Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары

Жоспары:

1.Қазіргі әлеуметтік психологиядағы жаңа бихевиоризм. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер конспектісіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары. Әлеуметтік-психологиялық феномендердің психоаналитикалық талдауы.

2.Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар және З.Фрейд позициясы. Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм.

  1. Дж.Мидтің тұжырымдамасы. Инттеракционистік бағдардың теориялық негіздсрі. Рольдік теориялар.
  2. Шиеленістердің ішкі ролдік және аралық ролдік мәселелері. Референттіктоптеориясы(Г.Хайманн,М.Шериф,Р.Мертон т.б.).
  3. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғатын жүйелі-іс-әрекеттік түсіндіру.

6.Бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы және А.С.Макаренко, А.В.Петровский, Л.И.Уманский, Л.И.Донцовтың ұжым теориялары

Лекцияның мақсаты: Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттарына талдау

Лекцияның мәтіні: Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған, бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.

Американ зерттеушісі О.Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.

Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққанӘл-Фарабибабамызөзінің«Қайырымдықала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».

Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.

XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.

Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.

Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог жөне этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.

Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.

Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философ-позитивісі Огюст Кант.

Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.

Көптеген алғашқы әлеуметтік — психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы және әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.

Халықтар психологиясы әлеуметтік — психологиялық теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.

Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ М.Лацарус (1824-1893) және тіл маманы Т.Штейнталь (1823-1893). 1859 жылы «Халықтар психологиясы жөне тіл білімі» журналы жарық көрді. «Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары» деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын — тарихтың негізгі күші — халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет — ғұрыпта көрсетуі- деп түйіндеді.

Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В.Вундт (1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық «Халықтар психологаясы» еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы психологиялық процесстер — сөйлеу мен ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мәдениет өнімдерін талдау.

Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым А.А.Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундт және Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда қарастырғанымен, түжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид санасы емес, халық санасында қалыптасқан құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, өзіне тән әдістері бар, психологияның арнаулы саласы болуы қажет.

Қазақстанда осындай көзқарастарды әрі қарай дамытқан этникалық психология мәселелерімен айналысқан, осы ғылымның негізін қалаушылардың бірі саналагын М.Мұқанов.

Әлеуметтік — психологиялық теорияның екінші формасы бұқара, көпшілік психологиясы. Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның өзара қатынасы қарастырылады.

Үшінші, әлеуметтік — психологиялық көзқарастар жүйесіне әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы жатады. Бүл теорияны ұсынған ағылшын психологы В.Макдугалл (әлеуметтік психологияның негізін қалаушылардың бірі), оның негізгі тезисі — әлеуметтік мінез-құлықтың түпкілікті себебі адамдардағы туа біткен инстинкттер дегенге саяды. Мақдугалл жеті пар инстинкттерді және олармен қосарласа жүретін эмоцияларды бөліп көрсетті. Оның идеяларының өте танымал болғанына қарамастан әлеуметтік мінез-құлықтың бір мақсатқа («гормэ» -ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана (санадан тыс) деген идеясы психология ғылымыныңтарихындатеріс әсерінтигізді.

Инстинктер теориясының бұл идеясы салдарларын жеңу ғылыми әлеуметтік психологияның қалыптасуының маңызды кезеңіне айналды. Аталмыш көзқарастардың бәрінде де эксперименттік зерттеулердің жеткіліксіздігі көзге ұрады. Дегенмен де «әлеуметтік психология» дербес пән деген ұсыныс жасалды, енді оның эксперименттік базасын тұрғызу қажет еді.

Әлеуметтік психологияның эксперименттік кезеңіне өтпестен бұрын, алдымен оның теориялық негіздерін қарастырған Маркстің дүниетанымына тоқтала кетейік. Бүл дүниетаным XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. К.Маркстің «Капитал» еңбегін Дж.Болдуин жеке-даралық жөне қоғамдық сананың арақатынасында түбегейлі өзгерістер тудырған еңбектердің бірі, — деп атап көрсеткен.

Әлеуметтік психология белгілі деңгейде қоғамдық ғылымдарға жататындықтан, марксизм теориясының іргелі теориялық қағидаларын (қоғамдық қүбылыстар, адам табиғаты, қоғам) қабылдауына болады. Бүл тұрғыдан алғанда, қоғамдық құбылыстардың нақты әлеуметтік — психологиялық феномендерді зерттеуде қандай көрініс беретінін қарастыру. Сонымен бірге әлеуметтік — психологияның әдіснамалық құрал-жабдықтары марксизм теориясының негізгі қағидаларына сүйенеді. Әлеуметтік — психологиялық білімнің маңызды теориялық негіздері К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және де Г.В.Плеханов, А.В.Луначарский, А.Трамшит, т.б. еңбектерінде керсетілген. Ұзақ уақыт бойы кеңестік психологтардың көзқарасында маркстік теориялар үстемдік етіп келді. Қазіргі кезде, әрбір ғалым-зерттеушінің қандай теорияны негізге алуы, зерттеу мақсат — міндеттеріне сәйкес өзінің тізгінінде.

XIX ғасырдың басы, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, әлеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға айналу кезеңі деп саналады. Ресми бастамасы ретінде Европада В.Мид, АҚШ ғалымы Ф.Оллпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны эксперименттік психологияга айналдыру қажет деген талаптары болды. Әсіресе, Америкада капитализмнің қауырт дамуына байланысты, әлеуметтік психологтардың өзекті әлеуметтік — саяси мәселелерге көңіл аударып, қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі туындады.

Бұл кезеңде теориялық тұрғыдан Макдугалл тұжырымдамасын сынға алумен қатар, әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальт-теория бағыттары анық көріне бастады. Әсіресе, эксперименттік пәнді тұрғызуға негіз болатын бихевиористік тұрғыға көбірек көңіл бөлінді.

Зерттеу объектілері ретінде негізгі назар — шағын топтарға бөліне бастады. Эксперименттік тәсілдерді пайдалану шағын топтардағы процестерді зерттеуге қолайлы болғандықтан, АҚШ-та әлеуметтік психологияның бір жақты, экспериментгік түрде дамуы басталды. Ғылымның теориялық жағы назардан тыс қалды.

Әлеуметтік психологияда тек шағын топтармен айналысу кезеңі, қолданбалы әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін тигізгенімен, теориялық ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі: 1) көпшіліктік процестерді, олардың ерекшеліктерін зерттеу мәселеден тыс қалды; 2) эксперименттік бағдар қоғамдағы нақты проблемаларды түсіндіруге бағытталғанымен, оның әлеуметтік мазмұнын түсіңдіруде ғылыми негіздерсіз қалды.

Дегенмен осы кезенде эксперименттік зерттеулер көптеп жүргізіліп жатқанда кейбір теориялық мәселелерді зерттеулер қолға алынып отырды. Бірақ, олар мардымсыз, танымал болмады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі әлеуметтік психологиядағы жаңа бихевиоризм. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер конспектісіндегі үйрену теориясның негізгі ұғымдары. Әлеуметтік-психологиялық феномендердің психоаналитикалық талдауы.

2.Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар және З.Фрейд позициясы. Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм.

  1. Дж.Мидтің тұжырымдамасы. Инттеракционистік бағдардың теориялық негіздсрі. Рольдік теориялар.
  2. Шиеленістердің ішкі ролдік және аралық ролдік мәселелері. Референттіктоптеориясы(Г.Хайманн,М.Шериф,Р.Мертон т.б.).
  3. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғатын жүйелі-іс-әрекеттік түсіндіру.

7.Бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы және ұжым теориялары

  1. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары