеңкірейді. Студенттің концертмейстерлік дағдысын дамыту үшін гамма,аккорд,арпеджиоларды жақсы игеру керек . Негізгі аспаптарда айтылғандай гаммалармен күнделікті жұмыс істелуі қажет.
Бас аккордтпен сүйемелдеу сол қолға жатады. Сондықтан сол қолмен жеке жай екпінде жұмыс жасалады. Концетмейстердің профессионалдық дағдысы партитураны тез оқу дағдысы, және көзбен анықтау ерекшеліктерін дамыту керек. Бұған музыканы есту, есте сақтау қабілетін дамыту, эмоциялық ынта жігерін дамыту, музыкалық ой қабілетін дамыту ойлау және ырғақты сезіну. Күнделікті сабақ үстінде осымен жұмыс істеу керек. Екінші кезең партиямен жеке жұмыс жасау. Фортепианалық партияларды талдау, қиын жерлермен, мелизмдермен жұмыс жасау, саусақтардың апликатурасын қадағалау, мехпен, педальмен жұмыс жасау, екпінді ұстау, динамикалық белгілермен , нақты фразалармен жұмыс жасау. Аккампиатордың жетістігі партияны жете талдап,концерттік денгейге жетуіне байланысты.
Гармониялық көркемдеу сүйемелдеу көбінесе романстарда кездеседі. Гармониялық сүйемелдеу әнге ешқандай көмек ьермейді.Ол үшін әнші әннің әуенін нотаға қарап сауатты жаттап алу керек.
Тағыда айтып өтетін сүйемелдің аралас түрлері кездеседі.Сүйемелдің бұл түрі көбірек опера үзінділеерінде, арияларда, күрделі шығармаларда кездесееді.
Қосарланбайтын сүйемелдікке бір шығарма беріледі, жеке қолдармен жұмыс жасалады. Шығарманы талқылаған кезде, шығарманы көзбен шолу арқылы ойнап, ойлап үйрену керек.
Нота текстін аз уақыт ішінде студенттерге жалпы музыкалық білім деңгейінің перспективті үйрену жолының бір түрі. Нота текстін оқып үйренудің жолы, тек қанапрофессионалды музыкантты дайындауға ғана емес, шығарманы сауатты суйсіне оқытуда, өзін өзі еркін сүйемелдеуде. Әр аспапта ойнаған кезде, әр аспаптың өзіндік қиыншылықтары бар. Мысалы баяан аспабының ойнау ерекшеліктерінде екі қолмен бірдей жұмыс істеу керек. Қолдың қимыл кординациасы, әрі мехты ашып жабу үнемі оң клавиатураға қарап ойнау нота текстін ойнауға кедергі жасайдыы. Сондықтан аспаптыңекі жақ клавиатурасында жақсылап меңгеру керек. Болашақ оқытушы музыкантты дайындауда күнделікті нотаға қарап оқуға көңіл бөлу керек. Бейтаныс шығарманы оқудан алдың студент алдын ала шығармаға анализ жасай білу керек.
Шығарманың өлшемін, ладын, тональностін анықтау. Осы этап гамма арпеджио, аккордтарды ойнау арқылы тональностьке кіруге көмектеседі.
Шығарманың негізгі конструктивті компоненттерін анықтау-аралық кезеңдерін, әуеннің құрылымы. Гармония, екпіннің ерекшеліктерін анықтау.
Орындаушылық әрекетті ойша көз шолып елестету. Мехтың ашылып жабылуын , саусақтарды анықтап жобалауы.
Нота текстін көзбен шолу.
Нота текстін қарап оқу техникасын дамыту үшін, күнделікті жұмыс жасау қажет. Тек бакстапқы кезде емес , бүкіл музыкалық оқу кезеңінде.Нота текстін оқу арифметикалық есепте емес,негізгі ырғақтық сезімінде құрылады.
Жаттығу1 Ритмикалық суретті шапалақтап ұрып беру.
Пойду ль я, выйду ль я.
- Есту арқылы іріктеу білігін игерту. (5 сағат)
Халық әндерін еске сақтап орындауға болады. Жай темпте жазылған шығармаларды оқығанда алдын ала көз шолуға болады.
Прима, терция, квинта, септима деген интервалдар біркелкі ноталармен орындалады. Секунда, кварта, секста, октава екі түрлі ноталармен жазылады.
- Сүйемелдеу білігін дамыту. Музыкалық-орындаушылық іс-әрекетті музыкалық материалдармен жұмыс жасаумен қиыстыру. (4 сағат)
Бірінші семестірде нота текістін оқуға 8 шығарма беріледі Нота текстін оқытудың мақсаты нота текстін бірден ойнау, есту бойынша ойнау, шетел, қазақстан композиторларының шығармаларының ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Музыка- теориялық негіздерді дамыту, музыкалық сауатын өсіру, ансамбльді түйсіну
.Концертмейстірлік класс пәнінің ерекшеліктері негізгі, қосымша аспап пәндеріне қараңғанда мұнда бірден екі қолдап ойнау қажет. Студенттіқызықтыру үшін ,әр түрлі фактурада жазылған және әр түрлі мазмұнда жазылған шығармаларды беру керек. 8 шығарманы игеру үшін қысқа көлемді шығармадан, жеңіл мектеп әндерінен қысқа-қысқа, фраза, сөйлемдерден тұратын шығармалар беру керек. Міндетті түрде шығармаларға ойнамай жатып анализ жасаймыз. Көзбен шолып, ойша қарап шығамыз. Әрине студенттіңмүмкіндік қабілетіне қараймыз.
Бір- біріне ұқсамайтын әр түрлі фактурадағы 8 шығарманы студентке ұсынамыз.
Нотаға қарап оқытуды ары қарай жалғастырамыз.шығарманы нотаға қарап ойнаған кезде, көзбен қарап отырып алдын ала есту қабілетін дамыту.Ішпен сезініп естту қабілеті музыканттың орындаушылық жетістігі деп білеміз.Нота текстін есту қабілетін дамыту үшін , аспапсыз ойнау әдістемесі көмектеседі.алдын ала текстті ішпен оқыймыз, ішкі есту негізі бойынша нақты әуенді елестетеміз.Орындаушылық қимылдарға жоспар құрғаннан соң шығарманы жаттаймыз. Кейін сол шығарманы аспапта ойнап, оймен шығарған әуенмен салыстырамыз. Есту қабілетінің негізінде алғашқы этапта естіп қимыл әрекеттерін дамытамыз.
Шығарманы таңдау кезінде сүйемелдеулерге ерекше көңіл бөлу керек.
Сүйемелдеудің әр түрлі типтерінен аламыз. Мысалы 2 шығарма бас аккорд сүйемелдеуінен құралса, 2шығарма бас аккордтың алма кезегінен құралады.Тағы басқалары гармониялық көркемдік сүйемелдерден құралады.
Әр шығармамен жеке жұмыс жасалады. Аспапты еркін игеру, нота текстін оқу, қабілетін дамыту, музыкалық сауатын ары қарай дамыту, мәнерлеп ойнауға әрекет ету. Мектеп әнін сүйемелдеу үшін екі қолмен жай екпінде талдау жүргізіледі. Шығарманы жинақтап бір жүйеге келтірген соң, студент әннің сөзімен өзін өзі сүйемелдеу керек. Музыка бірнеше жанрға бөлінеді . Олар: ән,күй, би және марш. Қазақ халқы әнге бай. Шығарманы алар кезде студентке композитор туралы қсқаша мәлімет беріледі. Көптеген балаларға арнп жазған композиторлар : А.Жұбанов, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, Ә. Еспаев, Ө.Байділдаев, Б.Ғизатов, Қ.Қуатбаев. Ән адамды жігерлендіреді. Ал кейде мұңайтады, кейде жұбатады. Ән адамның ой-сезімін тәрбиелейді.
Қосарланбайтын сүйемелдің партияларын жаттау, аспабымен, дыбыспен, текстпен жұмыс жасау.
Әуен сүйемелдерін есту бойынша ойнау. Бірінші кезеңде элементарлы жеңіл әуендерді, халық әндерінен аламыз.Студент әнді өз бетінше теріп ойнау қажет, кейін шығарманың ладын, тональностін, өлшемін табу керек. Екінші кезеңде шығарманың тоника , субдоминантасын, доминантасын табу керек. Осы тәртіп бойынша аккомпонемент теріп ойнаймыз.
- Тональдіктер алмастыру дағдысын дамыту. (4 сағат)
Белгілі бір әнді баянда, фортепианада теріп ойнап, оның тональностін тауып, ладтарын анықтап, өзі аккомпонемент құрастырып үйрену қажет. Негізінде аккомпониатрәртүрлі жаттығулар, слухпен теріп ойнау, еркін ойынды, ішкі есту қабілеттері пайдалы.
- Берілген әуенді ары қарай жалғастыра білу керек.
- Фортепианода әндетіп және ойнап, алдыңғы берілген әуенді жалғастра білу керек.
- Берілген темаға вариация жасай білу.
- Әнге аккордты тере білу.
- Әндерге кіпіспе және қорытынды жасай білу.
Ескеретін жағдай концертмейстерлік қабілетті теріп ойнау және тарнспонировать ете білу шығармашылық мінезге байланысты. Мұндай музыкалық әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Транспонировка жасау мына түрлерден тұрады :
- Музыкалық шығарманы негізгі тональносте ойнау немесе көз жүгірту.
2.Орындаушылық ерекшеліктерінде қиын партияларды сүйемелдей білу керек.
3.Шығармада қиыншылық тудыратын жерлерді вокал партиясында тексті, дикцияны, ырғақтық қиыншылықтарды тез бақылай білу керек.
4.Темп, динамикалық ньюанстарды анықтау.
5.Шығарманы берілген тональносте транспозициялау.
6.Сүйемелдеуші берілген тапсырма, міндеттемелерді аша білу керек.
Оларға : әншіні дауысын тональностқа келтіру. Аккомпонемент партисы өте таза ойналу керек. Ырғақты, екпінді қадағалау керек.
Ол үшін сол тональностің тоника, субдоминанта, доминанталарын тауып, анықтау керек. Әрі бұл салада музыкалық сауаттылықты одан әрі қарай дамытады.
- Нотадан бірден оқу дағдыларын қалыптастыру. (4 сағат)
Нота текстін ары қарай дамыту. Студентке әр түрлі фактурада 8 шығарма беріледі. Нота текстін қос қолмен бірте-бірте оқытуды шыңдап жетілдіреміз. Концертмейстерлік класында нота текстін оқу қабілеті негізгі роль атқарады. Сүйемелдеуші тоқтаусыз ойнау қабілетін дамыту керек. Музыкалық материалды жалпылама алып түсіне білу қажет. Студентке шғарманың мазмұнын тез арада түсініп, алдын-ала музыкалық бейненің жалғасын, мінездемесін сезініп, екпіннің өзгерістеріне, ырғақтық өзгерістерге ұқыпты қадағалау керек. Концертмейстер сүйемелдеуші гармониялық негіздерді ыңғайлы аппликатураны, техникалық пассаждарды, гармониялық ноталарды аккордқа тез арада айналдыра білу керек, сүйемелдеуші күнделікті іс-тәжірибиеде нота текстін қиын жерлерін ыңғайландырып қысқарта білу керек. Аккордтардың орналасуын әуенді әсемдей білу, ырғақтық кезекті нотаға айналдыра білу.
- Мектеп әндерінің әдістемелік-теориялық сараптамасы. (4 сағат)
Орындаушылық қабілетті дамыту үшін аккомпаниатор әншінің, автордың ұсыныстарына сүйену керек. Ол үшін сауатты өз ойын жеткізіп, музыкалық форманы және шығарманың тілін білу керек. Концертмейстердің жұмыс процесі кезінде әр түрлі қимыл әрекеттерге, фразамен бөлімдерге және негізгі екінші кульминациялық тақырыптарға көңіл бөлу керек. Жұмыс процесінде қиындық туғызатын жерлермен жұмыс жасай білу қажет. Шығарманың көркемдік музыкалық, эстетикалық жағын игергеннен кейін әр түрлі қимылдарды ойластыру қажет.(темп, агогика, динамика, фразировка, және вокалдық тәсілдерді, мысалы вибрато, кезекті тыныс алу, дикцияға көңіл бөлу керек) Сүйемелдеуші гармония, полифония, музыка тарихы, музыкалық шығармаларға талдау жасай білу, вокалды хорды әдебиеттер, педагогикалық әдістемелік, баян, фортепианомен тығыз байланыстыра білу, өзін-өзі сүйемелдеу үшін, кәсіптік сүйемелдеуші болу керек.
Әрі қарай студентке екі дауысты ән сүйемелдеу беріледі. Мұндағы қиыншылықтар екі дауысты сезініп тыңдай білу керек. Ал басқа сүйемелдеу әдістері жоғарыда айтылғандай жай екпінде талдау жүргізіледі. Бірінші жолы бірінші дауысты сүйемелдесе, екінші жолы тек қана екінші дауысты жеке- жеке сүйемелдеп үйрену керек.
Бір вокалдық шығарманы кіші секундамен жоғары, төмен тональдікте орындау. Бұл әдіс студенттің әр түрлі жолда нотаны есту,бірден оқу жүйесін жетілдіру үшін қажет. Егер шығарманың тональності әншінің даусына сәйкес келмесе, студент берілген шығарманы тарнспозициялап білу керек. (Транспозициялау дегеніміз – шығарманы бір тональдіктен басқа тональдікке ауыстыру).
Баянға арналған шығармаларды өңдеу әдіс — тәсілдерін фортепианоға лайықтап, ал фортепианалық фактураны баянға салып ойнау.
Мысалы баянда мажор –Б, минор-М, септаккорд-7 деген белгілермен белгіленеді. Осы белгілерді білу , фортепианоға өңдеуге көмек береді.
Ал керісінше фортепианодан баянға өңдеу үшін теориялық сауат өте қажет.
Қосарланбайтын сүйемелмен жұмыс жасау, жұмыс істеп көрсету. Қосарланбайтын шығармамен бірден екі қолмен жай екпінде талдау жүргізу. Текстпен, динамикалық белгілермен, апликатуралармен жұмыс істеу, концерттік деңгейге жеткізу.
Төрт белгіге дейінгі балаларға арналған әндерді нотамен бірден орындау. Әрине студенттерге нотаға қарап ойнау қиындыққа соғады. Сонда да болса талдау екі қолмен бірден жай ырғақта бірден жүргізіледі. Нотаға қарап оқыту әрі қарай дамыту үшін күнделікті сабаққа дайындалу керек. Шығарманы 4 белгіге дейін әр түрлі тональностерде беру керек.
Сүйемелдеушінің мақсаты – шығарманы жоғары деңгейде концерттік дәрежеге дейін жеткізіп, орындау керек (динамикалық белгілерімен, темп, бірқалыпты ырғақпен).