Әлеуметтік-психологиялық зертгеу әдістері мен әдісінамасы

Жоспары:

  1. Ғылыми зерттеу әдіснамасы түсінігі.

Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік-психологиялықзертгеуәдістерімен әдісінамасы жөнінде мағлұматтар беру

Лекцияның мәтіні:Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.

Зерттеу әдістерінің өзі – мәліметті (ақпаратты) жинау және оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.

Мәліметті жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды қарастыру, өңдеу (оған контент-анализ де кіреді), әртүрлі сұрау әдістері (сауалнама, интервью), тестілер (сынақ), оның ішінде ең көп таралғаны социометриялық тест (әлеуметтік өлшем ) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық). Осы әдістердің көбісі социологияда қолданылатындармен пара-пар (Ядов, 1993). Дегенмен кейбіреулеріне әлеуметтік психологияның ерекшеліктеріне байланысты пайдалану тұрғысынан қысқаша тоқталуға болады.

Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда негізгі іздестірілетін сұрақтардың бірі — қалай бақылау керек? Бақылағанда не нәрсеге көңіл бөлінеді?

Әлеуметтік — психологиялық зерттеулердің әрбірінде бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай — бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болғанымен, бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген. Бұл әдіс оншалықты қарапайымәдіс болмағандықтанәлеуметтік — психологиялықзерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.

Құжаттарды қарастыру — өңдеу әдісі үлкен маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің өнімдерін талдауға болады. Әдістің субъективтілігін (зерттеушінің дара психикалық қасиеттері) жеңу үшін ерекше «контент-анализ» тәсілі («мазмұнды талдау») енгізіледі. Бұл тәсілде мәтінде арнаулы «бірліктер» бөлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады. Көбіне бұл әдіс әлеуметтік психологияда көпшіліктік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз т.б.)

Сұрау әдістері (сұрақ — жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен топтарды зерттегенде анкеталар (сауалнама) және интервыо пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты. Шарт-сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу және оның неғүрлым сенімді болуы.

Әрбір сұрақты құрастыру, оларды белгілі ретпен орналастыру, бөлек блоктарға топтастыру және т.б. бойынша көптеген ережелер бар. Әдебиетте сұраунаманы құрастыруда кездесетін типтік қателіктер көрсетілген. Сұраунаманы құрастыру — өте қиын да маңызды жұмыс, себебі ол нашар құрастырылса, алынатын нәтиже де дұрыс болмайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік-психологиялық зертгеуәдістерімен әдісінамасы
  2. Ғылыми зерттеу әдіснамасы түсінігі.
  3. Құжаттарды қарастыру
  4. Сұрау әдістері