Әлеуметтік – психологиялық зерттеудің теориясы мен эмпирикасы

Жоспары:

  1. Мәліметтердің сенімділігі мен негізділігі мәселесі. Репрезентативтілік мәселесі. Таңдау түрлсрі. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламасы.
  2. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі сұрақнама, бақылау, құжаттарды талдау әдістернің жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің негізгі типтері мен ерекшеліктері.

Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік – психологиялық зерттеудің теориясы мен эмпирикасы жайында ғылыми – теориялық мәліметтерге шолу.

Лекцияның мәтіні:Ерекше үлкен проблема — интервьюді қолдану, бұл жерде интервьюер (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші) арасында өзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың өзі де әлеуметтік — психологиялық құбылыс. Интервью кезінде әлеуметтік психологияда сипатталатын бір адамның екінші адамға әсері, адамдардың бір-бірін қабылдау зандылықтары, қарым-қатынас нормалары – бәрі де көрініс береді. Осы айтылған сипаттамалардың қайсысы болса да алынатын мәліметтің сапасына әсерін тигізуі мүмкін. Оңдай проблемаларды шешудің жолдары әлеуметтік психологияда қарастырылған, тек сол әдістерді игеруге байыппен қарау қажет.

Әлеуметтік психологияда көбінесе топтық сынақтардан (тест) гөрі, жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл саласында пайдаланылатын тестілер, көмекші әдістерге жатады. Соңдықтан да олардың нәтижелері басқа әдістер арқылы алынған деректермен сәйкестенуі керек және де бұл әдіс (тест) көбіне жеке тұлға проблемасын зерттеуде көрінеді. Топтарға арналған тест ішінен кең таралғаны әлеуметтік өлшем, ол шағын топтарды зерттеуде қолданылады.

Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зерттеу әдістерінің бірі. Эксперименттің негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелерге:

  • Экспериментатордың тәуелсіз айнымалы шамаларды енгізуі мен оны бақылауы және тәуелді шамалардың өзгеруін бақылауы;
  • Эксперименттік және бақылау топтарын бөліп қарастыру шарты жатады.

Барлық аталған әдістердің әлеуметтік психологиялық зерттеулерде қолданылуындағы өзіндік ерекшелігі — зерттелінуші мен зерттеушінің өзара әсері. Бұл әсер интервьюде айқынырақ көрінгенімен, шын мәнінде барлық әдістерде де орын алып отырады. Оны есепке алу қажеттігі әрқашан айтылып жүрсе де, бұл проблеманы түпкілікті қарастыру әлі алда сияқты.

Әдістердің екінші тобы — материалды өндеу әдістеріне барлық статистикалық тәсілдер (коррекциялық анализ, факторлық анализ), логикалық және теориялық өңдеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді тұрғызудың әртүрлі тәсілдері, т.б.) жатады. Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді пайдаланғанда аса маңызды мәселеге айналады.

Аталған проблема сапалы зерттеу әдістері мәселесімен астарлас, әлеуметтік психология да, социологияда да кең талқылануда (Ядов, 1995).

Әлеуметтік — психологиялық зерттеу жүргізу үшін, алдымен бағдарлама құрған дүрыс. Әрбір нақты зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу объектісі, зерттеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын ұғымдарды нақтылау және де пайдаланылатын барлық әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі ғылыми нәтижелер алуға болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтердің сенімділігі мен негізділігі мәселесі.
  2. Репрезентативтілік мәселесі.
  3. Таңдау түрлсрі.
  4. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламасы.
  5. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі сұрақнама, бақылау, құжаттарды талдау әдістернің жалпы сипаттамасы.

6.Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің негізгі типтері мен ерекшеліктері.

7. Әлеуметтік – психологиялық зерттеудің теориясы мен эмпирикасы