Жоспары:
- Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.
- Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті; олардың бірлесксн іс-әрскст сипаты мен қарьм-қатынасындағы серіктеспен қатынас сипатымен байланысы (Г.М.Андреева, В.С.Кульмин),
- Қарым-қатынас қиындыктары мен кедергілері. Деструктивті қарым- қатынас түсінігі. Табысты қарым-қатынас факторлары.
- Түлғаралық қарым-қатынасты зертетулердің жаңа бағыты(В.Н.Куницына).
Лекцияның мақсаты: Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері, қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті түрлерін анықтау
Лекцияның мәтіні: Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі — қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас — жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әртүрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-катынас әрі қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас — топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас — көшпе түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық төжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан — жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш ролді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функиия деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2 — функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам — оның өзі және ересек адам»». Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, еріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде — бала өлімі жоқ, ал екіншісінде — балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады. Басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы — ең зор жаза». Көптеген психотерапевтік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған, бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д. Ленг — бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофренияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткеніндей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауырады екен.
Адамдар өміріндегі әртүрлі дәстүрлер — амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекіілу терапиясы» деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар — «сүйкімді — сүйкімсіз», «ұнайды — ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті ролдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі, бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз — өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы-диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: «…адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды»
Сонымен біз, қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатын жеке адам-аралық, тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелгені де осы түрі.
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарьш зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адам-аралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адам-аралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі — эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адам-аралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылдаған:
1) конъюнктивті — адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2) дизъюнктивті — адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асыруы қарым-қатынастың ерекше әсеріне байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Бақылау сұрақтары:
- Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.
- Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті; олардың бірлесксн іс-әрскст сипаты мен қарьм-қатынасындағы серіктеспен қатынас сипатымен байланысы.
- Қарым-қатынас қиындыктары мен кедергілері.
- Деструктивті қарым- қатынас түсінігі.
5.Табысты қарым-қатынас факторлары.
- Түлғаралық қарым-қатынасты зертетулердің жаңа бағыты
- Қарым-қатынас — әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде