Жоспары:
1.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі
Лекцияның мақсаты: Кеңестік әлеуметтік – психологияның даму тарихымен танысу.
Лекцияның мәтіні: Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққанӘл-Фарабибабамызөзінің«Қайырымдықала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».
Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.
XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тәмамдады, этнограф жөне археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог жөне этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.
Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философ-позитивісі Огюст Кант.
Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік — психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы және әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.
Халықтар психологиясы әлеуметтік — психологиялық теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.
Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ М.Лацарус (1824-1893) және тіл маманы Т.Штейнталь (1823-1893). 1859 жылы «Халықтар психологиясы жөне тіл білімі» журналы жарық көрді. «Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары» деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын — тарихтың негізгі күші — халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет — ғұрыпта көрсетуі- деп түйіндеді.
Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В.Вундт (1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық «Халықтар психологаясы» еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы психологиялық процесстер — сөйлеу мен ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мәдениет өнімдерін талдау.
Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым А.А.Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундт және Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда қарастырғанымен, түжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид санасы емес, халық санасында қалыптасқан құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, өзіне тән әдістері бар, психологияның арнаулы саласы болуы қажет.
Қазақстанда осындай көзқарастарды әрі қарай дамытқан этникалық психология мәселелерімен айналысқан, осы ғылымның негізін қалаушылардың бірі саналагын М.Мұқанов.
Әлеуметтік — психологиялық теорияның екінші формасы бұқара, көпшілік психологиясы. Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның өзара қатынасы қарастырылады.
Үшінші, әлеуметтік — психологиялық көзқарастар жүйесіне әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы жатады. Бүл теорияны ұсынған ағылшын психологы В.Макдугалл (әлеуметтік психологияның негізін қалаушылардың бірі), оның негізгі тезисі — әлеуметтік мінез-құлықтың түпкілікті себебі адамдардағы туа біткен инстинкттер дегенге саяды. Мақдугалл жеті пар инстинкттерді және олармен қосарласа жүретін эмоцияларды бөліп көрсетті. Оның идеяларының өте танымал болғанына қарамастан әлеуметтік мінез-құлықтың бір мақсатқа («гормэ» -ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана (санадан тыс) деген идеясы психология ғылымыныңтарихындатеріс әсерінтигізді.
Инстинктер теориясының бұл идеясы салдарларын жеңу ғылыми әлеуметтік психологияның қалыптасуының маңызды кезеңіне айналды. Аталмыш көзқарастардың бәрінде де эксперименттік зерттеулердің жеткіліксіздігі көзге ұрады. Дегенмен де «әлеуметтік психология» дербес пән деген ұсыныс жасалды, енді оның эксперименттік базасын тұрғызу қажет еді.
Әлеуметтік психологияның эксперименттік кезеңіне өтпестен бұрын, алдымен оның теориялық негіздерін қарастырған Маркстің дүниетанымына тоқтала кетейік. Бүл дүниетаным XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. К.Маркстің «Капитал» еңбегін Дж.Болдуин жеке-даралық жөне қоғамдық сананың арақатынасында түбегейлі өзгерістер тудырған еңбектердің бірі, — деп атап көрсеткен.
Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік — психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.
Бүл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретіңде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік — психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның «Авторитарлы жеке түлға» еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).
Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.
Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.
Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі — жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) — бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).
Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.
Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймея, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда «өзара әсерлесу» ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.
Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.
Бақылау сұрақтары:
1.Кеңестік әлеуметтік – психологияның даму тарихы
2.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі
- Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде