Тілдік стереотиптер мен тілдік этикет

Жоспары:

  1. Байланыс орнату, қолдау және шығудың тілдік ережелері.

Лекцияның мақсаты: Тілдік стереотиптер мен тілдік этикет, байланыс орнату, қолдау және шығудың тілдік ережелерін зерттеу.

Лекцияның мәтіні: Диалогтық қарым қатынас адамдардың өзара түсінушілігін тереңдетіп бір бірінің жан байлығын көбейтіп, оның мінез құлқының ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушының ішкі дайындығы керек.

  • Сұхбаттасушының және өзінің көңіл күйін ескеру «осы жерде – осы сәтте» принципін ұстану. Дәл осы кездегі сезімдерін, пікірлерін, психологиялық қалдерін назарға алу.
  • Бір біріне сенімділік білдіру.
  • Партнерді өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
  • Шешілмеген мәселелер мен сұрақтарды қарастыру.
  • Сұхбат адамның өз атына жүргізілуі керек (яғни, өсек айтпау керек).

Осы типті меңгерген адамдардың психологиялық Денаулығы, мінезінің бір тұтастығы еске алынады. Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде қолданатын ортақтасу түрі — монолог. Ол мектептің басты мақсаты мен міндетіне байланысты құбылыс. Педагогтың түсінігі бойынша білім беру мен тәрбие құралының негізгілері қатаң тәртіппен шәкірттерді ұйымдастыру. Яғни мұғалім тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын іс әрекеттері, әдіс тәсілдері: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата анасын шақырту, ескерту жасау, сынау, сыныптан шығарып жіберу, т.б. Мұғалім берген білімге баланың ынтасы жоқ болса ол жаман болып саналады. Бұл жерде баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Оқушының қызығушылығын жоғалтпас үшін олармен төмендегідей диалогтық қарым қатынас жасау қажет:

  1. Шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе адамдар сұрағы түсінікті деп әңгімелесушіні тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде аздаған түсініспеушілік болса, анықтап алу қажет.
  2. Жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жан жақты түсіндіру қажет. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған оқушыны ренжітпеу үшін, асығыс жауап беруге болмайды.
  3. Оқушылар кейде сұрақты нақты жауап алу үшін ғана қоймайды, өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды.

Ортақтасу өте күрделі құбылыс. Оның әр түрлілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі. Оны шартты түрде үшке бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.

Коммуникация – ара қатынас партнерінің бір бірімен ақпарат алмасуы. Пікірді, білімді, идеяны, сезімді беру мен қабылдау процесі.

Перцепция – адамның бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлға аралық қатынас.

Интеракция – тұлға алалық қимыл ұйымдастыру қатысушының өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тұлға аралық кері байланыс.
  2. Коммуникациялық кедергілер.
  3. Коммуникациялық ықпал.
  4. Сөздік және бей сөздік деңгейі.