Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері

Жоспары:

  1. Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеумсттік-тарихи және нақты-ғылыми алғы шарттары. XX ғасырдың 30-40 жылдары топтың феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары.
  2. Соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы. Зерттеудің қазіргі жағдайы және перспективасы.
  3. ІІІағын топ дефинициясы. Шағын топтардың жіктслуі. Шағын ТОП психологиясын зерттеудің нсгізгі теориялық бағдарлары (бекіту теориясы, иптсракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометриялық бағдар, іс-әрскст бағыты, жүйе теориясы). Топтық құбылыстарды зерттеу әдістсрінің жалпы сипаттамасы.

Лекцияның мақсаты: Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеумсттік-тарихи және нақты-ғылыми алғы шарттары, XX ғасырдың 30-40 жылдары топтың феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары, соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы, зерттеудің қазіргі жағдайы және перспективасыы жөніндегі теориялармен танысу.

Лекцияның мәтіні:Тұлға – индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады.

Тұлға проблемасы бірқатар ғалымдардың – философия, социология, психология, педагогика т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі. Мыс. Философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» — деген ұғым, адамзат баласының қасиеттерін сипаттайтын, жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи – биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз – байланыс, қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Зигмунд Фрейд «психоанализ» терминін алғаш енгізген. «Психоанализ» терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерінің зерттеу әдісі.

К.Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:

1) саналы;

2) индивидуальды бейсаналық;

3) ұжымдық бейсаналық.

Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын ұжымдық бейсаналық бөлім. Бұл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.

Альфред Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. Оның өз теориясын «индивидуалды психология» түсінігін енгізуі (бөлінбейтін). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. А.Адлер теориясының басты мақсаты — адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторлары жалпы түрде екі топқа бірігуі мүмкін:

  • әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;
  • белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.

В.Г.Крысько тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофактор, мезофактор, макрофактор), механизмдері мен құралдарын көрсетті.

Микрофактор – жанұя, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар;

Мезофактор – этнос, аймақтық шарттар, елді мекен типі, жаппай қарым-қатынас құралдары;

Макрофактор – мемлекет, қоғам, ел, мәдениет.

Адамның тұлға болып қалыптасуы этностан тыс мүмкін емес, онда э-я пәніне «этнос және тұлға» мәселесі кірген маңызды.

Сонымен, Бороноев ұсынған контекске мұндай түсінік, э-ның пәндік ауданы – этностық сананы оның барлық тарихи формаларында және тұлғаның бағаларын құрастыруға әсер ету жолдары болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің, жоғарғы оқу орындарының басты мақсаты, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бастауыш сынып жасындағы балаларда қарқынды жүретіні белгілі. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізгі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелденген.

Атап айтсақ, әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адамға боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретінжолын білуге керек», — деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеумсттік-тарихи және нақты-ғылыми алғы шарттары. XX ғасырдың 30-40 жылдары топтың феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары.
  2. Соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы. Зерттеудің қазіргі жағдайы және перспективасы.
  3. ІІІағын топ дефинициясы.
  4. Шағын топтардың жіктслуі.
  5. Шағын ТОП психологиясын зерттеудің нсгізгі теориялық бағдарлары (бекіту теориясы, иптсракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометриялық бағдар, іс-әрскст бағыты, жүйе теориясы).
  6. Топтық құбылыстарды зерттеу әдістсрінің жалпы сипаттамасы.